Облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі штабының хабарлауынша 18 сәуірде бір топ адам Жайық жағасында су тасқынына дайындалған бөгеттердегі құм салынған қаптарды ұрлап кетіпті.
Нәтижесінде 42, 32, 37, 38 жастағы ер адамдар мен 34 жастағы әйел ұсталды. Олар қаптармен үйді қоршамақ болыпты. Енді ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.