- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: asylbek
Белгілі ғалым, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты «Індеттік аурулардың профилактикасы» зертханасының профессоры Жайлаубай Қыдырбаев өмірден өтті. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтынан мәлім етті. 2024 жылғы 27 сәуірде, 77-ге қараған шағында елдегі вирусология, эпизоотология, патологиялық анатомия салаларына және вакцина препараттарын өндіруді ұйымдастыруға, үй құстары мен ауыл шаруашылығы жануарларының қауіпті вирустық ауруларына қарсы күреске зор үлес қосқан көрнекті ғалым, профессор Қыдырбаев Жайлаубай Қыдырбайұлы қайтыс болды. «Институт ұжымы «Індеттік аурулардың профилактикасы» зертханасының профессоры Қыдырбаев Жайлаубай Қыдырбайұлының қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтады», — делінген қаралы хабар мәтінінде. Өмірі ғылым мен ұстаздыққа арнаған Ж.Қыдырбаев 1996 жылдан бастап биологиялық…
Қазақстанда мыс өндіру көлемі екі есе артады. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті. «Биылғы бірінші тоқсандағы қорытынды бойынша металлургия өнеркәсібінде өндірістің өсуі 4,3 пайызды құрады. Жыл соңына дейін болат өңдеу кәсіпорындарының («Qarmet» АҚ), «КСП Стил» ЖШС, «Shymkent Temir» ЖШС, «Ferrum Vtor» ЖШС, «Казферросталь» ЖШС, «Forever Flourishing (Middle Asia) Pty LTD» ЖШС) өнім көлемін 4 млн тоннаға дейін ұлғайту (3,923 — дан 4 млн тоннаға дейін), тегіс прокат өндірісін 2,6 млн тоннаға дейін (2,456 — дан 2,550 млн. тоннаға дейін) және шойын өндірісін 3 млн тоннаға дейін (2,865 до 2,950 млн. тоннаға дейін) өсіру жоспарланған», -…
28 сәуірден бастап Ресейдің кей өңірлерінде жанармай тапшылығы басталды. Алыпсатарлар тарапынан жанармайды сатпай, өзінде жинай бастау әрекеттері де байқалған. Біршама мұнай өңдеу қуаттары істен шыққаннан кейін, губернаторлар Кремльге шағым айтып, дабыл қағуда. Бұл туралы DALA INSIDE жазды, деп хабарлайды alashorda.kz сайты. Бүгінде Украинаның негізгі нысаны – Ресейдің мұнай өңдеу зауыттары. DALA INSIDE дереккөзі бойынша, Қауіпсіздік кеңесінің болжамы көңіл көншітпейді. Енді Киев гибридті соққы — яғни ракеталар мен дрондарды араластырып соққы бере алады. Оған мұнай өңдеу зауыттарын жауып тұрған әуе қорғанысының шамасы жетпеуі мүмкін. “Осы орайда Кремль ішкі дефицитті болдырмас үшін жанталаса жол іздеуде. Басты идея — көршілес ЕАЭС елдерінде Ресейге…
Eurasianet басылымы Орталық Азия елдері сауда кедергілерін жойып, аймақта бірыңғай нарықты қалыптастырудың алғышарттарын жасап жатқанына назар аударды, деп жазады Азаттық радиосы. Бірақ Кремль бұған алаңдаулы, себебі Орталық Азиядағы еркін сауда Ресейді айналып өтетін коммерциялық байланысты күшейтеді. АҚШ қолдауымен іске асып жатқан B5+1 форматының мақсаты − аймақта тауар мен қызметтің еркін қозғалысына жол ашатын бірыңғай нарық құру. Business 5+1 – АҚШ пен Орталық Азия елдерінің бизнес-қауымдастығы мен үкіметтері арасындағы диалог алаңы. Бұл форматтағы алғашқы форум наурызда Алматыда өтті. B5+1 аймақта кеден процедурасын жеңілдетіп, коммерциялық дауларды реттеу мен меншік құқығын қорғайтын механизмдерді дамытуды көздейді, бұл көбірек инвестиция тартуға және Батыспен тауар айналымын арттыруға…
