Автор: asylbek

Абай облысы: — «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз» тас жолының 923 шақырымы, 29.03.2024 ж. сағат 05:00-де су тасқыны тоқтатылды. — «Омбы-Майқапшағай» тас жолының 910-1005 шақырымы, Қалбатау-Көкпекті ауылдарының учаскесі, 29.03.2024 ж. сағат 08:30-да қозғалыс ашық. Қарағанды облысы: — «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» тас жолының 124 және 149 шақырымы, 29.03.2024 ж. сағат 05:40-та су тасқыны тоқтатылды. — «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» тас жолының 147-166 шақырымы, Алғабас-Ақмешіт ауылдарының учаскесі, 29.03.2024 ж. сағат 07:20-ла қозғалыс ашық. — «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз» тас жолының 89 шақырымы (Шешенқара ауылы, ІІІ санат), су тасқынының ұзындығы 65 метр, биіктігі 5 см. Диаметрі 1 метр болатын 3 ұңғылы су өткізгіш құбыр бар. 29.03.2024 ж. сағат 07:20-да су тасқыны тоқтатылды. Ақмола…

Толығырақ

– Боао форумына қатысқаныма қуаныштымын. Бұл өте маңызды әрі қолдауға лайықты шара деп санаймын. Сондықтан мен арнайы келіп, форумда сөз сөйлеуге шешім қабылдадым. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Төраға Си Цзиньпинге жылы лебізімді жолдағым келеді. Оның шілде айының басында Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарын асыға күтеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Толығырақ

1 сәуірден бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық білім беру деректер қорында педагогтерді мектепке жұмысқа қабылдау бойынша жаңа модульді іске қосады. Енді педагогтің барлық мәліметтері «Педагог портфолиосы» модулінде жинақталады. Мұнда педагог туралы, оның білімі, денсаулық жағдайы, жұмыс тәжірибесі, құқық бұзушылықтар, аттестаттаудан өту, марапаттары және тәлімгерлік пен цифрлық құжаттар туралы электрондық ақпарат сақталады.

Толығырақ

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сян Вэньбо «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Корпорация Қазақстанда жалпы қуаты 1ГВт жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруға қатысып жатыр және жаңартылатын энергия көздеріне арналған мұнара, қалақ және гондола құрастыратын зауыт салу мүмкіндігін қарастыруда. Мемлекет басшысы Қазақстанның Sany Group Co. Ltd компаниясымен арадағы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екеніне назар аударды. Атап айтқанда, елімізде арнаулы техникалар, сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектерін шығаратын бірлескен өндірісті жолға қою перспективті саналады. Қытай компаниясына Қазақстанда аймақтық R&D орталығын ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Бұл орталық компанияның ЕАЭО нарығындағы қызметін ілгерілетуге септігін тигізеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Сян Вэньбоны…

Толығырақ

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Ақмола облыстарында 4 694 адам, оның ішінде 1 682 бала эвакуацияланды. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 447 адам, оның ішінде 180 бала эвакуацияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 6349 адам, 2192 бірлік техника, 689 бірлік су айдау құралы және 55 бірлік жүзу құралы, ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, ҰҰ, жергілікті атқарушы органдардың 12 әуе кемесі жұмылдырылды

Толығырақ

Президент ҚХР-ға жұмыс сапары аясында State Power Investment Corporation (SPIC) компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Миншэнмен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, соның ішінде жаңартылатын энергия көздеріне негізделген серіктестік перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа China Power International Holding еншілес компаниясының Қазақстанда белсенді жұмыс істеп жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Соңғы бес жылда Жаңатаста жел энергиясы жобасы жүзеге асырылып, Қарағандыда күн электр станциясы салынды. Қытайдың ең ірі энергетикалық компанияларының бірі саналатын SPIC корпорациясының басшысы Жамбыл және Павлодар облыстарында жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр станцияларын салуға қатысты жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. Бұл жобаларға бір…

Толығырақ

Сингапурда өткен First Lego League Challenge робототехникадан халықаралық чемпионат аяқталды. Оған Оңтүстік Корея, Малайзия, Польша, Индонезия және Қытайдан 100-ден астам оқушы қатысты. Аталған додада қазақстандық оқушылар әлемнің жас инженерлерімен бәсекеге түсті. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар ең жоғары марапаттарға ие болып, рекорд орнатты.

Толығырақ

Ресеймен ауылымыз аралас, қойымыз қоралас болғанымызға 300 жылдан асты. Оның 70 жылын КСРО-ның кезінде бірге өткіздік. Бір елміз дедік. Тілін үйрендік. Білім алдық. Совет Одағы жасасын дестік. Уралап, Отан қорғадық. Ауғанды шаптық.  Ленин, Марск, Энгельс ілімдерін оқыдық. Діннен бездік. Тілден айырылдық. Салт-дәстүрімізді ұмытып қала жаздадық. Миллиондап қырылсақ та «алғыс» айтудан жалықпадық. Нәтижесінде 1991 жылы тәуелсіздігімізді алып өз жөнімізге кеттік. «Кеттік» деген аты ғана. Қағаз жүзінде тәуелсіз болсақ та іс жүзінде барлық әлеуметтік-экономикалық салада басыбайлы боданның күйін кештік. Электрэнергиядан бастап интернетке дейін Ресейден алатын болдық. Отыз жылда бір атом электрстанциялары мен жылу электр станциялары, мұнай өңдеу, машина шығару өндірістерін…

Толығырақ

Бұл туралы ақпарат елшіліктің Telegram арнасында жарияланды. «Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Польша немесе Молдова арқылы өтетін екі жерүсті бағытты, сонымен қатар коммерциялық рейстерді пайдалана алатынын атап өтеміз. Польша арқылы кеткен жағдайда қазақстандықтарда шенген визасы болуы керек, Молдоваға кіру үшін виза қажет емес», — делінген хабарламада.Сондай-ақ елшілік азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертулерге мән беруге және дереу қауіпсіз жерді паналауға шақырды.

Толығырақ

Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді. “Бүгін Алматы облысында 3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлау фактісіне қатысты іс бойынша соңғы сот отырысы өтті. Ер адам өмір бойына, оның әйелі (3 жасар қыздың әжесі және 9 жасар қыздың анасы) 25 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген жазбада.

Толығырақ