Ақтөбе облысында жаңбыр жауып, қарғын су тез еріп жатыр. Әрі ауа райы жылы. Қазіргі кезде кейбір ауданда тасқын қаупі сейілсе, кейбірінде күшейе түсті.
Сонымен бірге Мәртөк ауданы Сарыжарда қарғын су қауіп төндіріп, түнде 30 адам эвакуацияланған. Олар эвакуациялық пунктке емес, туыстарының үйіне орналастырылды. Мұндай жұмыс Шалқар ауданында да атқарылды.
Жалпы Ақтөбе облысы бойынша барлығы 230 адам эвакуацияланды. Сонымен бірге 32 мүйізді ірі қара да эвакуацияланды.