Автор: asylbek

Ол принтер арқылы өзінің QR-кодын шығарып, автобустың әйнегіне жабыстырып қойған. Осылайша жолаушылардың жол ақысы жігіттің шотына түсіп отырған. Бір сағаттың ішінде қанша шығын келтірілгенін полицейлер анықтап жатыр. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті мұндай құқықбұзушылық қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Толығырақ

Елорда тұрғындары су тасқынынан зардап шеккендерге киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиена құралдары және т.б. жинады. Қазіргі таңда елордада 9 қойма жұмыс істеп тұр. Іс-шараға 30 волонтерлік ұйым, 200 волонтер қатысты. Аймақтарға көмек жинау пункттері де қарқынды режимде жұмыс істеуде. Ақтөбеге 31 наурызда Түркістан облысынан гуманитарлық көмек келді. Ол сол аймақтағы тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға таратылды. Волонтерлер, қоғамдық белсенділер, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, Атырау облысының тұрғындары да шетте қалмады. Үш күн ішінде «Күш бірлікте» акциясы аясында олар Ақтөбе облысының тұрғындары үшін 8 тонна гуманитарлық көмек жинады.

Толығырақ

Оның пікірінше, тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары декларативтік сипатқа ие. Құжат су тасқыны салдарынан болатын шығынның алдын алу және азайту мәселесін кешенді түрде шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан тұжырымдаманы қайта қарау жөнінде міндет жүктелді.

Толығырақ

Жәбірленушілер «Қармет» АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері. Күдіктілер қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, қылмыс жасаған. Олар ұрып-соғумен, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан. Жалпы топтың 25 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды

Толығырақ

Түркиядағы муниципалдық сайлауда оппозициялық партия жеңіске жетті. Оппозициялық «Халық» партиясы сайлау нәтижесі бойынша билік партиясынан 2% басымдықпен озды. • Оппозициялық партия — 37,73% дауыс; • Билік партиясы — 35,51% дауыс. Ердоған билік партиясы жеңіліске ұшырағанын мойындады. Басылымдар «Ердоған билікке келгелі сайлауда ең ірі жеңілісіне ұшырады» деп жазып жатыр. Түркияда мыңдаған адам көшеге шығып, тойлап жатыр.

Толығырақ

– Су тасқыны мен өртке қатысты жағдай жыл сайын қайталанады. Жауапты органдар мен салалық қызметтердің (Қазсушар, Қазгидромет) жобалау, сараптама жасау жұмыстары нашар ұйымдастырылған. Тиісті шаралар, негізінен, жағдай орын алғаннан кейін немесе толыққанды болжам жасалмай қабылданады. Сондықтан бізге дағдарыс жағдайларын болжаудың нақты тетігі өте қажет. Цифрлық даму министрлігі Экология, Су ресурстары және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп жыл соңына дейін барлық ықтимал төтенше жағдайларды (су тасқыны, өрт және т.б.) модельдеуге, тиісті болжамдар, ұсынымдар мен іс-қимыл жоспарын жасауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе әзірлеуге тиіс. Айтпақшы, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар, ең алдымен, облыстардың әкімдері жазғы маусымға да дайын болуы қажет. Өрт немесе басқа…

Толығырақ

– Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға тиісті барлық көмек көрсетілсін. Бұл мақсатқа Үкіметтің және әкімдіктердің резервін ғана емес, «Қазақстан халқына» қорының қаржысын да пайдалану қажет. Осындай жауапты сәтте еліміздегі бизнес өкілдерін халыққа қол ұшын созуға шақырамын. Апаттан зардап шеккен азаматтарға және аймақтарға барынша қолдау көрсету керек. Бұл – дәл қазіргі кезеңде баршаға ортақ міндет. Қарғын судан қатты шығынға ұшыраған батыс аймақтарда ірі кәсіпорындар көп. «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялар, жер қойнауын игерушілер бар. Олар халыққа жәрдем беріп, бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіруге атсалысады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. – Биылғы қарғын су ауқымы жағынан соңғы 30 жылдағы ең ірі су тасқыны саналған 2012 және 2017 жылдардағы деңгейден асып кетті. Бұл нені білдіреді? Болжам жұмыстары мүлдем болмаған. Жағдай салалық мамандардың тапшылығынан туындап отыр. Егер әкімдіктер жыл сайын су тасқынына қарсы жоспарланған барлық іс-шараны тиісті деңгейде жүзеге асырғанда, ауа-райы жағдайын ескергеннің өзінде, апаттың салдары мен ауқымы мұншалықты болмас еді. Соған қарағанда, әкімдіктер бұл жұмыстармен айналыспаған. Қазір су тасқынынан төнетін қауіп сейілді деуге келмейді. Сондықтан Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық ұланның,…

Толығырақ

Эпицентрі Алматы қаласынан батысқа қарай 308 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Магнитудасы 5.3. Жамбыл облысының Мерке ауылында 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ

Толығырақ