Астана. 3 қыркүйек. BM.KZ – Астанадағы апелляциялық сот бұрынғы Мәдениет вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты үкімді күшінде қалдырды. Ол қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп танылып, үш жылға колонияға қамалды, деп хабарлайды ZTB.
Сонымен қатар SUCCESS K агенттігінің бас директоры Ләззат Көкқозоваға да алғашқы сот инстанциясы тағайындаған жаза өзгеріссіз қалды. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске сала кетейік, Ерлан Қожағапанов 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыру бойынша келісімшарт жасасуда жеке компания мүддесін қорғағаны үшін кінәлі деп танылған еді.
