- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: asylbek
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен 9 мыңға жуық отбасыға әлеуметтік көмек берілді
Тұрғындарының шығынын есептеу жөніндегі комиссия қорытындысы бойынша тұрғын үйлерін жөндеуге 253 отбасыға 422 млн теңге қаржы төленді. Алдағы уақытта тұрғындардан түскен өтініштер негізінде төлемдерді беру жалғасуда.
Сотқа журналистің жиырмаға жуық жақтасы келді. Олар істі ашық өткізуді, Мұхаммедкәрімді босатуды талап етті. Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің сөзінше, азаптау бойынша іс «дәлел жоқ» деген себеппен тоқтаған. Ол Азаттыққа алдағы күндері іске байланысты шағым түсіретінін айтты. Жиналғандар Думан Мұхаммедкәрімді сот ғимаратына алып келгенін көрдік, дейді. Журналист 10 сәуірде аштық жариялаған. Ол өзін Талдықорғаннан Қонаев немесе Алматы қаласына ауыстыруды талап еткен. Адвокаттың айтуынша, оны Қонаевқа ауыстырғаннан кейін аштығын тоқтатқан. Думан Мұхаммедкәрімге «экстремизмді қаржыландырды» және «тыйым салынған ұйымға қатысты» деген айып тағылды. Авторы: Азаттық радиосы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен Комитеттің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына қатысты 2021 жылдан бастап 2024 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алды деген күдік бойынша тергеуді аяқтады. Тергеу соты күдіктіге қатысты «электронды білезікті» қолдана отырып, «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды…
Сайлау күні бүгінде президент қызметін атқарып жатқан Иранның бірінші вице-президенті Мұхаммад Мохбер, сот жүйесінің басшысы Голам Хосейн Мохсени-Эджеи, Парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф, сондай-ақ президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президенті Мохаммад Дехган мен Иранның Конституциялық кеңесі мен Ішкі істер министрлігі өкілдері қатысқан отырыста белгілі болды, делінген хабарламада.
Досымжан Сәлімжан 2005 жылы 1 қазанда Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. Сарбаздың туған ағасының әйелі Ақниет Суюнгалиева оның қандай болғанын айтып берді. Баланың анасының айтуынша, лейтенант сарбазды соғып, өз жұмысын істетіп қойған. Оған қоса, әскерге керек зат алу үшін ақша сұратқан. Осылайша бала бірнеше несие алған. «Өлім қорытындысы бойынша жүрегі тоқтап қалған. Сот-медициналық сараптама әлі шықпады, 1-2 ай уақыт алады деді. Бізге тергеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Кінәлі адамға, яғни лейтенант Ш. Жанботаға санкция жарияланып, ол ұсталған. 4 куәгер сұралып жатыр», — деді Ақниет Суюнгалиева. Марқұм сарбаздың жеңгесінің айтуынша, тергеушілер күдіктінің ұсталғанын ауызша ғана айтып, ешқандай құжатпен растамаған.
Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт Қапалбек мектептердегі қазақ тілі пәнінің бағдарламасын сынады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Ол орта мектептердегі қазақ тілі пәнінің мүшкіл жағдайына алаңдап, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа екі жыл қатарынан хат жолдаса да, еш жауап алмағанын айтады. «Мектептегі қазақ тілі пәні – нағыз функционалды сауаттылыққа үйрететін пән. Бірақ солай бола тұра, мектептегі ең сорлы пән қазақ тілі: оның мақсаты дұрыс қойылмаған; бағдарламасы быт-шыт; ең бастысы, пәнді білудің заңдылық негізі мүлдем жоқ, ешбір жерде белгіленбеген. Мектептегі керек пәнді, жалпыға тегіс керек пәнді дәл осылай сүмірейту дұрыс емес», — дейді ғалым. Бижомарт Қапалбек жылдан-жылда өзгеріп жатқан…
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды деп хабарлайды телеграмдағы Ақорданың баспасөз қызметі. Ең алдымен елге айтар қуанышты хабарымыз, енді бұдан былай Заң бойынша МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕГЕНДЕР ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ БОЛА АЛМАЙДЫ! ҚР Парламенті Мәжілісі қабылдаған Заң бойынша: ✔️Қарапайым деңгейде Мемлекеттік тілді білмеу, Қазақстан Конституциясының негіздерінен, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деңгейде төл тарихымыздан хабардар болмау Қазақстан азаматтығын беруден және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз болады. Мемлекеттік тілден емтихан тапсыратын бұл талап этникалық қазақтарға…
Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы Қазақстан Президенті мен Малайзия Премьер-министріне рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим келіссөз залына барды.
Мәдениет және ақпарат министрлігі осындай ұсыныс білдіріп отыр. Құжат «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған. Бұйрыққа сәйкес, әртістің мәдени-бұқаралық іс-шаралар барысында көрермендерге орынсыз, әдепсіз, дөрекі мінез-құлқы, балағат сөздерді қолдануда, алкогольдік ішімдіктерді ішуде, алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде, психотроптық заттардың, олардың баламалары мен прекурсорларын қолданғаны үшін жеке тұлғаларға 150 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), заңды тұлғаларға 300 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Бұл туралы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова айтты. «Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген. Дәл қазір Әділет министрлігінде қаралып жатқан жаңа саяси партиялардың өтініштері жоқ. Бірақ биылғы жылдың басынан бері Әділет министрлігіне саяси партиялар құру туралы үш хабарлама келіп түсті. Олардың барлығы белгіленген тәртіпте қаралды. Біреуі қолдау тапты – Yntymaq партиясы. Қалған екеуі бойынша құжаттары толық жиналмаған, сондықтан қабылданбады», – деді ол