Қазір елдің назары экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына ауып отыр. Себебі Салтанат Нүкенованың ауыр жағдайда қайтыс болуы қоғамды дүр сілкіндірді. Кезінде Қуандық Бишімбаевтың атасы Қозыке Бишімбаев Совет үкіметі кезінде тергеуші болып, аты-шулы істерді қараған екен. Чекистен зардап шеккеннің ұрпағы Байназар Бисұлтанов 2019 жылы қыркүйек айында «Жас Алаш» газетінде аталған тұлғаның жазықсыз 20 адамды соттағанын жазады. Егер мақаладағы дерек рас болса, «Атасының істеген ісі ұрпағының алдынан келген бе?» деп ойлайсыз. *** Көңілге күдік тудырмас құжаттардың көшірмесімен редакциямызға келген осы мақаланы жариялауда көп ойландық. Редакция қызметкерлерінің пікірі де бір жерден шықпады. Елге есімдері белгілі әулеттің баласы мен немересі әкесі мен атасының ісіне жауапты…
Бүгінде үйде бала тәрбиесімен отырған ата-аналар да, кеңседегі қызметкерлер де, тіпті мектептегі оқушыларға дейін – бәрі бразилиялық сериалдың келесі бөлімін тосқандай апта сайынғы Бишімбаев сотын күтеді. Тек мамандар «процесті мүлдем қарамаңыздар» деп ескертіп жатыр. Олардың айтуынша, оның психологиялық салдары көп. Сот процесі қоғамға қалай әсер етеді және оны қараудың қандай кері жағы бар? Kazinform тілшісі сарапшылардан сұрап көрді. Әлемді «аузына қаратқан» процесс Тек Қазақстанның емес, бірнеше мемлекеттің халқын дүр сілкіндірген экс-министр Қуандық Бишімбаев ісінің соты әлі жалғасып жатыр. Қазақстандықтардан бөлек бұл процесті әлем елдері де тікелей эфирде қарауға қызығып отыр, Қазақстанның Жоғарғы сотына процесті қайта трансляциялау туралы шетелдік БАҚ-тан ұсыныстар түскен. Ведомствоның мәліметінше,…
Степногорде 255 млн теңгені жымқырған банк филиалының директоры мен кассирі сотталды. Олардың әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ақмола облысы соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Степногор қаласындағы екінші деңгейдегі банк бөлімшесінің директоры мен кассирі сөз байласып, банк ақшасын жымқырып, аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірген. «2022 жылдың қараша-желтоқсан айлары ішінде кассир директордың нұсқауы бойынша 1 млн, 3 млн, 8 млн теңге ақша сомаларын банктің қоймасынан алып, директорға тұрақты түрде беріп отырған. Банк директоры ақшаға арналған пакеттер мен сөмкені алдын ала кассирге дайындап, содан кейін оны банк ғимаратынан шығарып отырған. Тексеру актісі көрсеткендей, банк бөлімшесінде жетіспеушілік сомасы 255 млн астам теңге құраған»,…
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары кадрларға қажеттіліктің 2024-2030 жылдарға арналған орта мерзімді болжамын жасады, оның шеңберінде таяудағы жылдары неғұрлым талап етілетін мамандықтардың ТОП-25 тобы айқындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Сенбілік барысында жалпы саны жөке ағашының 430 түп көшеті отырғызылды. 27 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды, деп хабарлайды Malim.kz. Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысты, — делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында. Сенбілік барысында жалпы саны жөке ағашының 430 түп көшеті отырғызылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен әңгімелесу барысында қоғамда экология мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялау маңызды екенін атап өтті. Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру –…
Іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі өз жұмысын бастайды. Ұйымға мүше елдердің өкілдері Астанаға келді, деп хабарлайды Malim.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде өткізілетін іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады, — делінген хабарламада. Сонымен қатар отырысқа Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Қорғаныс министрі шақырылған. Фото: Қорғаныс министрлігі Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз. https://malim.kz/article/politics/syu-ga-muse-memleketterdin-okilderi-astanaga-keldi-21664