Автор: asylbek

Әйелі Карина Мамашты ұрды деген күдікке ілінген Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаш қызметінен босатылды. Карина Мамаштың жұбайы 6 мамырда елшіліктен Қазақстанға дереу қайтарылады деген тапсырма берілді. 9 мамырда елге келіп, шекарадан асқаннан кейін қолда бар заңға сәйкес біз оны өз лауазымынан босаттық, — деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. Оның сөзінше, құқық қорғау органдары оған қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әрине, біз ол қылмыстық іске араласа алмаймыз. Бүгін өзім Каринамен жеке кездестім. Бүкіл мән-жайды айтып берді. Сыртқы істер министрлігі Каринаға барлық көмекті көрсетеді. Біз онымен біргеміз. Ештеңеден қорықпа деп айттық, — деді министрліктің ресми өкілі.…

Толығырақ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Бірге салайық!» атты жаңа жобаны іске қосты. Жұмыссыз азаматтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысу арқылы жұмысқа орналаса алады, деп хабарлайды Malim.kz. Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге мүмкіндік бар. Ведомствоның мәліметінше, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Бірге салайық!» жобасы шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыруды сүйемелдеу жөніндегі арнайы платформа әзірледі. Бұл Enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы жаңа модуль болады, осында жұмысқа орналасуға және өңірлерге тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектесуге ниет білдірген кез келген адам бос орындармен танысып, өзіне ұнаған кез келгеніне ынта білдіріп, әңгімелесуден өте…

Толығырақ

Қазақ даласын отарлаушы патшалық Ресей билігі 1868 жылы «Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару жайлы уақытша ереже» қабылданып, бұған дейін қазақ қоғамында қалыптасқан аға сұлтандық билікті жойып, ресейлік басқару жүйесін жақтайтын болыстық басқаруды нығайтты.  Бұл оқиға туралы жазушы Әбіш Кекілбаев: «1868 жылы қабылданған жаңа низам ережесінен кейін расына келсек, ел ішінде алауыздық пен берекесіздік өршіп кетті, байырғы қалыптасқан ел билеу жүйесі әдейі аяққа басылды, орыстар өздері өмірге әкелген сұлтан билігін жойды да, жаңадан «уездный начальник», «земский начальник» дейтіндер пайда болды. Қазақ даласы дәстүрлі мемлекеттік сипатынан айырылды, басқа топырақта қалыптасқан бюрократтық билеу жүйесі күшпен телінді. Елден гөрі өз басын, ұлттан гөрі ағайынын…

Толығырақ

Путин неліктен Шойгуды кенеттен орнынан алып, қорғаныс министрі лауазымына экономисті тағайындап жатыр? Ресей президенті Владимир Путин жексенбі күні азаматтық экономисті күтпеген жерден өзінің жаңа қорғаныс министрі етіп тағайындады. Кейбір бақылаушылардың ойынша, РФ лидері осылайша елін экономикалық соғысқа әзірлеп, қорғаныс бюджетін тиімді пайлалануға және Украинада жеңіске жету үшін инновацияны көбірек қолдануға әрекет етіп отыр. Екі жылдан астам уақытта  екі жақты да ауыр шығынға ұшыратқан соғыс кезінде Путин 65 жастағы экономист әрі бұрынғы вице-премьер Андрей Белоусовқа баяғыдан бергі 68 жастағы сыбайласы Сергей Шойгудың орнын басуды ұсынған. Путин қорғаныс министрлігін 2012 жылдан бері басқарған Шойгудың енді Ресейдегі аса ықпалды орган — Қауіпсіздік кеңесінің…

Толығырақ

Энергетика министрінің бұйрығы 17 мамыр күні күшіне енеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. Бұйрық мыналарды көздейді: АИ-92 және АИ-93 бензині – литріне 245 теңге; Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде – литріне 205 теңге; Қазақстан Республикасында берілген мотоциклдерге, жеңіл автомобильдерге, жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған жеңіл автомобильдерге және автобустарға жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсеткен кезде – тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде -литріне 205 теңге; дизельдік отын (жазғы, маусымаралық) – литріне 315 теңге; Қазақстан Республикасында тіркелген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде – литріне 295 теңге; Қазақстан Республикасында берілетін жүргізуші куәлігін және көлік…

Толығырақ

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу қызметінен кетті Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі қызметіне бұрынғы вице-премьер Андрей Белоусовты тағайындауды ұсынды. Сергей Шойгу Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды. Сергей Шойгуды ақпарат құралдары Путиннің жақын досы деп атайды. Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі қызметіне бұрынғы вице-премьер Андрей Белоусовты тағайындауды ұсынды. Сергей Шойгу Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды. Сергей Шойгуды ақпарат құралдары Путиннің жақын досы деп атайды.

