Ақтауда әскери қызметкер өзіне қол жұмсады 39 жастағы сержанттың мәйіті 28 қыркүйекте өз үйінен табылған.
«Әскери қызметкер бір жылға жуық уақыт декреттік демалыста болған. Алдын ала ақпарат бойынша әскери қызметкердің өзіне қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал негіз болған», — деп хабарлады Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.