Департаментте «Нецах Йегуда» сарбаздары Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Палестина арабтарының құқықтарын бұзған деген мәлімет бар. Бұл туралы Axios сайты өз дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.
«Нецах Йегуда» батальонында әсіредіншіл қауымдастықтан шыққан Израиль азаматтары қызмет атқарады. Санкция салынса, олар америкалық көмектен қағылады немесе АҚШ нұсқаушылары оларды жаттықтыруды доғарады.
Axios сөйлескен адамдардың айтуынша, АҚШ мемлекеттік департаментінің арнайы комиссиясы батальон қызметін тексергеннен кейін осындай шешім қабылданған. 2022 жылдың аяғында палестиналықтарға зорлық-зомбылық жасауға израильдік жауынгерлердің қатысы бар деген хабар тарағаннан кейін тексеру басталған.