Автор: asylbek

Қазақстан үкіметі елде вакцинациялауды бастау үшін адам папилломавирусына (HPV) қарсы вакцина сатып алуға қаражат бөлді. Бұл туралы қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл бастамаға барлығы 9,7 миллиард теңге қарастырылған, ол облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда үшін 351 мың доза вакцина сатып алуға жұмсалады. HPV тудырған жатыр мойны обыры дүние жүзінде ең таралған қатерлі ісіктердің бірі болып табылады, ол барлық жағдайлардың 13,1% құрайды. Жыл сайын шамамен 300 000 әйел бұл ауруға шалдығады. Қазақстанда жатыр мойны обыры әйелдер арасындағы қатерлі ісіктің екінші түрі болып табылады. Жыл сайын шамамен 1,900 жаңа ауру диагнозы қойылады, нәтижесінде 600-ден астам адам қайтыс болады.…

Толығырақ

Қазақстанда шегірткемен күрес басталды. Бұл туралы Орталық Коммуникациялық қызметінің баспасөз мәслихатында айтылды. Қазақстанда шегірткенің 270 түрі бар және оның 10-15-і өте қауіпті саналады. Олар Ақтөбе және Қостанай облыстарында кеңірек тараған. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіпті кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дархан Әбдікарімов зиянкестерге қарсы қолданылатын препараттар дерлік барлық өңірге жеткізген, тек Ақмола, Павлодар, СҚО және Түркістан облыстарына кейінірек тасымалданады. Бүгінде шегірткелермен күреске 101 бүрткіш аппаратымен 18 мың гектар жер тазартылған. Мамандардың сөзінше ауа райына байланысты биыл өткен жылға қарағанда шегірткенің таралуы баяу жүріп жатыр. Автор : Ерқуат Махпал

Толығырақ

Атырау облысының Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін 80 жаңа үйдің құрылысы басталды. Алғашқы үйлер «Болашақ» тұрғын үй кешенінде «Қазақстан Халқына» Қоғамдық Қорының қаражаты есебінен салынады. Қазіргі уақытта жерді тегістеу жұмыстарына 20 техника мен 30 жұмысшы жұмылдырылған. Сондай-ақ, жол инфрақұрылымы салынуда. Атырау облысының әкімдігімен қол қойылған меморандумға сәйкес, жергілікті атқарушы орган су тасқыны қаупі жоқ аудандарда жаңа үйлер салу үшін жер учаскелерін берді.

Толығырақ

Қазақстан Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау үшін Каспий теңізінің суларында және Маңғыстау мен Атырау облыстарының аумақтарында мемлекеттік табиғи қорық құруды жоспарлап отыр. Қазақстан Үкіметі Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің Балық Шаруашылығы Комитетіне мемлекеттік табиғи қорықтың шекараларын карталарда және сол жерде анықтауды тапсырды. Каспий итбалығы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің тізіміне енгізілген. Ауыл Шаруашылығы Министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Каспий итбалықтарын өсіру Үшін солтүстік Каспийдің қазақстандық және ресейлік секторларында ғана қалыптасатын мұз жамылғысы қажет. «Осылайша, Каспий Теңізінің қазақстандық бөлігі осы түрді сақтауда маңызды рөл атқарады», — деп түсіндірді Министр. Жарлық жобасы 5-маусымға дейін талқылауға шығарылады. Құжат 2024 жылдың 1-мамырынан бастап күшіне…

Толығырақ

Балалар 2010 жылдан бастап кезекте тұрған. Солтүстік Қазақстан облысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының өрескел бұзылуы анықталды, деп хабарлайды BaiMedia аймақ прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ғ. Мүсірепов ауданы әкімдігінің лауазымды адамдары «тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының талаптарын бұза отырып, 2010 жылдан бері тұрған 43 жетім баланы тұрғын үй алу кезегінен негізсіз алып тастады. Басқа жағдайда, Заңның 71 — бабының талаптарына қайшы, Ақжар ауданы мен Петропавлдың қорғаншылық және қамқоршылық органдары 3 ай бойы 6 жетім баланы тұрғын үй алуға кезекке қою жөнінде шаралар қолданбаған», — деп хабарлады ведомстводан. Айыртау, Ақжар, Аққайың, Қызылжар, Мамлют, Тайынша аудандарында, М.Жұмабаев…

