Атырауда қарақұрт шаққан 13 адам ауруханаға түскен
«Науқастардың 4-еуі аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылып, толықтай ем-дом шарасын алды. Ал, 9 адамға қарақұртқа қарсы екпе салынып, амбулаториялық ем алуға жіберілді. Облыстық балалар ауруханасына 3 бала түсті.
Оның ішінде 2 бала жансақтау бөліміне жатқызылып, дәрігерлердің бақылауында болды», — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Қазір балалар үйіне шығарылды. Бір балаға қарақұртқа қарсы екпе салынған.