- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
Шымкентте қала әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты сот процесі жалғасуда. Бүгін куәгер ретінде Шымкент қаласы ҰҚК департаменті басшысының экс-орынбасары М. Сарбасовтың сөзі тыңдалып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Оtyrar.kz сот талқылауы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатқанын жазды. Не болды Айта кетейік, Мақсұт Исахов М. Сарбасовқа аса ірі көлемде пара бермек болды деген күдікке ілінген еді. Бізге «Старт Строй» өкілі келіп өзінің арызын жеткізді. Бұған дейін оның ісін Антикор бірнеше рет қабылдамаған екен. Сондықтан бізге келіп жүгінген. Кәсіпкердің арызын қабылдап алып, тиісті аппаратқа жібергенбіз. Ал Исаховпен жұмыс барысында бірнеше рет кездескенбіз. Ал соңғы кезде арадағы адамдар арқылы кездескенбіз, – деді…
2022 жылы жедел-тергеу іздестіру іс-шаралары барысында «Қазтеміртранс» АҚ филиалының лауазымды адамдары мен жүк жөнелтушілердің қатысуымен сыбайлас жемқорлық схемасы анықталды, олар 2019-2022жж. кезеңінде жүктерді тасымалдау үшін қажетті вагондар тапшылығы жағдайында жүк жөнелтушілер мен олардың өкілдерінен жүк тасымалдауға арналған вагондарды кедергісіз бергені үшін жүйелі түрде пара алған. А.ж. 18 наурызында қылмыстық іс сотта қаралды. Үкіммен «Қазтеміртранс» АҚ-ның 4 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандары бойынша, атап айтқанда пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Үшеуі әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып, олардың біреуі қайтыс болуына байланысты жазадан босатылды. 16 пара беруші жүк- жөнелтуші-кәсіпкерлер де сотпен кінәлі деп танылды, 15 кәсіпкер шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, өйткені олар пара беру түрінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандары туралы өз кінәларын толық мойындады, қылмыстың ашылуына ықпал етті және жасаған істеріне өкінді. Кінәні мойындамаған…
Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров айтып берді. Қалада 2,2 млн адамға 636 мыңнан астам көлік тіркелген. Көліктердің тәуліктік ағыны орташа есеппен қаладан тыс тіркелген 500 мыңға жуық көлік бар. Егер елімізде 5 миллионға жуық көлік тіркелген болса, олардың әрбір бесіншісі немесе 20 пайызы Алматыда жүреді екен.
Шымкентте наурыз мерекесінің қарсаңында жетім балаларға, мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек беріледі. Наурыз мерекесіне орай, 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек беріліп жатыр, — делінген хабарламада.
Қазақстан Қытайда шығарылатын, әлі клиникалық сынақтан өтпеген инсулинді сатып алған Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова мәлімдеді. Депутаттың айтуынша, Қазақстанда 2014 жылы еуропалық инсулин тіркелген, ол бір жастан асқан балаға алуға болатын жалғыз инсулин. Былтыр оны тегін медициналық көмек ретінде берілетін, кепілдендірілген дәрі-дәрмек қатарына қосқан, бірақ пациенттер оны «белгісіз себептермен ала алмай отыр». Қазақстан денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қытайлық инсулиннің алғашқы партиясы былтыр сатып алынғанын айтты. «Бір жыл ішінде халықтан ешқандай шағым түскен жоқ. Балалар осыған дейін қолданып келе жатқан инсулинді бұдан кейін де алады» деді министр.