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Құрметті қарауыл бастығы екі елдің басшыларына рапорт берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап «BaiMedia». Қазақстан Президенті құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды. Содан кейін мемлекет басшылары бір-біріне ресми делегациялардың мүшелерін таныстырды. Рәсім аяқталғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға өтіп, екі елдің өзара ынтымақтастық, экономикалық әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады.

Толығырақ

Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Айдарбек Қожаназаров еліміздегі асыл тұқымды жылқылардың саны азайып бара жатқанын айтты. Депутаттың сөзінше, Қазақстанда 50 жыл бұрын 44 мыңнан астам Қостанай жылқы тұқымы тіркелген, бұл барлық асыл тұқымды жылқылардың жалпы санының 9,7 %. Алайда бүгінде Қостанай жылқы тұқымының ресми тіркелген саны 270 бастан аспайды. 2014 жылы тұқымды дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау тоқтатылғаннан кейін Қостанай жылқыларының саны күрт азайып, жойылу алдында тұр. Бұл жағдай ұлттық ат спорты түрлерін дамытудың негізгі тежеуші факторларының бірі болып отырғанын айтты. Осыған орай Мәжіліс депутаттары отандық…

Толығырақ

ҚР мәжіліс депутаты заңнама және сот құқықтық реформа мүшесі Марат Бәшімов адам саудасы жөніндегі мәселе осы уақытқа дейін халықаралық деңгейде қаралмағанын, сондықтан көп назар аудару керек екендігін айта кетті. Депутаттың сөзінше адам саудасы жәбірленушілердің көбісі ата-анасының қамқорлығынан айырылған жандар, кәмелеттік жасқа толмаған немесе қарт жастағы, ерекшеліктері бар, екі қабат әйелдер. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске толықтырулар енгізу туралы заң жобасында, медициналық ұйымдардың және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған нәрестені тастап кету факті туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауаптылықты енгізу және оны бала құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті ретінде айқындау көзделеді.…

Толығырақ

Қазіргі таңда әлем бойынша халық үшін қолайлы өмір қарастылуда. Қоғамнан шеттетілмей, бәрімен тең құқықты болу әрбір мемлекет өкілдерінің міндеті. Осы тұста дәл Қазақстанды алып, ондағы тіл мәселесінің өзектілігін көтерсек. Әрине, қазақ тілін дамыту, қолданысын кеңейту маңызды. Бірақ қазақ тілімен қатар, ым-ишара тілін де қолға алған жөн. Мемлекетімізде құлағы естімейтін, сөйлеу қабілеті төмен 200 мыңға жуық тұрғын тіркелген. Соған байланысты ҚР заңнамасы бойынша, әрбір есту қабілеті нашар дамыған адам жыл сайын 60 сағатқа дейін ымдау тілі маманының тегін кызметтеріне жүгіне алады. Қазақстанда қазірге мұндай тіл жоқ, қабылданбаған. Ым-ишара тілі – құлағы естімейтін, сөйлей алмайтын адамдардың ана тілі. Ондай жандар елімізде…

Толығырақ

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев хабарлады. Оның айтуынша, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі және дала аумағындағы өрттерді жою үшін ерікті өртке қарсы құралымдары тартылады. «Ел аумағында барлығы 241 ерікті өртке қарсы құралымдары құрылды. Бұдан бөлек, әкімдіктер мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерді қорғау үшін өрт сөндіру бекеттерін құрады. Бүгінгі таңда республикада 720 өрт сөндіру бекеті құрылды», — деді спикер.

Толығырақ