Автор: asylbek

Біржан сал ауданының басқарып отырған Дастанбек Есжановты кеше Көдебас ауылының тұрғындарының ащы айқайы амалсыздан орнынан тұрғызды. Төтенше Жағдайлары қызметі (Бұрынғы Уәлиханов ауданына қарасты Южный ауылын) әрең дегенде тауып барыпты «түннің бір уағында». Биылғы жылы көдебастықтарға оңай болмапты. «Біраз жылқы қырылды, бар жоғы 25 үй бар. Су жоқ. Жол жоқ. Қысқа кезінде дүрілдеп тұрған ауылдың шамы сөнуге жақын. Қаладан жұмыс іздемей, ауылда тұрақтап жан бағып отырмыз. Ауыл әкімі Нұрбек Шакиров деген азамат екен. Уәлихан селолық округіне қарайтын ауылға, ауыл әкімі жарты жылдан бері мүлдем ат ізін салмаған. Өйткені «биылғы соңғы жыл…» келер жылы әкім болмайтын да шығар,-дейді Досымбек есімді көдебастық тұрғын.…

Толығырақ

Алты Алаш көсемі Әлихан ұлттық тәуелсіздік алуды сонау 1917 жылы-ақ нақты жоспарлап, Алаш-қазақ елін 20-25 жылда әлемнің жетекші елінің біріне айналдыру мақсатын көздеді Жалпы «Алаш» идеясын Жапонияны 21 жылда артта қалған аграрлық елден әлемнің ең қуатты мемлекетіне айналдырған Мэйдзи бағдарламасының қазақша баламасы болатын. Әлихан жапондармен қатар Батыс Еуропа елдерінің тәжірибесін өз еліне қаз қалпында орнатпай, халқының өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрінің негізін сақтап «мәдени ренессанс» жасады. «Тірі болсақ, алдымыз үлкен той, – деп қазақтың таяу арада ұлттық тәуелсіздік алатынына зор сеніммен жазды Әлихан 1917 жылдың тамызындағы «Қазақ депутаттары» айдарлы мақаласында, -–Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек…

Толығырақ

Елімізге қаншама қайғы-қасірет әкелген полигон  1991 жылдың күзінде жабылды. Осылайша 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. 1947 жылы тамызда КСРО Министрлер кеңесінің шешімімен шартты түрде «№2 оқу полигоны» деп аталған Атом полигонын құру туралы қаулы қабылданды.Полигон құрылысы үшін Семейден батысқа қарай 140 шақырым жерде жан-жағы шағын таулармен қоршалған және халық көп шоғырландырылған жерден алшақ территория таңдалып алынды. Бұл аймақ темір жол, әуе және Ертіс өзені арқылы өтетін су көлігі қатынасының болуы және оңтүстік Оралдағы Атом өнеркәсібі жақындығымен қолайлы еді, полигонды басқару жұмысы И.В.Курчатовқа жүктелді. Мемлекет тарапынан жобаны КСРО Ішкі істер министрі Л.П.Берия басқарды. Полигондағы…

Толығырақ

ҚазТАГ — Бектенов «Отбасы банкіне» қатысты депутаттардың сынына жауап берді, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі. «Отбасы банк» АҚ (Банк) тұрғын үй құрылысы жинақтарының шарттары бойынша қарыз салымшыға кемінде үш жыл шотта қажетті соманың 50% міндетті жинақтаған кезде беріледі. Бұл ретте қарыз алушы банктің сыйақысын жинақталған қаражатты есепке алмай, қарыз сомасына ғана төлейді, деп жауап берді үкімет басшысы Олжас Бектенов депутаттық сауалға. Оның айтуынша, егер салымшының қаражат жинауға мүмкіндігі болмаса, бірақ қажетті соманың 50% бар болса, ол аралық деп аталатын қарызды мерзімінен бұрын ала алады. «Бұл жағдайда соманың 50% салынған қаражат аралық қарызды пайдалану кезеңіне (үш жыл) кепіл ретінде әрекет етеді. Бұл тәсілде…

