Астана маңындағы әскери техникалар: Қорғаныс министрлігі азаматтарға үндеу жасады Ведомство ақпаратынша, 13 наурызда Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Астана маңындағы белгіленген аудандарға жауынгерлік техникамен марш жасайды. «Аталған уақыт аралығында елорданың маңында, сондай-ақ Қарағанды трассасында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік құралдары қозғалысының уақытша шектеулері енгізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және тыныштықты сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», — делінген хабарда.
Трендте
- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады