2024 жылғы 1 сәуірде Ақтау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғынды ұстады, — делінген ҰҚК хабарында.
Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикал діни идеологияны ұстанушы екені айтылады.
Оның тұрғылықты жерінде тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды, — деді ҰҚК.