Толығырақ

 ҚазТАГ – Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова. «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде 2022 жылғы 1 қаңтардан жекелеген санаттағы азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ кіші медициналық персоналдың жалақысы 2022 – 2025 жылдар аралығында жыл сайын орта есеппен 20% кезең-кезеңімен медициналық көрсетілетін қызметтердің барлық түрлеріне тарифтерді ұлғайту арқылы арттырылуда. Нәтижесінде төрт жыл ішінде олардың жалақысы екі есеге артады», — деп жауап берді Тамара Дүйсенова депутаттық сауалға. Үкімет басшысының орынбасары бұдан басқа, медициналық ұйымдарда жұмыс істейтін кіші медициналық персоналдың жалақысын көтеру үшін денсаулық сақтау министрлігі, ұлттық денсаулық сақтау палатасы және қызметкерлердің кәсіптік одақтары арасында…

Толығырақ

ҚазТАГ – Бейсенбі күнгі жағдай бойынша қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) $1 орташа бағамы Т446,77-ге жетті. Бейсенбі күнгі сауда-саттыққа қатысты доллар Т1,35–ке арзандады. KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т445,8 — Т448,5 болды. Сауда-саттық көлемі $213 302,8 мың болды.

Толығырақ

Қазақстанда  ер адам Т11 миллион жинау үшін Т168 мың орташа тұрақты атаулы жалақыға 29 жыл жұмыс істеуі керек, деп есептейді, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Әділ Құсманов. «Қазіргі уақытта Қазақстандағы орташа айлық жалақы айына шамамен Т168 мың құрайды, ал медианалдық жалақы — айына шамамен Т106 мың (медианалдық жалақы — жұмыс істейтін халықтың жартысы төменгі жалақы алады дегенді білдіреді). Есептеулер үшін біз зейнетақы жинақтары бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесін 6% аламыз, бұл Қазақстандағы инфляция деңгейіне жақын көрсеткіш, сонымен бірге біз барлық кезең үшін белгіленген жалақы аламыз. Осылайша, орташа атаулы жалақы алатын ер адам қажетті…

Толығырақ

Финляндия билігі «Southwind компаниясын іс жүзінде Ресей бақылап отыр» деген қорытындыға келген. Ресей туроператорларының қауымдастығының хабарлауынша, тыйымның салдарынан ресейлік туристер 29 наурызда Шарм-Эль-Шейхтан Мәскеуге дер кезінде ұша алмаған. Олар ЕО аумағын айналып өтетін бағыт яғни, Қара теңіз, Грузия, Каспий теңізі және Қазақстан арқылы 11 сағатқа кешігіп Ресейге жеткізілген. Southwind Airlines әуе компаниясы 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін көп ұзамай құрылған. Оның штаб-пәтері Антальяда шоғырланған. Немістің Bild басылымының жазуынша, барлық үш ұшақ ресейлік Nordwind әуе компаниясынан алынған. Компания Түркия мен Ресейге рейстер ұшырған, бұған қоса Германия, Швейцария, Грекия, Солтүстік Македонияға ұшқан. Тыйымның салдарынан енді әуе компаниясы Швейцария мен Солтүстік…

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті қаламгер, драматург, «Отан» орденінің иегері, Мемлекеттік және М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты Сәбит Досановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. – Сәбит Айтмұханұлы қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына елеулі үлес қосты. Ұлттық проза мен драматургияның дамуына нағыз шығармашыл тұлға ретінде бар саналы ғұмырын арнады. Көркем туындылары сүйікті оқырмандарының тарапынан жоғары бағаланды. Соңына өшпес әдеби бай мұра қалдырған Сәбит Айтмұханұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Толығырақ

Басылым мәліметінше, Түркістан облысында қылмыс саны 9 пайызға төмендегенімен, ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтық деректері азаймай тұр. Тіпті өңір тұрғындары арасында пирамидаға сеніп, қыруар қаражатынан айырылғандар да бар. Қаражатын көбейтіп аламыз деп алданып қалғандар саны 2000-нан асады. Қазір осы жайтқа қатысты 2 қылмыстық іс қаралып жатыр. «Түлкібас және Төлеби, Жетісай, Мақтаарал аудандарының тұрғындары екені анықталған. Бұл істер бойынша тергеу сотының қаулысымен 2 әйелге қатысты 2 айға күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылып, жалпы 15 күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды», — дейді Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай.

Толығырақ