- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
2024 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде қалдықтарды басқару бойынша МЖӘ жобаларының жаңа және басым бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) Қазақстандағы метан шығарындыларын азайту мәселесін көтерді. Өз кезегінде корпорация заңнамалық базаны әзірлеуге және метан шығарындыларын азайту бойынша жол картасын әзірлеуге көмек көрсетуге дайын.
Осыдан екі күн аулаларын мен көшелерін толық су басқан Ақмола облысының Қоянды ауылының тұрғындары «Павлодар-Астана» тас жолын жабуға мәжбүр болды. Себебі қыстай шығарылмаған қар суы еріп, ауыл мен аулаларға, үйлерге кіре бастағанын айтқанмен ауылдың атқамінерлері мен ауданның шенеуніктерінің бірі де мән бермеген. Жанайқайын ешкім естімеген соң амалсыз тас жолды жапқан ауыл тұрғындарын ОМОН мен полиция әкеліп қорқытып, таратты. Ол аз болғандай «заңсыз митингі» жасады деген желеумен айыппұл салып кетті. Мәселеге мән бермей, көрпе астында тығылып жатқан Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Оспанбеков пен төтенше жағдайлар департаментінің басшысы әйтеуір амалсыз келді. Ертеңінде ғана төтеншеліктердің техникалары келгенмен ауылды әлі күнге дейін су…
Владимир Путин «Елімізде 190 ұлттан тұратын түрлі этнос өкілдері тұратындығын естен шығармауымыз керек. Кейбір азаматтарымыз кеуделерін соғып «Ресей, тек орыстар үшін» деген типтегі мәлімдеме жасайды. Менің қорқынышым осы азаматтарда. Елімізде миллионнан астам халқы бар этностар бар. Біз барлығына тең әрі құрметпен қарауымыз керек. Олардың барлығы да Ресейдің дамуына үлесін қосып келеді. Мұндай деструктивті көзқарастар елдің ішіне лаң салады. Нәтижесінде бұдан тек орыс халқы зардап шегеді. Біздің бір отанымыз және біртұтас халқымыз бар екенін естен шығармауымыз керек» деді.
Ұлттық компанияның Telegram арнасындағы ақпаратынша, бұл жұмыс кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау мақсатында және Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. «Зауытта жұмыс басталған уақытта ішкі нарыққа мұнай өнімдерін біркелкі тиеп, жөнелту үшін барлық өнім желісінің жеткілікті қоры жинақталды. Бұл ретте Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде отын өндіруді жалғастырады», — делінген хабарда.
Кездесу барысында ШЫҰ жұмысын дамыту және оны одан әрі жетілдіру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Президент Ұйымның «Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» атты Астанада өтетін алдағы саммитіне Қазақстан тарапы ерекше мән беретінін жеткізді. – Бізге тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажет деп ойлаймын. Өйткені қазіргі геосаяси ахуалды ескерсек, алдағы Астана саммитінің маңызы өте зор. Саммит барысын және оның аясында қабылданатын шешімдер мен келіссөздерді бүкіл әлем бақылап отырады. Білуімше, Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары аталған жиынға түгел қатысуға ниет білдіруде. Ұйымдастырушы тарап ретінде Қазақстан саммиттің табысты өтуі үшін қолдан келген шараның бәрін жасайды, – деді Президент. Чжан Мин Шанхай ынтымақтастық ұйымының…
Биыл 15 сәуірде «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» бірлескен бұйрық күшіне енеді Бірлескен бұйрық негізінде өзбекстандық «үшінші елдерден/елдерге» жүк тасымалдауға арналған рұқсат бланкілері электрондық форматқа ауыстырылып, қазақстандық тасымалдаушыларға мемлекеттік шекарадан өту фактісі бойынша өткізу пунктілерінде беріледі. Осы ретте 28 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін өзбекстандық «үшінші елдерден/елдерге» рұқсат бланкілері шекарада қағаз құжатпен берілсе, 15 сәуірден бастап атаулы бланктер шекарада электрондық түрде берілетін болады. Аталған механизм тасымалдаушыларға жүк тасымалын жеңілдетуге мүмкіндік беріп, кезектегі орындарды сату…
2024 жылдың 28 наурызында Астана қаласында Халықаралық Аралды құтқару қорын тұрақты дамыту жөніндегі мемлекетаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста Қазақстан Республикасының төрағалығы кезеңінде (2022-2024 жылдар) ОДМК атқарған жұмысы туралы, ОДМК алдыңғы отырысының шешімдерін іске асыру туралы және өңірдегі экологиялық ынтымақтастықтың басқа да мәселелері туралы есеп тыңдалды. Қорытындыда шешімдерге қол қойылып, Қазақстан Республикасынан Тәжікстан Республикасына Төрағалық ету өкілеттіктерін беру рәсімі жүргізілді. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев өз сөзінде атап өткендей, «Жаһандық және өңірлік экологиялық проблемалардың өсуімен бірлескен ынтымақтастық қажеттілігі тек артып келеді. Климаттың өзгеруінің Орталық Азиядағы су ресурстарына әсері туралы мәселе ерекше өзекті болып отыр. Біздің аймақтағы…
Кей жекелеген БАҚ өкілдерінің Қайрат Боранбаевтың мемлекет пайдасына активтерді беруі жалған болғаны туралы таратқан ақпараты шындыққа жанаспайды. Жарияланған ақпараттарға сай активтерді мемлекеттік органдардың балансына беру процесі аяқталды. Екі нысан бойынша қайта тіркеу рәсімі өткізіліп жатыр», — деп жазылған ведомство хабарламасында.
Президент Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Матиас Корманмен кездестіБоао Азия форумының аясында Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесу өткізді.Қазақстан Президенті Бас хатшыға ілтипат білдіре отырып, оның Боао форумына қатысуы ЭЫДҰ-ның Азияға айрықша назар аударатынын дәлелдейді деп атап өтті. – Бұл аймақты алып экономикалық қауымдастық деуге болады. Сондай-ақ Қазақстан осы кеңістікте, кем дегенде, өңірлік өлшемде аса маңызды рөл атқарады. Форумда сөйлеген сөзімде ЭЫДҰ-мен арадағы ынтымақтастыққа ерекше мән беретініміз жөнінде айттым. Өкілдеріміз ЭЫДҰ комитеттерінің отырыстарына тұрақты түрде қатысады. Біз ұйымның ұсыныстарын ескеруге тырысамыз. Өздеріңізге мәлім, мен Қазақстанның экономикалық саясатын ЭЫДҰ-ның жоғары стандарттарына сәйкестендіру…
2024 жылғы 22 ақпанда Назарбаев университетінің (NU) бұрынғы президенті Шигео Катсудың «Либерал құндылықты қорғаушылар Назарбаев университетіндегі саботажды айыптауы керек» деген мақаласы жарық көрді. Бұл мақала Қанды қаңтар оқиғасынан кейін ақпарат құралдары мен жалпы қоғамда өзекті бола түскен оқу орнының айрықша мәртебесі мен ондағы айқындықтың жоқтығы туралы әңгіме қайта көтеріле бастағаннан кейін басшылық ауысқанда жарық көрді. Катсу сол кездің өзінде үкіметке жақын қазақстандық басқарушылардың келуіне және оқу орнын қаржыландыру көлемі қысқаруы мүмкін екеніне алаңдады. «Қазірдің өзінде университет ауыр жағдайда тұр, жақын арада мүлдем құруы мүмкін. […] NU университет басшылығына келген, үкіметпен тығыз байланысы бар адамдардың ықпалына түсті», – деп жазды ол жуырда жарық көрген мақаласында. Алайда, сәл…