Ол принтер арқылы өзінің QR-кодын шығарып, автобустың әйнегіне жабыстырып қойған. Осылайша жолаушылардың жол ақысы жігіттің шотына түсіп отырған. Бір сағаттың ішінде қанша шығын келтірілгенін полицейлер анықтап жатыр.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті мұндай құқықбұзушылық қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.