• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Australian Open: Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жартылай финалға шықты

Australian Open: Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жартылай финалға шықты

30 января, 2026 Жаңалықтар
Фото: ҚТФ

Астана. 30 қаңтар. BM.KZ – Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Kazinform.

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орында тұрған Заңғар турнирдің 8-ракеткасы болып тіркелген.

Ол ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонға қарсы келді. Бірінші партияда гонконгтық теннисші 6:3 есебімен басымдық танытты. Тайталасқа толы матчта екінші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте қарымта қайырды – 7:6 (7:4).

Шешуші, үшінші партияда есеп 3:1 болған мезетте Томпсон доп бергенде, Заңғар аяғынан жарақат алып қалды. Ақсаңдап әзер жүрсе де, ол брейк жасай алды – 4:1. Бірақ келесіде өз геймін беріп қойды – 4:2. Дегенмен матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Екі сағат 50 минутқа созылған тартысты бәсекеде Заңғар 3 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Томпсон 4 эйс, 4 брейкпен (12 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Заңғар Нұрланұлы спорттық жолында алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты.

Оның келесі қарсыласы кейін белгілі болады. З.Нұрланұлы өткен жылы жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан тұңғыш рет АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына дейін жеткен еді.

— Бүгін осындай матчта жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Келесі ойынға дейін жарақатымды емдеп, қалпыма келуге тырысамын. Жартылай финалға шығып, бір мақсатымды орындадым. Енді Аустралия чемпионатында титул алғым келеді, — деді Қазақстанның жас жұлдызы бәсекеден соң.

Заңғар Нұрланұлы спорт теннис

Оқылып жатыр

Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде тыйым салынған «күлкі газын» сатып келген

Жұма күні елдегі қай жолдар жабық

Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024840 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде тыйым салынған «күлкі газын» сатып келген

Жаңалықтар 30 января, 2026

Астана. 30 қаңтар. BM.KZ – Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында күшті әсер…

Жұма күні елдегі қай жолдар жабық

30 января, 2026

Australian Open: Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жартылай финалға шықты

30 января, 2026

Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді

29 января, 2026

Анна Данилина жұптық сында финалға жолдама алды — Australian Open

29 января, 2026

Астанада жол апатынан екі адам көз жұмды – қылмыстық іс қозғалды

29 января, 2026

Жаңаөзенде ер адам дәрігерді пышақтап өлтірді

29 января, 2026

Қандай мамандық иелері ең жоғары жалақыны алады

29 января, 2026

Шымкентте әйел адам пышақ жарақатынан мерт болды

29 января, 2026

Скляр Теңіздегі өртке байланысты алаңдаушылық білдірді

29 января, 2026

Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды

29 января, 2026

Руслан Желдібай қызметінен босатылды

29 января, 2026

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы түрмеге тоғытылды

29 января, 2026

Алматыда 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

29 января, 2026

Астанада қызылшамен ауырған балалардың басым бөлігі вакцина алмаған

29 января, 2026

Елордалық оқушыларға «Заң мен тәртіп» қағидаты түсіндірілді

28 января, 2026

ІІМ: Шетел азаматтарының заңсыз келуін ұйымдастырған адамдар қамауға алынды

28 января, 2026

Қызылордада мемлекет қорғауындағы ағаштарды заңсыз кескен күдіктілер ұсталды

28 января, 2026

«Сақиналар әміршісіне» жауап: Қазақстан фэнтези жанрында фильм шығарады

28 января, 2026

Тоқаев: Қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару жағдайлары да азаймай тұр

28 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.