- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: asylbek
Мемлекеттік айыптаушы зорлау фактісі бойынша айыпталған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысын 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz. от отырысында прокурор сотталушы Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 2024 жылдың ақпан айында Талдықорған қалалық ІІБ-нің бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген еді. Сот отырыстары жабық есік жағдайында өтті. Аталған іс Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі, 5-тармағы (Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау) бойынша қаралды. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған еді. Кейін жәбірленушінің адвокаты оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, 2023…
Негізгі ҰБТ-ға өтініштер 6-14 мамыр аралығында қабылданады. Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін өтеді. Ал төтенше жағдай режимі енгізілген 6 өңір (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) түлектері құжаттарын 20 мамырға дейін тапсыра алады, олар үшін ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі, деп жазады Egemen.kz. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2024 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Еске сала кетейік, ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. Бұл…
Ішкі істер министрлігі су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан азаматтар жауапкершілікке тартылатынын еске салды. ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, күрделі су тасқыны жағдайына байланысты ТЖ режимі жарияланған сәттен бастап жалған ақпарат таратқаны үшін Маңғыстау және Қостанай облыстарында екі қылмыстық іс қозғалған. Екі факт бойынша психологиялық-филологиялық және фонетикалық сараптама жүргізуге қаулы шығарылды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 13 факт анықталды. Мәселен, 14 сәуірде Атырау облысының тұрғыны WhatsApp-та өңірдегі су тасқыны жағдайы нашарлап, Атырау облысын су басу қаупі төніп тұрғаны туралы аудиожазба таратып, нәтижесінде ӘҚБтК-нің 456-2-бабы 3-бөлігі (жалған ақпарат тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл 10 АЕК – 36 920 теңгені құрады.…
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру аясында «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі құрылды. Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды. ➤ Жаңа қызмет жер асты суларының кен орындары мен учаскелеріне, сондай-ақ су жинағыш гидрогеологиялық ұңғымаларына толық түгендеу жүргізеді деп жоспарлануда. Соның нәтижесінде пайдалану қорлары мемлекеттік балансқа енгізілген 4300-ден астам зерттелген жер асты суларының кен орындары мен учаскелерін қамтитын ауқымды деректер базасы құрылуға тиіс. ➤ Сонымен қатар «Қазгидрогеология» жер асты сулары мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізе отырып, гидрогеологиялық саланы кешенді цифрландырумен айналысады. ➤ Жаңа қызмет аясында Қазақстанның су тапшылығы бар өңірлерінде жер асты су ресурстарының…
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен көкөністер бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды. Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі үш апта қатарынан төмендеп келеді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасы, пияз, күнбағыс майы, ұн және басқа да өнімдер бойынша байқалып отыр. ➤ Маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының анағұрлым ауытқуына жол бермеу үшін Үкімет Өзбекстан және Тәжікстан жеткізушілерімен тікелей келісімшарт жасау мүмкіндіктерін алдын ала пысықтады. Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымы – «QazTrade» АҚ өзбек және тәжік серіктестерімен тиісті шарттарға қол қойды. Көкөністер Қазақстан нарығына «жасыл дәліз» арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімдірек бағамен жеткізілетін болады.…
Бұған дейін еліміздегі су тасқынына байланысты соңғы қоңырау салтанаты өткізілмейтін болған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті. «Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын қатаң ескертемін. Осыған орай оқу бағдарламасын жыл бойына табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам оқушы келесі сыныптарға көшірілсін. Мектептің 1-10 сынып оқушыларына «Білімім Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағатын өткізу 24 мамыр жұма күніне жоспарлансын. Бұл былтырғы жылдың қыркүйек айында енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Әріптестеріміздің ұсынысы бойынша елімізде мамыр айында «Ынтымақ айы» айлығын өткізу жоспарланған. Оның аясында «Таза Қазақстан», «Игі істер», «Каникулда кітап оқиық» және басқа шаралар қарастырылған. Сонымен қатар, еліміздегі…
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС қызметіне тергеу жүргізді. Нәтижесінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы сұйытылған мұнай газы нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланудан тұратын бәсекелестікті қорғау туралы Заңнаманы бұзу анықталды.
Биыл сәуірде Қазақстан Қашаған мұнай кен орнын игеруші халықаралық мұнай компанияларына арбитраж шағымдарын ұлғайтып, жоғалған пайданың орнын толтыруды талап етті. Бұған дейін ел үкіметі шамамен 16,5 миллиард долларды өндіріп алмақшы болған еді. Кейін сома күрт өзгерді – 138 миллиард долларға артты. Неліктен бұл сома ұлғайғанын мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Смайыловтан сұрадық. Маман Kazinform тілшісіне халықаралық даудың нәтижесі қалай болуы мүмкін екенін айтып берді. – Асқар Тыныбекұлы, бұл сот бұрыннан жүріп жатқанын білеміз. Талап сомасын 150 миллиард долларға дейін көтерудің астарында не жатыр? Осыған қатысты сіздің пікіріңізді білгіміз келеді. – Бастапқы 15 миллиард долларды бірнеше талаппен түсіндіруге болады. Біріншісі –қоршаған орта, екіншісі…
Мемлекет басшысы Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пенді қабылдады. Президент бүгінде Қазақстанда 140 сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін, олардың ел экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асқанын атап өтті. Сеа Киань Пен қонақжайлық танытқан Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, екі елдің ынтымақтастығын тереңдету үшін мол әлеует бар екенін айтты.