- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
Орал тұрғындарын эвакуациялау басталды. «Бүгін Орал қаласында сағат 18:00-ден кейін «Самал», «Вагонник» тұрғын алабын эвакуациялау басталды», — делінген хабарламада. Блогер Вадим Колодиус дрон арқылы түсірген кадрларын көрсетті. Бейнежазбалардан «Самаладағы» кейбір үйлердің су астында қалғанын көруге болады. «Орал апталығы» сайты судың бөгетке жақындағанын жазып, дабыл қағуда. Су қалалық саябақтың аумағына кірді. «Самал» және д/т вагон, жидек, «Звездочка» тұрғын алаптарының тұрғындары эвакуациялық пункттерге кетеді. «Менің қалам» басылымы бұған дейін Орал өзенінің жағалауының бір бөлігі су астында қалғанын жазған. Тек өткен тәулікте өзендегі су бір метрге көтерілді. Газебо мен орындықтар су астында қалды. Плиталар мен төсеніштер — құлап кетті. Жалпы БҚО-да 4525 адам…
Кешеден бері әлеуметтік желіні шулатқан төбелестің қатысушылары ұсталды. Қазақтың баласын он мың тенге қарызы үшін аямай тепкілеген өзге ұлт өкілі қауіпсіздік органдарының құрығына түсті. Онымен бірге видео түсірген азаматта ұсталып отыр. Қазіргі таңда төбелесқой жігіт тергеу изляторында. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 389 бабының 3 тармағы бойынша іс қозғалды. Поймали.
Оңтүстік Кореяның косметикалық өнімдер экспорты 2024 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылмен салыстырғанда 20%-дан асты, деп жазады Yonhap. Корея кеден қызметінің мәліметіне сәйкес, Оңтүстік Кореяның косметика экспорты қаңтар-наурыз кезеңінде 2,3 миллиард доллар болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,7%-ға көп. Бұл – осы кезге дейінгі барлық бірінші тоқсандардағы ең жоғары деңгей. Бірінші тоқсанда тауарлардың басым бөлігі Қытайға жөнелтілді. Ондағы экспорт 610 млн долларға жетті. Одан кейін АҚШ – 380 млн доллар, Жапония 240 млн доллар және Вьетнам 150 млн доллар көрсеткішке ие болды. Деректерге сүйенсек, осы уақыт аралығында Оңтүстік Корея косметикасы әлемнің 175 елінде сатылған.
Қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы 2023 жылы үкімет бекіткен қаланың бас жоспарына сай, Шымкент көшелерінің шамамен 30 пайызы «қызыл сызыққа» ілінгенін айтады. Атқарушы билік оны қала аумағы кеңейіп, адам саны артуына байланысты қабылданған шешім деп түсіндіреді. Қаладағы Елшібек батыр көшесінің кеңеюіне байланысты оң жақ беттегі барлық ғимарат «қызыл сызыққа» түскен. Әкімдік кей тұрғындарға бұл туралы ескерткен, кейбіреулерге хабарламаған. Олар жалғыз баспанасы мемлекет қажетіне деп алынса, далада қаламын ба деп уайымдайды. Архитекторлар «қызыл сызыққа» түскен үйге мемлекеттен тиісті өтемақы берілетінін, егер сүрілетін мүліктің иесі оның мөлшеріне келіспеген жағдайда сотқа жүгіне алатынын айтады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ интермодальдық тасымалдау сервисін жақсарту мақсатында 4 сәуірден бастап тағы екі жолаушылар пойызында трансферді іске қосады. Енді №71 «Шымкент–Астана» және №7508 «Көкшетау–Астана» бағытарының жолаушылары елорданың теміржол вокзалынан үйге дейін жайлы трансфермен жете алады. «Нұрлы жол» вокзалының №1 келу залында пойыз толық тоқтағаннан кейін трансфер жолаушыларды 15 минут ішінде күтеді. Содан соң салонның толуына қарамастан жолға шығады. Автобус жолағын пайдалануға рұқсат етілген трансфер жолаушыларды діттеген мекенжайға дейін тез жеткізеді. Қызметтің құны жолаушылардың барлық санаттарына қолжетімді болу үшін 850 теңге болып белгіленген. «Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтылады. «Перроннан үйге дейін» қызметі іске қосылған сәттен бастап оны 6…
Қазақстан мен Моңғолия Жоғарғы Соттарының Төрағалары Асламбек Мерғалиев пен Ганзориг Дамдин онлайн-кездесуде өзара іс-қимыл аспектілерін талқылады. Моңғол әріптестерінің бастамасымен өткен кездесуге Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы және МХР Судьялардың біліктілігін арттыру институтының директоры Чагдаа Хосбаяр және Эрденечимег Дашпунцаг қатысты. А.Мерғалиев Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен сот ісін жүргізу, сот корпусының тәуелсіздігі мен кадрлық әлеуетін нығайту бойынша қабылданған заңнамалық шаралар, әкімшілік әділетті дамыту, 2,5 жыл ішінде азаматтардың 63%-ы және инвесторлардың 76%-ы мемлекеттік органдармен дауларда ұтатыны туралы айтты. Халықаралық рейтингтерде көрсетілген цифрландырудың жоғары деңгейі, медиация, сондай-ақ соттарды біріктіру, экстерриториялық соттылық, жасанды интеллект…
Transfermarkt порталы посткеңестік елдер арасындағы ең қымбат футболшылардың тізімін жариялады. Қазақстан ұлттық құрамасының және «Бешікташ» клубының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов тізімде 5-орында тұр. Оның трансферлік нарықтағы құны – 6 миллион еуро.
Ақмола облысының Аршалы ауданының Талапкер, Анар, Қостамар, Жібек жолы, Ыбырай Алтынсарин ауылдарында Шымкент қаласының құтқарушылары жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда Шымкент қаласының құтқарушыларымен 49210 м3 су сорылып, құм толтырылған 4430 қап дайындалды.
Ислам Сұңқардың айтуынша, Қазақстанда 1 км-ге такси бағасы – 0,67 доллар (шамамен 300 теңге). «Яндекс.Таксидің» өз жүргізушілерінен алатын комиссиялық төлемі – 11%-дан 17%-ға дейін. Таксопарктерге беретін тағы 4% комиссиясы бар», — деді мәжіліс депутаты бүгінгі отырыста. Оның айтуынша, Қазақстанда 200 мыңнан астам адам «Яндекс.Такси» жүргізушісі болса, оның 50 мыңы бұл қызметті негізгі табыс ретінде, ал қалған 150 мыңы қосымша жұмыс ретінде қарастырып отыр. «Қазақстандықтардың жұмыстағы негізгі табысы жеткіліксіз», — деді депутат.