Астана. 8 желтоқсан. BM.KZ — Елордада Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде жеке тұрған бір қабатты дәмхана өртеніп, салдарынан жүк көлігіне де зақым келді.
Ведомство мәліметінше, 112-ге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
— Нақтыланған мәліметтер бойынша, Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде жеке тұрған бір қабатты дәмхана мен сыртқы қаптамасы өртенген. Жылу әсерінен жанында тұрған жүк автокөлігіне зақым келді, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын елорданың Байқоңыр ауданында бір қабатты павильон өртеніп жатқанын жазғанбыз.
