Астана. 26 желтоқсан. BM.KZ – Үш қазақстандық АҚШ-тағы «ең сорақы қылмыскерлердің» («worst of the worst») тізіміне енді. Бұл туралы ақпарат АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің дерекқорында көрсетілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Посткеңестік елдерден шыққан мигрант-қылмыскерлердің осы антирейтингінде 27 украиналық, 18 ресейлік, 22 Армения азаматы, Грузияның екі азаматы және Беларусьтің екі азаматы бар.
Тізімде көрсетілген адамдардың басым бөлігі — Латын Америкасы елдерінің азаматтары. Мысалы, дерекқорда бірнеше мың мексикалық бар.
