- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
Батыс аймақтарды су аздап төмендеген, бірақ орталық, солтүстік, шығыс аймақтарда керісінше өзендердегі су деңгейі көтеріліп келеді. Бұл туралы 2 сәуірдегі үкімет отырысында төтенше жағдай вице-министрі Бауыржан Сыздықов мәлімдеді.
Бұл сөзді төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов айтты. Журналист «Төтенше жағдайлар министрлігі тасқынға неге тағы дайын болмай шықты?» деп сұраған. 11 өңірдің 46 елді мекенінде тасқынның алды алынды. Түсініп тұрсыз ба? Су алған басқа 5 облыс туралы айтсақ, байқаған болсаңыздар, су өзендерден емес жазықтан келді. Шынымызды айтсақ, су біз күтпеген жақтан келді, — деді ол. Вице-министрдің пікірінше, ешқандай мемлекет жазықтағы қар суын тасқынға қарсы дайындық кезінде есепке алмайды. Бүгінгі таңда қардың суы ешбір елде ескерілмейді. Түсініп тұрсыз ба? Өзендерден, су қоймаларынан, бөгендерден келетін су ғана ескеріледі. Осыны түсіну керек, — деді ол.
KAZINFORM – Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының арасындағы реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан республикалық маңызы бар жолды су шайып кетті. 29 наурызда ресбпуликалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» тасжолының 1090-1092 шақырымын қызыл су шайып кетті. Бұл учаскеде реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан. Содан бері көлік жүргізушілері өте алмай, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының арасындағы қатынас қиындады. Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 1 сәуірде тасқын су тоқтап, жол жиектері мен беткейлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды. «Су басқан учаскенің ұзындығы 1000 метрді құрайды. Судың биіктігі – 15-тен 20 сантиметрге дейін. Алдағы уақытта еріген суды қауіпсіз ағызып, жол жамылғысын сақтауға мүмкіндік беретін 13 көпір өткелін орнату жоспарланып отыр.…
KAZINFORM – Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өзіне тасқынға қарсы дайындықты қажетті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін берілген қатаң сөгіс туралы пікір білдірді. «Біздің елде меморгандардың жауапсыздығынан болған келеңсіздіктер үшін шенеуніктердің кінәні мойнына алатын тәжірибесі жоқ. Бәлкім сіз бірінші болып тасқынға байланысты айыбыңызды мойындайтын шығарсыз?» — деп сұрады журналист. Министр бұл сұраққа қазір кінәліні іздеуден бұрын жағдайда ретке келтіру әлдеқайда маңызды екенін айтып жауап берді. «Маған қатаң сөгіс берді. Енді қазіргіден де шығыны көп шараларға жол бермеу керек болып отыр. Жергілікті мемлекеттік органдармен, Төтенше жағдайлар министрлігімен бірге шаралар қабылдауымыз керек. Қазір бүкіл меморгандар жұмыс істеп жатыр. Сол жұмыстардың қорытындысы бойынша,…
Көктем басталғалы республикалық автожолдарда 66 су басу фактісі тіркелді. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Azattuq Ruhy. «Бүгінгі таңда бұндай фактілер 5 өңірдегі – Абай, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау облыстарындағы ұзындығы 980 метрді құрайтын 5 жолда кездеседі. Осыған байланысты жалпы ұзындығы 410 шақырымды құрайтын 6 жолда қозғалысқа шектеулер енгізілген. Қауіпті участкелер мен жасанды құрылыстар тәулік бойы бақылауға алынған», — деді Көлік министрі. Елді мекендерге су басу қаупін төндірмеу мақсатында жолдар бұзылып жатыр. «Биыл 28 наурызда Ақтөбе облысы Самара-Шымкент жолының учаскесінде Ырғыз өзені арқылы өтетін көпірдің кіре берісін су шайып кетті. Жол тәулік ішінде қалпына келтіріліп,…
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 1 мамырдан бастап жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Бағдарламаны «Отбасы банкі» қаржыландырады. Қанат Шарлапаев бағдарлама іске қосылар алдында министрлік пен «Отбасы банк» қызметкерлері арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастыратынын айтады. Онда бағдарламаның талаптары мен шарттары түсіндіріледі. «Бүгінде бұл бағдарламаны іске асыру үшін «Отбасы банкі» 300 млрд теңге тартып жатыр. (Жаңа ипотекалық бағдарлама) халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған және оның мөлшерлемесі 7%-дан аспайды. 2024 жылғы 1 мамырда біз бағдарламаның толық шартын жариялап, іске қосамыз. Оны іске қосу үшін нарықтан қаржы тарту керек. Ол біраз уақытты талап етеді, — деді министр Үкімет…
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда елімізде дене шынықтыру және спорт сабақтарын 67 755 штаттық қызметкер өткізеді. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 1 433 адамға көп. Ауылдық жерлерде 31 329 дене шынықтыру қызметкері жұмыс істейді (2022 жылы – 29 796 адам). Бұған дейінгі есепті кезеңдегі деректерге сәйкес, кей өңірлерде штаттық қызметкерлердің саны артқаны байқалады. Дене шынықтыру саласының штаттық қызметкерлерінің саны артуы бойынша Алматы (+595), Атырау (+222), Жетісу (+129) және Павлодар облыстары (+112) көш бастап келеді. Республика бойынша 10 мыңнан аса жалпы білім беру ұйымдары бар, онда 32 мыңнан астам дене шынықтыру саласының оқытушы-мұғалімдері еңбек етеді. Оның ішінде ауылды жерлерде 19 мыңнан астам адам жұмыс…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.
Шағын және орта бизнесті дамыту барлық моноқалалар үшін өзекті, тек осындай іс-шаралар жұмыс орындары бойынша ірі кәсіпорындарға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр мәлімдеді. Қосалқы өндірістерді бизнеске беру моноқалалардың экономикасын әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Әкімдіктер компаниялармен бірге осындай жобаларды жан-жақты пысықтап, кәсіпкерліктің өсуіне жағдай жасауға тиіс. Мысалы, оңтайлы тәсілдер Саран мен Текеліге моноқалалар тізімінен шығуға мүмкіндік берді. «Өнеркәсіп министрлігі Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, Саран қаласының үлгісі бойынша осы жылдың соңына дейін Хромтау, Сәтбаев, Балқаш және Құлсары моноқалаларында индустриялық аймақтар құруы қажет. Кейін бұл тәжірибені басқа моноқалаларға да тарату керек», — деп тапсырды…
Бұл арнаулы әлеуметтік төлемді енді елімізде тұрақты тұратын шетелдіктер де ала алады. Жаңалықтың мән-жайын Еңбекминінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментіне қарасты Еңбекті қорғау басқармасының басшысы Шалқар Оразбеков түсіндірді. «Биылғы 1 қаңтардан бастап, арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді, ол зиянды жұмыстарда істейтін немесе істеген адамдарға екі критерий бойынша төленеді. Біріншіден, 55 жасқа толуы керек. Екіншіден, жұмыс берушісі оған жалпы жиынтығында кемінде 84 ай, яғни 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) аударуға тиіс. Алайда мұндай жағдайда қауіпті жұмыстарда істеген, бірақ жиынтығында 84 ай МКЗЖ аудару фактісі жоқ жұмыскерлердің үлкен тобы аталған төлемнен қағылып отыр. Олардың зиянды жұмыстардағы жалпы өтілі кемінде 12,6 жылды…