Автор: asylbek

Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды. Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады. Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас…

Толығырақ

Премьер министр Олжас Бектен осы аптаның соңына дейін су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың мүліктеріне бағалау жүргізуді тапсырды «Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын. Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек», — деді Олжас Бектен. Бұған дейін Қанат Бозымбаевта су тасқынынан зардап шеккендерге залалды өтеу өтеу процесі жүріп жатқанын мәлімдеген Оның айтуы бойынша бүгінгі күнге дейін 30.000-нан астам отбасы 100 АЕК көлемінде төлем алған Арнайы BAIMedia үшін Айгүл Тәңірберген, ЕҰУ студенті

Толығырақ

ҰБТ оқушының соры ма? Әлде керісінше шыныменде барлық 11 жылдық білімнің қорытындысы ма? 25 мамыр артта, оқушылардың алдында үлкен маңызды сынақ ҰБТ тұр. 11 жылдық білімді 1 сынақпен тексеру 2004 жылдан бастау алып, жыл сайын бір өзгеріспен жандануда. Айта кетейік, соңғы 2 жылда ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыруға мүмкіндік берілген. Ұлттық тестілеу орталығының мәлімінше, биыл негізгі ҰБТ-ны 30 000-нан астам талапкер тапсырмақ. Оның ішінде 69%-ы қазақ тілінде, 31%-ы орыс тілінде 40 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға тілек білдірген. Тестілеу 12 шілдеге дейін созылады. Тестілеу қаншалық шынай өтеді? Барлық 11 жылдық білім, әр жылда 10-нан астам пән 1 баланың басында қала ма?…

Толығырақ

Криптовалюта – соңғы 5-10 жылдық та әлемдік экономика мен қаржы жүйесінің ажырамас бөлігіне айналған құбылыс. Оның ықпалы халықаралық деңгейде сезіледі. Жетекші орын алуға ұмтылатын Қазақстанда да криптоиндустрия белгілері бар.  Бұл мақалада әлемдік криптовалютаның дамуын және оның Қазақстан үшін маңыздылығын талқылаймыз. Криптовалюта 2008 жылы биткоиннің пайда болуымен, үкімет бақылауынан босатылған төлем жүйесі ретінде қалыптасты. Криптоактивтер – цифрлы валюта, қолға ұстауға болмайтын, айналымда жүрген қаржы. Оның табиғаты – бірер мезетте бүкіл әлемде транзакцияланып үлгереді. «Биткоин төңкерісі» немесе криптовалюталар феномені әлемдік қаржы жүйесіндегі экономикалық қатынастарды түбегейлі өзгертті. Кез келген бизнес сияқты, оны бастау үшін де айналымда қар­жы болуы қажет. Bitcoin Revolution арқылы пайда…

Толығырақ

Дүйсенбі, 27 мамыр күні Армения астанасы Ереванда және елдің басқа да елді мекендерінде шеру өтті. Елдің қазіргі премьер-министрі Никол Пашинянға қарсы наразылықтарын танытты. Халықтың қалауы Армения шекарасындағы жерлердің Әзірбайжанға берілмеуі. Билік партиясы «мемлекеттік төңкеріс» орын алатынын болжап отыр. Наразылықтың әсерінен Армения мен Әзірбайжанның сыртқы істер министрлері бейбіт келісімнің негізгі мәселелері бойынша келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанда кездесті. Kunsuygen ЕҰУ студенті

Толығырақ

Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап 2024 жылдың соңына дейін темекі үшін ең төменгі баға —  820 теңге. Ол сүзгісі бар, сүзгісіз 20 темекіге, темекіге, сигариллаға және жылытылатын темекі түрлеріне қатысты.  Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі бағаны 870 теңгеге дейін көтермек. Тиісті бұйрық жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға жіберіледі. Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстанда бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 770 теңгені құрайды. Темекі шегу денсаулыққа зиян екенін есте сақтаңыз! Kunsuygen🦎

Толығырақ

Қарағанды өңірі тарихта талай өзгерістерге ұшыраған, бүкіл Кеңес Одағын көмірмен және басқа да кең байлықтарымен қамтып келе жатқан өңір. Осы өңірде сонау жас шағында 1993 жылдары «Ақыт қажы» мешітін ашып, медресе оқып діни білім алған, ақ көңіл Керейдің баласы, Оспан батырдың ұрпағы Жанарбек Мамбарұлы деген азамат тұрады. Жасынан мемлекетшіл, отаншыл азамат әр ісін елдің ертеңі, дамуына арнап келеді. 30 жылға жуық Абайды Монғолия мен Қытай қазақтарына танытқан ақын, ғұлама, ойшыл атамыз Ақыттың атындағы мешітті ұстап келе жатқан ерлігінің өзі неге жатады. Жамағаты қалыптасып, елге сыйлы, қоғамға құрметті Жәкең 2019 жылы бүкіл Керейдің басын қосып, «Керей молқы» халықаралық қайырымдылық қорын…

Толығырақ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК ӘЛ ҮСТІНДЕ ЖАТЫП, НЕГЕ ТЕГІНЕН «ОВ»-ты АЛҒЫЗЫП ТАСТАДЫ?! БОСТАН АТ ТУРАЛЫ ҮГІТ БОСҚА КЕТПЕПТІ! Өткенде 10 мамырда Алматы қаласына барып қалғанда, керемет бір жетістікке куә болдым. Наурызбай ауданындағы Қалқаман ықшамауданындағы #206 мектеп-гимназияда оқитын немерем Иманғали Қазыбек Әзіретұлы 1-ші сыныпты бітірушілердің суретіне түскендерін көрсетті. Бұны біздің кезімізде “виньетка” деуші еді… Балдырғандардың бал-бұл жанған бақытты жүздеріне қарап отырып, аты-жөндерін оқып, тектерінің, фамилияларының қалай жазылатынына қарайтын әдетіммен шолып шықтым. Бірден көзім жарқ ете қалды қуаныштан!!! Мектептегі бір ғана сыныптағы 28 баланың барлығы дерлік, 27-сінің тегінде құлдық жалғау “ов” пен “ова” жоқ екен! Бірінші сынып бітірушілердің 99,9 пайызының фамилиялары ұлттық негізде жазылған!…

Толығырақ

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарған Ақан Әкімжановты марапаттады Оның ата-анасымен кездесіп, алғысын айтты. Ақан өзінің жылдамдығымен және батылдығымен ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. «Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр! Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде!», – деді әкім. Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйға берілді. Болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетілмек.

Толығырақ

Семейде көшені жарықтандыру мәселесі төңірегінде тағы да дау шықты. Жергілікті қоғам белсенділері «орнатылған шамның көбі адам өміріне қауіпті» десе, әкімдіктегілер «ақаудың бәрін түзеттік, қорқатын дәнеңе жоқ» деп отыр. Бағаналар бірер ай бұрын ғана пайдалануға берілгеніне қарамастан, бетоннан құйылған іргетасы үгіле бастапты. Жергілікті тұрғындар «іргетасын желтоқсанда құйғандықтан дұрыс қатпаған» деп отыр. Оның үстіне кей жерлерін тат басқан, кейбір бағаналардың қалқаны жоқ, сымы сыртқа шығып жатыр. Бейбітшілік аралына жаңа бағаналары мен шамдар «Көше шамдарын кезекті жөндеу жұмысы» деп аталатын тендер аясында орнатылған. Бұл қызмет құны жалпы сомасы 742,8 млн теңгеге шыққан. Қосымша құн салығын қосқанда, 800 млн теңге.

Толығырақ