- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: asylbek
Танымал стендапер Александр Меркуль соңғы кездері жиі айтылып жүрген орыстілді тұрғындар шеттетіліп жатыр деген пікірге қатысты көзқарасын білдірді. Меркуль шын мәнінде орыс тілінде сөйлейтіндердің емес, қазақтілді ортада өсіп, қазақша ғана сөйлейтін адамдардың күйін күйттеуіміз керек деп санайды.
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының қыз-келіншектері Гиннестің рекордтар кітабына енген. Мың күбіге 10 мың литр қымыз құйып, бір мезетте піскен арулар әлемді таң қалдырған. Игі іс Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай ұйымдастырылған. Әлемдік рекорд орнату үшін аудандағы 14 ауылдан мыңға тарта келіншек жиналған. Ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер 10 тонна қымызды мың күбіге бөліп құйып, бір мезетте жарыса пісті. Оқиғаны Гиннестің рекордтар кітабына тіркеу үшін Кубадан арнайы келген Юделькис Диас әлемдік рекорд орнатылғанын ресми түрде растап, қуанышын білдірген. 856 кило бауырсақ Гиннестің рекордтар кітабына енген отандастарымыз көп. Әсіресе ұлттық құндылықтарды әлемге танытқандар көз сүйсіндіреді. Сондай…
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарының, мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің және басқа да қазақстандықтардың Дубайда қымбат жылжымайтын мүліктері бар екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vlast.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. “Әсел Құрманбаева. Қызметі – «Астана Балет» театрының арт-жетекшісі. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі. Дубайдағы жылжымайтын мүлік: құны 270 мың доллардан асатын (119 миллион теңге) пәтер. Үй Палм-Джумейра – сәнді жылжымайтын мүліктері мен люкс қонақ үйлері бар жасанды аралда орналасқан», – делінген экс-президенттің екінші әйелінің ақпаратына. Құрманбаева «оффшорлық компаниялар арқылы Назарбаевтың жақын адамдарынан 30 миллион доллар алған. Ал мәжілістің экс-спикері Нығматулиннің әйелі Венера Баймырзаевадан ондаған жылжымайтын мүлік табылды. «Венера Баймурзаева. Мамандығы – кәсіпкер. Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің жұбайы. Дубайдағы мүлкі: жалпы құны 4,3 миллион…
Шетелдік БАҚ көздерінің хабарлауынша, өткен ғасырда мемлекеттегі 6 мұздық жойылып кеткен. Соңғысы, Ла Корона деп те аталатын Гумбольдт мұздығы статикалық мұз алаңы ретінде танылды, бірақ ол да екі гектарға дейін қысқарған, деп жазады АЗЕРТАДЖ. AccuWeather порталы келтірген зерттеулерде мұздықтардың еруіне негізгі себеп ретінде климаттың өзгеруін атайды. 2020 жылғы зерттеуге сәйкес, 1952 және 2019 жылдар аралығында Венесуэла мұздықтарының ауданы 98 пайызға қысқарды. 1998 жылы мұздықтардың шегінуі ең жоғары деңгейге жетті. Қазіргі таңда Венесуэла мұздықсыз қалған әлемдегі бірінші елге айналды. Венесуэла билігі мұздықтарды сақтауға тырысты. Атап айтқанда, олар бұл үшін термиялық көрпелерді пайдаланды. Алайда бұл нәтиже бермеді, климатологтар тіпті ел үкіметін қоршаған ортаны…
АҚШ-та айыпталған шетелдік агенттер бас бостандығынан айыратын жаза алады. 2014 жылы Чикагодағы саяси белсенді ханзада Асиэль Бен Исраэль жеті айға бас бостандығынан айырылды. Ол «Зимбабве президенті Роберт Мугабеге қарсы санкцияларды алып тастауды қолдаған» деп айыпталды. Белсенді шетелдік агент ретінде тіркелмеген. 2018 жылы америкалық лоббист Пол Манафорт «FARA-ны бұзу мақсатында сөз байласқаны үшін» 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Украинаның бұрынғы президенті Януковичтің агенті ретінде тіркелмегені үшін кінәлі болды. 2018 жылы америкалық саяси кеңесші Сэмюэл Паттен Украинаның «Оппозициялық блок» саяси партиясының мүдделерін қолдағаны үшін, бірақ шетелдік агент ретінде тіркелмегені үшін 3 жылға шартты түрде сотталды. 2019 жылы Ресей азаматы Мария Бутина…
« Атырау облысында елді-мекендерді су басып қалу қаупі сақталып отыр. Сондықтан тиісті құрылымдар тасқынға қарсы жұмыстарды жалғастыруы қажет. Әсіресе, Индербор және Махамбет елді-мекендеріндегі жағдайды ерекше бақылауға алу керек. Онда Жайық өзені қауіпті деңгейден асып кетті. Эвакуациялық бекеттер кез келген уақытта адамдарды қабылдауға дайын болуға тиіс. Күштер мен құралдар да сақадай сай тұруы керек. Су ресурстары министрлігі мен Атырау облысының әкімдігі Жайық өзеніндегі су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін», — деп тапсырды Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Прокуратураның хабарлауынша, сотталғандар букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолар арқылы онлайн сатып алу, несие рәсімдеу және құмар ойындарға қатысу үшін ұялы телефон пайдаланған. Нәтижесінде жалпы айналымы үш миллиард теңгеден асқан. «№10 мекемесіндегі сотталғандар ұялы телефондар қолдана отырып, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген заттарды мекеме қабырғасында отырып-ақ саудалаған. Осы фактіге байланысты прокуратура сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Аталған мекеменің үш қызметкерін түрлі жазаға кесті», – делінген хабарламада. Прокуратура мәліметінше №12 және №57 мекеме қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, №57 мекеме басшысы қамауға алынды.
Заң бұзушылық Шет ауданында анықталды. Оқушылар үшін салынған үш қабатты жатақханадан балаларды 2 жыл бұрын шығарып тастаған. Тексеріс кезінде жатақхананың екінші қабатында аудандық білім бөлімінің орналасқаны анықталды. Ал үшінші қабатында білім бөлімінің меңгерушісі, мекеме қызметкерлері мен әдіскерлері тұрған. Прокурорлар жатақхананы балаларға қайтарды. Ал кінәлі шенеуніктер жауапкершілікке тартылды.
Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы хабарлады. Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында бөлінген бюджеттік қаражатты ұрлау фактілерін анықтады, — делінген хабарламада. Кінәлілер қаржының жартысын алу үшін үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген. Іс жүзінде қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеден бастап сатып алынған. 6 ауданның өзінде 600 млн теңге шығын анықталды. Прокуратура тексеріс материалдарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркеді, тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізіп жатыр.