«Ақша да жоқ, мал да жоқ»: шетел компаниялары қазақ фермерлерін қалай «лақтырды»
Мәжілісте шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері талқыланған. Отырыста сөз алған төменгі палатаның аграрлық комитетінің мүшесі Нұржан Әшімбетов Қазақстанның фермерлерін алдап кететін инвесторлар жайлы сөз қозғады.
«Бізде осыдан бірнеше жыл бұрын ет шаруашылығын дамыту бағдарламасы іске қосылып, сол бағытта мемлекеттен көп қаражат бөлінді. Сол бағдарлама шеңберінде шетелден асыл тұқымды ірі қараны әкелу жоспарланған. Кейбір шаруашылықтар жақсы жұмыс істеді-ақ, бірақ 2020 жылы Ресейдің Татарстанынан «Комагро» деген компания біздің ауыл шаруашылығы министрлігіне келіп, фермерлерді жинап, асыл тұқымды малды әкелеміз деп уәде берді. Фермерлер алдын ала төлем жасаған. Енді содан бері фермерлер ақшасын қайтара алмай жүр. Себебі компания жабылып қалған. Ақша сонымен кетті, – дейді депутат.