Автор: asylbek

Теңіздегі жел электр станциялары энергияны тұрақты беріп тұрады. Қытайдың Хайнань провинциясындағы Дунфан Минъян мекенінде жаңа энергетика саласындағы жоғары технологиялық жабдықтардың өнеркәсіптік базасы бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Жаңа энергетика саласындағы жоғары технологиялық жабдықтардың өнеркәсіптік базасы — Хайнаньда сапалы дамуды қамтамасыз ететін еркін сауда портының бейнесі. Базаның жылдық өнімділігі 1,5-2 миллион киловатт болатын теңіздегі ірі жел электр станцияларының сериялық өндірісі мен сынақтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жақында Дунфан Минъян әлемдегі ең ірі теңіз жел турбинасының қалақтарын конвейерден сәтті шығарды. Мұндай жабдық ұзындығы 143 метр, дөңгелектің диаметрі 292 метр, қамту ауданы 66 мың шаршы метрден асады, ал мөлшері 9,4 стандартты футбол алаңына сәйкес…

Толығырақ

Иерусалимде халық Израиль үкіметінің басшысы Беньямин Нетаньяхудың биліктен кетуін талап етіп жатыр. Сонымен бірге ХАМАС кепілге алған 134 израильдікті босатуға келісім жасауына үндеуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC-ге сілтеме жасап. Мыңдаған наразылық білдіруші жексенбінің кешінде қаланың орталық тас жолдарының бірін жабуға тырысты. Полиция оларға водометтермен өткір жағымсыз иісті су шашты. Халық, оның ішінде кепілге алынған адамдардың отбасылары мен достары «соғыс осылай келісімсіз жалғаса берсе, адам өлімі көбейе бермек» дейді. Демонстранттардың көбі 2023 жылы 7 қазанда ХАМАС-тың Израильге тұтқиылдан басып кіріп, екі тараптың арасында соғыс отының өршуіне шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген Премьер-министрді кінәлайды. Бұған дейін, 30 наурызда Тель-Авив көшелерінде Беньямин Нетаньяхудың үкіметіне қарсылық…

Толығырақ

2024 жылдың 1 сәуірі күні түнде Электронды үкімет порталындағы бірінші сынып оқушысының құжаттарын қабылдайтын сервис істен шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Мектепке құжаттарын онлайн түрде тапсыра алмаған ата-аналар бұл туралы әлеуметтік желіде де жазып, редакциямызға да хабарласты. Мәселен, биыл Әлихан есімді ұлы 1 сыныпқа баратын Айсұлу Ибрагим түнгі сағат 00:00-де еgov.kz. порталы арқылы құжаттарын тіркей алмағанын айтып берді. «Бұған дейін бірнеше баламның құжатын тапсырғанда, үйге жақын маңдағы мектептердің орны санаулы секундтарда-ақ жоқ болатын. Сондықтан, түнгі сағат 00:00 немесе таңғы 09:00 күтіп, сервисті аңдып отырамыз. Былтыр бірінші сыныпқа барған қызымның құжатын мектепке қолма-қол апарып тапсырған сияқты биыл да ұлымның құжатын онлайн тапсыру…

Толығырақ

Ел экономикасының басты қозғаушы күші – мұнай мен газ. Соңғы жылдары халық арасында мұнай қоры біте ме? Әлі қанша жылға жететін қорымыз бар? деген өзекті сұрақтардың жиі талқыланатыны жасырын емес. Сонымен елімізде қанша жылға жететін мұнай қоры қалды? Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов елімізде 4,4 миллиард тонна мұнай қоры болса (жылына 100 миллион), бұл бізге 40-45 жылға жететінін айтады. «Қорлар екі санатқа (геологиялық және қалпына келтірілетін) бөлінеді. Кен орындарын игеру немесе барлаудан игеруге көшу кезінде бұл қорлар мен олардың балансы өзгереді», – дейді ол. Бірақ бұл мұнай 45 жыл ішінде таусылады дегенді білдірмейді екен. «Жыл сайын жаңа кен орындары барлаудан игеру сатысына…

Толығырақ

Үкіметтің бағалауынша, бұл «республикадағы соңғы жылдардағы ең кең ауқымды тасқын» көрінеді. Үйлерін тастап, босыған халықтың саны 15 мыңға дейін жетуі ғажап емес. Бүгінде 12 мыңнан асқан. ТЖМ енді ғана қауырт желілерді іске қосты. Еліміздің әсіресе, Батыс және Солтүстік облыстарындағы ахуал аса күрделі көрінеді. Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Абай және Жетісу облыстарында су деңгейі көтеріліп кетті. Бұл ретте шенеуніктердің, әкімқаралардың «апат айтып келмейді» дегенді жиі қайталап, жөнсіз ақталуы бұқараның ашуын туғызды. «Сонда апат біздің Үкіметке үнемі есеп беріп, құлақтандыру жасап тұруы керек пе? Жылда наурызда көктем келіп, қар ериді. Арнасын бекітпесе, өзен-көлдер тасиды, су қоймалары көнерген бөгетін бұзады. Көктемнің жылда…