Толығырақ

Қазақстандық Kazakh Everest Team Эверест шыңын бағындырып, экспедиция құрамындағы Анар Бурашева ең биік нүктені еңсерген тұңғыш қазақ қызы болды. Бұл туралы Kazakh Everest Team баспасөз қызметі хабарлады. 8 000 метрден жоғары биіктегі дауыл мен боранға байланысты шыңды бағындыруға ниеттенген экспедицияның көбі кері қайтты, тек бес елдің альпинисі сәтті көтеріле алды, — делінген хабарламада. 12 мамырда Непал уақытымен сағат 07:25-те құрамында Анар Бурашева мен Мақсұт Жұмаев бар қазақстандық команда әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына көтерілген. Команда шыңды бес күнде бағындырған

Толығырақ

Депутат деген кім? Оның нақты міндеті қандай?  Соңғы кездері осы бір сұрақ көпшілікті мазалайды? Иә, түрлі терминдер бар. Бірақ менің түсінігімде депутат -халықтың көзі һәм құлағы. Депутат бұл заң шығарушы орган емес, мансапқорлықтың тағына айналды.  Жоғарғы Кеңес тарқаған соң билік өздеріне ыңғайлы заң шығару мақсатында Мәжілісті әртістермен, спортсмендермен, Ассамблеямен толтырды. Демек, заң, экономика, білім және ғылым саласының мамандары Мәжіліске керек емес болды. Олар көп біліп, кейіннен тиісті заңды қабылдауға кедергі болады деп есептеді. Бүгіңгі «Жаңа Қазақстанның» Мәжілісі мен Сенаты қандай? Қазіргі Мәжілісте де кәсіби мамандар баршылық. Бақытжан Базарбек жер саласының маманы болса, Абзал Құспан, Үнзила Шапақ заң саласының мамандары.…

Толығырақ

Жақында ғана елімізді басқан су тасқынымен жарыса жарыққа шыққан «Бишімбаев ісі» әлеуметтік желіде сұмдық жылдамдықпен талқыланды. Тіпті «Жоғарғы соттың» ютуб каналындағы парақшасын сот процессі кезінде 3 млнға жуық халық көріп отырды. Бұл аралықта мемлекетте «Отбасылық зорлық-зомбылық туралы» заң шығарып үлгерді. Оның бәрі жаңалық емес. Алайда, бар жоғы 36 жасында бір мемлекеттің экономика министріне дейін көтерілген жастың білімі мен қызметіне сүйсінбеген жан болмаған шығар. Министр болғанға дейін, Президентке кеңесші болып үлгерген жас дарынның болашағына ешкімнің күмәні жоқ еді. Алайда 2017 жылы аса ауыр көлемде «пара алды» деп сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігімен ұсталып, сотпен 10 жыл абақтыға кесілген Қуандық екі жылдан…

Толығырақ

Осыдан 31 жыл бұрын Құлсарыға келген алапат су тасқыны мыңнан аса үйді бір мезетте басып қалып, адамдар бос тұрған биік ғимараттарға тығылып жан сақтаған деседі. Ол кезде коммуникация дамымаған кезең болғандықтан шығар, Құлсарыдағы бұл оқиға тарихтың тереңіне үнсіз ғана сүңігіп кетіп, артында қалған адамдардың арасында естелік күйі қалып еді. Алайда, топан су 2024 жылы жылы қайта тірілгендей болды. 5 сәуір күні Атырау облысына қарайтын 60 мыңнан астам тұрғыны бар Құлсары қаласын Жем өзенінің жағасынан асқан су басып, қаланың жартысы көшуге мәжбүр болды. Бір айға жуық уақыт өтсе де, қаланың кей бөлігін әлі су басып жатыр. Су кетпеген аумақтар қоқыс…

Толығырақ