1) Қарғалы ауылы (Алматы облысы); 2) Өтеген батыр ауылы (Алматы облысы); 3) Боралдай ауылы (Алматы облысы); 4) Ұзынағаш ауылы (Алматы облысы); 5) Сарыкемер ауылы (Жамбыл облысы); 6) Қордай ауылы (Жамбыл облысы); 7) Жаңакорған (Қызылорда облысы); 8) Шиелі кенті (Қызылорда облысы); 9) Әйтеке би ауылы (Қызылорда облысы); 10) Қызылтөбе ауылы (Маңғыстау облысы); 11) Атамекен ауылы (Маңғыстау облысы); 12) Маңғыстау ауылы (Маңғыстау облысы); 13) Басқұдық ауылы (Маңғыстау облысы); 14) Рахат ауылы Маңғыстау облысы(); 15) Бейнеу ауылы (Маңғыстау облысы); 16) Манкент ауылы (Түркістан облысы); 17) Ақсукент ауылы (Түркістан облысы); 18) Қарабулақ ауылы (Түркістан облысы).
Еліміздің түкпір-түкпірінде 1 ақпаннан бері #Әншуақ балалар әндерінің челленджі өтіп жатыр. Бүгінгі таңда балалар орындаған әндер 7 миллионнан астам қаралым жинады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту вице-министрі білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы туралы айтты. «Биыл елімізде алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалі өтеді. Бұл шаранының «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» тұжырымдамасына енгізілген дәстүрлі тарихи, рухани, мәдени құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тұрақты адамгершілік сенімдерге тәрбиелеуге бағытталуы оны бірегей өтеді. Отанға деген мақтаныш сезімін оятуға бағытталған фестивальге қазірдің өзінде үлкен қызығушылық туындағанын байқауға болады. Бір жарым айдың ішінде 10 мыңға жуық оқушы фестивальге қатысуға ниет білдіріп, #Әншуақ хэштегі арқылы бейнероликтер жариялады»,…
Елшілік құндылықты дамыту және отандық өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Мұнай-газ машиналарын жасауды дамытудың халықаралық орталығы» ЗТБ-ның елдегі мұнай-газ машиналарын жасауды дамытуға арналған жыл сайынғы Форумы және үш Оператордың: «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.», «Карашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» сатып алынатын мұнай-газ жабдықтарының тауарларын көрсету үшін Жәрмеңкесі (Ашық есіктер күні) өтетінін хабарлайды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар, «PSA» ЖШС, Операторлар, IMB Орталық, «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ, отандық тауар өндірушілер өкілдері, сондай-ақ мамандандырылған бірлестіктер мен даму институттарының өкілдері қатысады. Іс-шара 2024 жылғы 8 сәуір мен 12 сәуір…
Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сейсенбіде өзінің әріптесі-Әзірбайжанның Энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен кездесу өткізді. Кездесу Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысының қорытындысы бойынша өтті. Кездесу барысында тараптар елдердің энергетика, қазақстандық мұнай транзиті, жаңартылатын энергия көздерінің ауқымды жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастығына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылдың қараша айында «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) және SOCAR компаниялары арасында Ақтау-Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша мұнай транзиті туралы келісімге қол қойылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан мұнай жөнелту Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында 1 057 мың тоннаны құрады. 2024 жылға қазақстандық мұнайды БТД арқылы жылына 1,5 млн. тонна көлемінде…
Ресейде соғыс басталғанда, бірқатар млрдерлер Ресейден кетті. Көбі уақытша, ал кейбірі біржолата кетіп, басқа елдің азаматтығын алды. Солардың бірі Турлов болатын. Ол қазір Қазақстан азаматы. Ресейден кетіп, бізге келіп, капитал салуда. Бірақ Ресейде сол Турловқа қысым артқан сыңайлы. Нижегород обласының соты Турловтың 18,95 млн еуро тұратын мүлкі мен 2,05 млн долларын бұғаттап тастапты. Бұны Ресейден активтерін шығарғаны үшін жасаған дейді ақпарат көздері. «Бұл нағыз абсурд жағдай және бұл жағдайды біз құқықтық негізде шешуге тырысамыз. Біл іс жайлы менің өзім өткен аптада БАҚ беттерінен білдім. БАҚ-та жазылып жатқан ресейлік банкке қатысым жоқ. Қандай жағдай болса да, бұл біздің халықаралық деңгейдегі…