Автор: asylbek

Қазақ ұғымындағы жеті жұт: 1. Топан су — ел мен жерге жұт 2. Қуаңшылық — егін-шөпке жұт 3. Өрт — мал мен басқа жұт 4. Оба — жалпы жұртқа жұт 5. Соғыс — қарғыс атқан қанды жұт 6. Зелзала — жер мен елге тегіс жұт 7. Қарлы боран — қара құйын — малға келген қырғын жұт Қазақ халқы — көрген түсін де, кірген жылын да жұтқа емес, құтқа санап, алдағы жақсы күндерден жақсылық күтеді. Түсін жақсылыққа жориды, кіген жылын құтқа бағалайды. Бұл халықтың ұлы үміткелік рухының жарқын көрнісі деуге болады. Ал ел мен жерге, жан мен малға жойқын апат…

Толығырақ

Ішкі істер министрлігінде Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күндері атап өтілді. Ел амандығы үшін күні-түні қызмет етіп жүрген сақшылар мен айбынды ардагерлерге құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. – Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні – рухы жағынан бір-бірін толықтыратын, ұрпаққа сабақ болатын қос тарихи күндер. Кешегі жау оғынан қорғаған майдангерлер, тыл еңбеккерлері және бейбіт заман батырларының ерліктерін ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз! – деді ішкі істер министрі Ержан Саденов. Айтулы күні Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмат Рахимов “Құрмет” орденімен марапатталды. Сұрапыл соғыста табандылығымен елді жаудан қорғаған ақсақал бүгінде 100 жасқа толып отыр. Тәуелсіздік жылдары қызмет бабында ішкі істер органдарының…

Толығырақ

Еліміздің сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, өзбекстандықтар Ресейде жүрген кезде тәртіп бұзса немесе айыппұл төлемесе, Қазақстан билігі Өзбекстан азаматыныңелге келуіне немесе шығуына тыйым салу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан азаматтары өзбек-қазақ немесе ресей-қазақ шекарасын кесіп өткен кезде Қазақстанға ғана емес, Ресейге де кіруге кедергілердің бар жоғын алдын ала анықтауы керек.

Толығырақ

Олигарх Мейфэр ауданында орналасқан, сәнді жылжымайтын мүлкін 19 миллиард 197 миллион теңгеге (35 миллион фунт стерлинг) бағаланған. Ол Аппер-Гросвенор-Стрит көшесіндегі үйді наурыз айының басында сатқан. Мүлікті Deutsche Bank-тің бұрынғы директоры Бен Уильямс негізін қалаған North Wind Capital сатып алды. Жаңа қожайындар ғимаратты қайта салуды көздеп отыр екен

Толығырақ

Бүгінгі таңда Қазақстанның кейбір өңірлерінде егіс жұмыстары жүргізіліп жатыр, 1,5 млн га жерге егілді. отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, сондай-ақ Түркістан, Ақмола және Қостанай облыстарының әкімдері егіс науқанының барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Malim.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2024 жылдың болжамды егіс алаңы 23,8 млн га құрайды. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бидайдың егістік алаңдары биыл қысқарады, алайда майлы дақылдар алаңын 373 мың гектарға және азықтық дақылдарды 66 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда. Бүгінгі таңда Қазақстанның кейбір өңірлерінде егіс жұмыстары жүргізіліп жатыр, 1,5 млн га жерге егілді. Ал жаппай егіс науқаны осы жылдың мамыр…

Толығырақ

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында бірқатар өңірде Жылу электр стансалары тозып кеткенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz. Ведомство басшысы министрлік жылу желілерінің тозуы өте жоғары 12 қаланы анықтағанын атап өтті. 2023 жылдың соңында ЖЭС-тердегі орташа тозу 73% болған: Екібастұз – 91%; Павлодар – 83%; Степногорск – 82%; Атбасар – 76,5%; Петропавл – 74%; Ақтау – 71%; Арқалық – 68%; Рудный – 68%; Семей – 68%; Теміртау – 67%; Кентау – 65%; Риддер – 59,5%. Министр Қанат Шарлапаевтың айтуынша, алдағы жылыту маусымының үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында 12 аса маңызды қалада 47,2 шақырым жолды жөндеуге 33 миллиард теңге бөлінген. Отырыста Премьер-министр…

Толығырақ

  Кезінде төскейде малын бағып, төрінде етін жеп отырған берекелі де мерекелі   Маралды ауылының тынышы кеткелі екі жыл болды. Қазақтың жері қазынаға толы екендігі мәлім. Менделеев таблицасының барлық элементтерін құдайдың өзі бере салған ұлан байтақ даламызға кімдер көз алартпады? Бірақ олар жаугершілікпен алмақшы болды. Алайда, ата бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, қазіргі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Тіпті әйгілі Қаныш Сәтбаевтың өзі тауып жатқан жерасты минералдарының біразын айтпай, «болашақ ұрпаққа керек болар» деген үмітпен қалдырған деседі. Сонымен Маралды ауылының саф алтынның үстінде отырғанын біліп алған бизнесмендер мен билік өкілдері ауылдың жанынан алтын өндіретін зауыт салу жөнінде «жасырын»…

Толығырақ

PhD, бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және доцент атағы үшін төленетін қосымша ақы 92 300 теңге Ал ғылым докторы және доцент ғылыми атағы үшін 155 064 теңге PhD, бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты, ғылым докторы дәрежесі және профессор ғылыми атағы үшін 184 600 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Ғылыми дәрежелері мен атақтары үшін осындай ай сайынғы қосымша ақы негізгі жұмыс орнында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми қызметкерлерге де белгіленді. 40 жасқа толмаған дарынды жас ғалымдарға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қорының инвестициялық кіріс қаражатынан стипендия алу құқығы берілді. Мемлекет басшысы «ғылым және білім беру…

Толығырақ

Оған қоса Азия, Африка және Таяу Шығыстағы жылдам дамып келе жатқан елдермен ынтымақтастықтың перспективасы зор. Бұл туралы Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты. – Әлемдік жалпы ішкі өнімнің қазіргі 60 пайыздық өсімі тек Азияға тиесілі болады деген болжамды ескерсек, Жаһандық Оңтүстікпен арадағы кооперация ерекше қызығушылық туғызады. Қазақстан сияқты Парсы шығанағының нарығына шығу үшін Экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді Халықаралық көлік дәлізін құру жөніндегі Ашхабад келісіміне қосылуға шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Толығырақ

Бұл туралы Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты. – Бірлестігіміздің жаһандық нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндік мол екені анық. Еуразиялық экономикалық комиссияға Одақтың сыртқы контурдағы әлеуетін нығайту мақсатында жүйелі шешімдер әзірлеуді тапсыруды ұсынамын. Еуразиялық өнімді шетелдік нарыққа неғұрлым белсенді шығару үшін тиісті жағдай жасау қажет. Тауарды үшінші елдерге кедергісіз тасымалдау ісін қамтамасыз ету өте маңызды. Әлемдік экономиканың трансформациясы аясында Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен еркін сауда туралы келісімдер желісін кеңейтудің мәні зор. Бұл экспорттаушыларымыздың жаңа нарықтарға шығуын барынша жеңілдетуге, оларды өңірлік және жаһандық өндірістік тізбектерге қосуға мүмкіндік береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Толығырақ