Астана. 25 тамыз. BM.KZ — Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларға қарағанда, автобус қала ішіндегі бағыттарда жұмыс істемеген.
Оқиға Қабанбай батыр даңғылында болған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығы 14 жолаушы зардап шеккен. Олар көпбейінді стационарларға және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген.
Зардап шеккеннің барлығы қабылдау бөлімінде салалық мамандардың тексеруінен өткен. Бір бөлігіне амбулаторлық ем тағайындалған. Қалғандары қосымша тексерістен өтіп жатыр. Көбі жеңіл жарақат алған.
Қазір Астана қалалық полиция департаменті жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кіріскен.
