- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің қолдауымен «Qazaq culture» сайты әзірленді. Сайт елдің мәдени мұрасын насихаттап, ұлттық брендті танытуға бағытталған. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Эльвира Жүргенбаева ОКҚ алаңында мәлім етті. «Еліміздегі мәдени мұраның сан түрлілігін көрсететін ауқымды жоба БҰҰ-ның 6 тілі және қазақ, түрік тілдерінде ақпарат таратады. Ақпараттық порталда Қазақстанның бірегей мұрағат қорының дерегі ерекше орын алып отыр», — деді спикер.
Қазақстанның он облысын су басты. Дайындық «шартты түрде» болғанын премьер де мойындады Тасыған су бірнеше бас жылқы мен сиырды жаңқадай ағызып әкетіп барады. Екпіні тракторды қайықтай қалқытады. Ал үйінің бел ортасына дейін су басып, қара жолдан күдер үзіп, кеш батқанша шатырда тұрып көмек күткен адамдар әуедегі тікұшаққа жанұшыра қол созады. Бұл – бірнеше елді мекенін қарғын су алған Қостанай облысындағы ахуал. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына қарағанда, дәл осы облыста жағдай өте күрделі. Жалпы қазір елдің 10 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Кейбір аймақта төтенше жағдай жарияланған.
Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереевтің сөзіне қарағанда, жексенбі, 24 наурызда күн күрт жылынып, қар ери бастаған. Ал сәрсенбі күні кешкілік Қобда өзені арнасынан тасып, ауылдың батыс бөлігіндегі 97 үйді су басып қалды. Тұрғын үйлерден бөлек он шақты ғимарат суда тұр. Оның арасында бизнес және әлеуметтік нысандар бар. – Тасқынның беті әлі де қайтпай тұр. Сондықтан су басқан үйлер мен ғимараттар саны әлі де көбейе түсуі мүмкін. Бір жақсысы, мал-жан аман, – дейді Ізгілік Тынымгереев. Әкімдіктің мәліметінше, Мұғалжар ауданында тасқыннан зардап шеккен тұрғын үй саны Қобдадағыдай көп емес. Ресми деректе 15 үйге су кіргені айтылады. Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов жергілікті…
28 наурызда Астанада Майқайыңда шұңқырға құлаған автобус бойынша сот басталды. Павлодар облысында алтын өндіретін «Майқайың алтын» арнайы комиссияның апатқа 100 пайыз компания кінәлі деген ұйғарымына келіспейді Майқайыңдағы үйінді астында қалған құтқарушы Айдос Шаймерденнің әйелі Нұрсұлу Шаймерден компания мен билік арасында сот жүріп жатқанда, күйеуі мен оның әріптесін іздейтін уақыт өтіп жатыр дейді.
Айсұлу Сүлейменова 2011 жылы үлкен жол апатына ұшырап, соның салдарынан екі аяғынан айырылған. Ол екі аяғы болмаса да, протезге үйреніп, жүре бастады. Бүгінде Айсұлу Қазақстанның паралимпиада құрамасында жаттығады. Кейіпкеріміз осы жылдың басында Дубай қаласында өткен жеңіл атлетикадан сәтті өнер көрсетіп, жүлделі 2 орынға ие болды.
Сандықтау ауданы прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде жер заңнамасының сақталуының заңдылығына талдау жүргізді. Прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мемлекет басшысының 2016 жылғы 6 мамырдағы мораторий енгізу туралы Жарлығын бұза отырып, шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру шарттарында уақытша жер пайдалану құқығын беру фактілері анықталды. «Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша сот шешімімен мемлекеттік қорға кадастрлық құны 42,5 млн теңгенің, ауыл шаруашылығы мақсатындағы, шетелдік тұлғаға заңсыз берілген 1,4 мың гектар жер қайтарылды», — делінген хабарламада. Жер заңнамасының сақталуының заңдылығы мәселесі қадағалау органының тұрақты бақылауына алынды.
Қызылордада үйінде есінен танып, құлап жатқан егде жастағы әйелге құтқарушылар көмектесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бүгін таңертең Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесіндегі тұрғын үйдің пәтерінің сыртқы есігін бірнеше сағаттан бері ашпай жатқаны жөнінде шақырту түсті. Оқиға орнына Жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы барды. Туыстарының қатысуымен, слесарлық құралдарды пайдаланып, осы пәтердің сыртқы есігін ашып берді. Пәтер ішіндегі жуынатын бөлмеде 1958 жылы туған егде әйел адам құлап жатқаны анықталды», — делінген хабарламада. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлерін шақырып, оларға көмектесіп, әйел адамды жедел жәрдем мамандарына тапсырды.
ӘМАТ-қа қатысты сауда үстемесінің шектеуін сақтамағаны үшін әкімшілік жаза қатайтылғалы жатыр. Былтырғы жыл қорытындысында дүниежүзілік рейтингке кірген 151 мемлекеттің ішінде 130 елде инфляция төмендеп барады. Мысалы, ТМД-дағы Грузияда бағаның жылдық құнсыздануы бар-жоғы 0,4%-ды құрады. Қазақстан болса, билігі бағаны ырқына көндіре алмаған аз шоғыр аутсайдер елдердің қатарына кірді. Ол Азиядағы ең нашар көрсеткішке ие. Республика Үкіметті жаңартқанымен, инфляция оған да бой беретін емес. Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, елімізде 2024 жылғы ақпан айының қорытындысында жылдық инфляция 9,3%-ға жетті. Алдыңғы қаңтар айында бұл көрсеткіш – 9,5% болды. Тиісінше, Қазақстан халқы және тауарын теңгеге сататын бизнес ай сайын осындай қарқынмен кедейленеді. Ұлттық статбюро инфляцияға…
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сотта Айтбек Амангелді соққыға жығылған қарындасы Салтанат Нүкенованың суретін көрсетті. Менің ойымша, мұнда жұдырықпен мақсатты түрде соққы жасалған. Мен Салтанаттың жағдайын көріп шошып кеттім. Ол маған бұл фотоларды жіберіп, хат жазды. Менің бірден оған хабарластым. Түн ортасы болатын, ол қоңырауды көтерген жоқ. Мен уайымдап, Қуандыққа қоңырау соқтым. Қуандыққа “не болып жатыр?”, “неге маған мұндай сурет жіберді?” деген сұрақ қойдым. Ол маған үйдің алдына кел, сөйлесіп, талқылайық деп жауап берді, – деді Айтбек Амангелді. Амангелдінің сөзінше, Қуандық кіреберіс алдына шықпаған. Кейін 5-ші қабатқа көтеріліп үйге кірген. Онда Бишімбаевтың (еск — екінші…
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов ТЖМ-нің Дағдарыстық жағдайларда басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің есебін тыңдады. Аумақтық ТЖД-лар бейнеконференцбайланыс режимінде қосылды. ТЖМ деректері бойынша әкімдіктермен бірлесіп, 2,3 млн м3 астам ағын су шығарылып, 162 мыңнан астам құм толтырылған қапшық және 31 587 тонна инертті материал төселді. Апаттық-құтқару жұмыстарына 6 349 адам, 2 192 техника, 689 сорғы құралы және т.б. жұмылдырылды. «Бұл – соңғы жылдардағы ең үлкен су тасқыны. Қазір бастысы – адам өмірін сақтап қалу және апат зардаптарын азайту. Бүгінде барлық күш су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды. Менің бірінші орынбасарым Роман Васильевич Скляр ең қатты зардап шеккен өңірлерде жүр» , — деді Олжас…