Автор: asylbek

Сот қаулысымен А. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А.-ға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) материалды зерттеді.

Толығырақ

Теміртау қаласының жолдарына тұрғындардан шағым көп. Шұрық-тесік асфальт көлік жүргізушілерінің әбден мазасын қашырған. жолдардың жалпы ұзындығы 720 шақырым болса, қазір оның 100 шақырымы жүруге жарамсыз. Қала басшылығы бұл мәселе кезең-кезеңмен шешілетіндігін айтады. Қаланың басты күре жолы саналатын Металлургтер даңғылының бойындағы жолдың жағдайы аянышты. Аталған жолды күрделі жөндеуді құрылыс маусымы басталған бетте бастамақшымыз. Мердігер анықталған, — дейді қала әкімі Ораз Таурбеков.

Толығырақ

– Құрметті Президент Тоқаев мырза, Сізбен кезекті рет кездескеніме өте қуаныштымын. Ең алдымен, Сізге Төраға Си Цзиньпиннің шынайы сәлемі мен ізгі лебізін жеткізгім келеді. Қытайда жыл сайын өтетін Боао Азия форумына қош келдіңіз! Сіздің осы жиынға қатысуыңыз қытай-қазақ байланыстарын дамытуға ерекше мән беретініңізді және форум жұмысына зор қолдау көрсететініңізді білдіреді. Жуырда еліңіз көктемнің дәстүрлі мейрамы – Наурызды тойлады. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Сізді және достас Қазақстан халқын осы мерекемен құттықтаймын. Былтыр Төраға Си Цзиньпинмен Сианьда және Бейжіңде екі рет кездестіңіз. Екіжақты қарым-қатынасты дамыту жөніндегі жаңа әрі ауқымды жоспар айқындалды. Қытай тарапы мемлекеттер басшылары қол жеткізген маңызды уағдаластықтарды іске асыру,…

Толығырақ

Мемлекет басшысы қазақ-қытай ынтымақтастығын мүлде жаңа деңгейге көтеруге тараптар бар күшін жұмсайтынын айтты – Жалпы, Қытаймен арадағы достық пен ынтымақтастықты нығайту біз үшін негізгі басымдық саналады. Жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастарды дамыту мақсатында Үкіметтің барлық ведомствосын ҚХР-дың тиісті мемлекеттік ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге бағыттаймыз. Бүгін форумда сөйлеген сөзімде екі елдің ынтымақтастығына, сауда-саттықты өркендетуге, Қазақстан экономикасында Қытай инвестициясының артып келе жатқанына байланысты нақты мысалдар келтірдім. Әрине, мұның бәрі айрықша мәнге ие. Осы орайлы сәтті пайдаланып, Сізді Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы ретінде Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруымды тағы бір мәрте растағым келеді, – деді Президент.

Толығырақ

Әңгімелесу барысында Президент жиынға шақырғаны және шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қытай Халық Республикасының басшылығы мен Боао Азия форумының Хатшылығына алғыс айтты. – Боао форумына қатысқаныма қуаныштымын. Бұл өте маңызды әрі қолдауға лайықты шара деп санаймын. Сондықтан мен арнайы келіп, форумда сөз сөйлеуге шешім қабылдадым. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Төраға Си Цзиньпинге жылы лебізімді жолдағым келеді. Оның шілде айының басында Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарын асыға күтеміз. Төраға Си Цзиньпиннің дана басшылығымен қолға алынған маңызды бастамалардың бәрі толықтай жүзеге асатынына сенімдіміз. Си Цзиньпин мырзаның елдеріміз арасындағы тату көршілік, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық қатынастарды және мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті…

Толығырақ

Әлемдегі электромобильдерге арналған аккумуляторларды шығаратын ең ірі қытайлық CATL компаниясы биыл аккумуляторларының құнын 50%-ға дейін төмендететінін мәлімдеді, деп хабарлайды The Asia Times. CATL және нарықтың тағы бір көшбасшысы BYD енді Конго Демократиялық Республикасындағы балалар еңбегі және қауіпті тау-кен өндірісімен байланысты қымбат және тапшы металл кобальтты пайдаланбай шығарылған электромобильдер аккумуляторларын өндіреді. Электр және гибридті көліктердің ең үлкен нарығы – Қытай, бірақ ондағы электр көліктеріне  2022 жылы 96% сұраныс өсімнен 2023 жылы 36% өсімге дейін төмендеді. Сол себепті аккумуляторлық алпауыт CATL кірісі шамамен екі жыл ішінде алғаш рет төмендеді. Соңғы уақытқа дейін электромобиль аккумуляторларының химиялық құрамы литий, никель, марганец және кобальтқа негізделген. Олар…

Толығырақ

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады. Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Толығырақ

Апелляция «Айкөркем ісі» бойынша айыпталған әскери қызметкер Арман Жұманды 7 жылға бас бостандығынан айырды 28 наурызда Астанадағы әскери сот ақтау үкімінің күшін жойды.

Толығырақ

Былтыр қарашада Гаага конвенциясына Қытай қосылғаннан кейін Қазақстанға көшіп келген Қытай азаматтарының құжаттарын реттеу тәртібі өзгерген. Қазақстан азаматтық алғысы келген қандастардан апостиль талап етеді. Үкімет Гаага конвенциясына қосылған елдерге қойылатын талап пен тәртіп ортақ, оны орындау керек дейді. Апостиль қойдыру үшін қандастарға қайтадан Қытайға баруға тура келеді.

Толығырақ

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері туралы, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізу туралы заң жобаларының таныстырылымы өтті. Жұмыс тобының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев заң жобасы аясында бірқатар жұмыс атқарылғанын айтты. Түзетулерге Мәжілістегі барлық фракция өкілдері бастамашы болды. 2 кодекс пен 7 заңға 50-ден астам өзгеріс енгізілді. Депутат Мемлекет басшысы тапсырмасын орындау мақсатымен лудоманиямен күрес жөніндегі заң жобасын осы сессияның соңына дейін қабылдау қажет екеніне тоқталды. Заң жобасында не қамтылған? – ойын бизнесіне қатысушыларды оның жағымсыз салдары, тәуекелдері мен зияны туралы міндетті түрде хабардар ету; – құмар ойындарға қатысу жасын 25 жасқа дейін ұлғайту;…

Толығырақ