Толығырақ

Қайғылы оқиға  «Батыр» спорт кешенінде NOMAD MMA бойынша балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы облыстық чемпионат кезінде орын алды. Әлеуметтік желіде қайтыс болған спортшының қарсыласымен жекпе-жегінен бейнежазба тарады. The Nomad MMA федерациясы Маңғыстау облысының хабарлауынша, жекпе-жек кезінде 17 жастағы спортшы қарсыласының соққысынан құлаған. «NOMAD MMA бойынша облыстық чемпионатқа қатысушылардың бірі қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Жекпе-жек кезінде 17 жастағы спортшы құлады. Спортшыға алғашқы көмекті «Батыр» спорт кешенінің медициналық қызметкерлері көрсетті, оқиға орнына жедел жәрдем келді, бірақ, өкінішке орай, жас жігітті құтқара алмады. Турнир басталмас бұрын жаттықтырушы өтінім берген кезде қатысушының жарысқа дайындығын растайтын медициналық анықтама берді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр,…

Толығырақ

Өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан дүниежүзінің 70-тен астам елін қамтыған Chapter Zero жаһандық бастамасына қосылды. Осы орайда Үкімет Астанада Chapter Zero Kazakhstan бастамасын салтанатты түрде ашты. Бұл бастама төмен көміртекті, яғни бірінші кезекте көмір жағудан бас тартатын «жасыл» экономикаға біртіндеп көшуді қамтамасыз ету үшін әр мемлекетке іскерлік және инвестициялық шешімдер ұсынады. Қазақстан мен Орталық Азияға арналған тиісті корпоративтік басқару бағдарламасын әзірлеуге бағытталатын мол қаржыны INSEAD халықаралық бизнес мектебі, Chapter Zero Kazakhstan компаниясы, «Астана» қаржы орталығы, McKinsey, KPMG шетелдік аудиторлық-консалтингтік фирмалары және Назарбаев Университеті игереді. «Елдің төмен көміртекті дамуы – тұрақты өркендеудің алғышарты, ол жаһандық климаттың өзгеруінің апатты салдарының алдын алуға…

Толығырақ

Жастар бизнесі жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және білікті мамандар даярлау сияқты әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде үлкен рөл атқарады. Жастар кәсіпкерлігінің ықпалын күшейту және оның мүмкіндіктерін кеңейту оның әлеуетін пайдалануды талап етеді. Жастар бизнесі көбіне шағын бизнес саласында. Жастар – бизнес ортадағы ең маңызды ұрпақ. Бүгінгі жас кәсіпкерлігі 10 жылдан кейін ел бейнесін айқындайтын болады. Ертеңгі елдің экономикалық өсуі мен даму қарқыны қазіргі жастар бизнесінің дамуына байланысты. Осылайша, бүгінгі таңда жастар кәсіпкерлігі Қазақстанда шағын бизнесті дамытудың басым бағыттарының бірі. Жастарды кәсіпкерлік қызметке ынталандыратын қолайлы орта құру мемлекеттік және өңірлік деңгейдегі түрлі бағдарламаларда қарастырылады. Айта кету керек, Қазақстанның көптеген өңірлерінде жастарға…

Толығырақ

  Республиканың су тасқыны аймақтарында Су ресурстары және ирригация министрлігінің 1000-нан астам маманы мен 280-нен астам техникасы жұмыс істеп жатыр. Су шаруашылығы нысандарында жедел іс-шаралар қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су көлеміне тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған қор, соның ішінде тас, құм, қиыршық тас, қапшықтар және басқа да қажетті инертті материалдар дайындалды.   «Министрлік жанынан құрылған жедел штаб жергілікті әкімдіктермен өзара тығыз іс-қимыл жасап жатыр. Республикалық меншіктегі барлық гидротехникалық құрылыстарда тасқын суын апатсыз өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары мен су қоймаларының жұмыс кестесі бекітілді. Жауапты мекеме қызметкерлері су шаруашылығы ахуалына тәулік бойы бақылау…

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрлігінің негізгі міндеті — жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін және тасқын суын жинау және оны қауіпсіз өткізу үшін су қоймаларының жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанның су қоймалары 25,6 текше шақырым су қабылдай алады. Су қоймаларына 63 текше шақырым су жиналды, бұл айдың басындағы көрсеткіштен 2,9 текше шақырымға артық. Мәселен, Ақтөбе су қоймасына екі тәулік ішінде (27-29 наурыз аралығында) 200 млн текше метр су түсті, яғни су қоймасының жалпы көлемінің 75%-нан артық. Төтенше жағдайдың алдын алу және халықты уақтылы эвакуациялау үшін су қоймасында ең жоғары деңгейден 15 миллион…

Толығырақ