Астана уақыты бойынша 10 наурыз күні таңертең UFC 299 турнирінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев (18-2) мен америкалық Си Джей Вергара (12-4-1) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақта бақ сынап жүрген қазақ спортшысы үш раундтық шайқаста төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Жекпе-жектің басынан аяғына дейін Асу қарсыласына мүмкіндік бермей, тік аяқты төбелесте де, партерде де Вергарадан басым болды.
Осылайша, 30 жастағы Жамбыл облысының тумасы әлемнің үздік ұйымындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Мансабындағы он тоғызыншы ұтысын тіркеді. Соңғы рет қарсыласқа 2017 жылы есе жіберген болатын.