Астана. 23 қаңтар. BM.KZ – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде палата президиумының жаңа төрағасы сайланды.
Бұл қызметті 2025 жылдың қыркүйегінде ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылған Қанат Шарлапаев атқаратын болды.
2022 жылдан бері палата президиумының төрағасы қызметін Райымбек Баталов атқарып келді.
