Автор: asylbek

2023 жылы Алматыға 2 038 417 адам келді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12,6% және пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда 52,7% жоғары!  Шетелдік туристер саны 2022 жылмен салыстырғанда 29,5% өсіп, 540 744 адамға жетті. Бұл Қазақстанның басқа қалалары арасында рекордтық өсім! 2019 жылмен салыстырғанда шетелдік туристер саны 24,1% өсті.   Туристік индустрия да айтарлықтай табыс әкеледі: туризм саласына инвестиция 47,7% өсті, салық түсімі 64% артты. Бұл Алматының туристік бағыт ретінде тартымдылығының артқанын көрсетеді.  Туризм басқармасы атап өткендей, туристік белсенділіктің өсуі инфрақұрылымды дамытуды, жаңа жұмыс орындарын құруды және қызмет көрсету сапасын арттыруды ынталандырады. Алматы өзінің ерекше мүмкіндігімен және әсемдігімен тұрғындар мен қонақтарды тәнті етіп келеді!

Толығырақ

Жауапты ведомство комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаровтың айтуынша, қазіргі уақытта жүздеген және мыңдаған метр тереңдікте орналасқан күрделі, «көрінбейтін кен орындарын» зерттеуге баса назар аударылуда. «Мемлекет жүргізіп отырған геологиялық зерделеуді арттыру мақсатында жер қойнауын зерттеу тәсілдері кеңейтіліп жатыр. Атап айтқанда, әр алаң бойынша алдымен ауытқуды анықтай отырып, спектрлік талдау әдістерін қолдана отырып, Жерді қашықтықтан зондтау; спектрлік талдау бойынша анықталған ауытқулармен жүргізілетін жұмыстарды егжей — тегжейлі көрсете отырып, бүкіл алаңда аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізу ұсынылады, бұл көрінбейтін аймақтарды анықтауды және жер бетіне жақын объектілерді айналып өтуді қамтамасыз етеді», — деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Келесі қадам анықталған перспективаларды сапалы растау үшін сынамаларды іріктеу…

Толығырақ

Өткен жылдан бастап «MINERALS.GOV.KZ» ақпараттық платформасы іске қосылды «Қазіргі уақытта платформа 56 мың геологиялық есеппен толтырылған. Бұл ретте Комитет оны бастапқы геологиялық деректермен, яғни далалық журналдардың, ұңғымалар баянаттарының деректерімен, геофизикалық деректермен және басқа да далалық ақпаратпен толтыруға кірісті»,-деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтер бойынша функциялардың 100% — н цифрландыру және автоматтандыру жоспарлануда.

Толығырақ

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаровтың айтуынша, аукционға 83 резервтік кен орнын шығару жоспарда бар. «Аукциондар ел аумағындағы орташа қайта бөлу көрсеткішінен төмен емес өнім өндірісін іске қосу, өңірлерді әлеуметтік дамытуға аудару бойынша міндеттемелерді белгілей отырып өткізілетін болады», — деп түсіндірді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Былтыр 74 жер қойнауының учаскесі бойынша құны шамамен 3,5 млрд теңгені құраған 2 аукцион өткізілді.

Толығырақ

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров атап өткендей, 5 жыл ішінде қаржыландыру сомасы шамамен 52 млрд теңгені құрайды, ал жер қойнауын пайдаланудан барлауға құйылған инвестициялар сомасы 357 млрд теңгені құрады. «Елдің минералдық-шикізат базасының әлеуетін арттыру және толықтыру үшін жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді тұрақты қаржыландыру жеке инвестициялардың ұлғаюына әсер ететінін түсіну қажет. Осыған байланысты Мемлекет басшысына 2026 — жылға дейін Қазақстандағы зерттеу аумағын 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізу тапсырылды», — деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Геология комитеті төрағасының айтуынша, жер қойнауын пайдалануға инвестицияларды арттыру мақсатында мемлекеттік қорды басқару бағдарламасына еліміздегі пайдалануға жарамды барлық жер…

Толығырақ

Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап көруден басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы қалыптасқан жағдаймен танысты. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Президентке бүгінде 6 аудан мен Орал қаласын су басқанын баяндады. Қарғын су 552 тұрғын үйге, 427 саяжай теліміне зиян келтірген. Өңір басшысының айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 1911 адам, 332 техника, 101 мотопомпа, 1 тікұшақ жұмылдырылған. Сонымен қатар құтқару жұмыстарына Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары атсалысып жатыр. Қарғын су басқан аумақтардан 7 мыңға жуық тұрғын көшірілген, жедел-эвакуациялау пункттері құрылған. Зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 63 миллион теңге қаржы бөлінді. Су айдау, нысандардың жан-жағын топырақпен…

Толығырақ

Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорына қаражат аударып жатыр. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі мәлім етті. «Қазақстан халқына» қоры Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың табиғи апаттан зардап шеккен өңір тұрғындарын қолдау ретінде, ауылдық жерлерде жалпы сомасы 5 миллиард теңгеге 200 тұрғын үй салуды қаржыландырады. «Елдегі жағдайға бей-жай қарамайтын қазақстандықтар мен ұйымдар су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету мақсатында қорға жүгініп жатыр. Азаматтар мен кәсіпорындардың бастамасын назарға ала отырып, қор ұйымның шоттарына түскен қаражатты жинауға және оның ашықтығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге дайын», — делінген хабарламада. Ақпаратта айтылғандай, 1-30 сәуір аралығында заңды және жеке…

Толығырақ

Полиция дерегінше, алимент төлеуден әкелер ғана емес, аналар да жалтарады. Мысалы, 42 жастағы әйел кәмелетке толмаған 3 балаға алимент төлемеген. Осылайша, қарыз 7 миллион теңгеден асқан.Бүгінде әйел анықталып, полицейлер онымен жұмыс жүргізіп жатыр.

Толығырақ

Сапар барысында Президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі. Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді.

Толығырақ