Автор: asylbek

Енді Оралов президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарады. Айта кетейік, Асхат Оралов еліміздегі ең жас министр болған еді. Ол 1990 жылы дүниеге келген. Бұған дейін Amanat партиясының атқарушысы хатшысы, Астана әкімінің орынбасары, мәдениет және спорт министрі болып қызмет етті.

Толығырақ

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеханың айтуынша, мопедті айдау үшін А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу және 16 жастан асу керек. Осыдан кейін мопедтердің бәрін тіркеп, есепке қоямыз дейді. “Мопед жүргізушілерін анықтау қиын. Олар да соған үйреніп алған – ешкім танымайды, тіркемейді, ұстамайды. Егер автокөлік жүргізушісі мас күйде ұсталса біз оны 7 жыл көлік айдау құқығынан айырамыз. Жүргізуші куәлігінен айырылғандардың көбі мопедке “отырады”, себебі оларға қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін тек 5 АЕК айыппұл салынады – болды”, – деді Игорь Лепеха.

Толығырақ

Бүгін Сенат «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Мемлекет басшысының Ташкент қаласына сапары шеңберінде 2022 жылғы 22 желтоқсанда қол қойылған. Заңның мақсаты екі мемлекет арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамыту, олардың азаматтарының сапарларын реттеу, сондай-ақ бір мемлекет азаматтарының екінші мемлекеттің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін құқықтық негіз құру болып табылады. «Қазақстан мен Өзбекстан…

Толығырақ

Соңғы 50 жылдан бері адамның жыртқыштығымен аңқасы кепкен Арал теңізінің қазіргі жайы кісі аярлықтай. Ең үлкен трагедия – Арал теңізінің екі жағынан белдікше қаусырған Қызылқұм мен Қарақұмның бір-біріне тынымсыз жылжуы. Inbusiness.kz тілшісі инженер-гидротехник Әлібек Сабырбаевпен теңіз тағдыры турасында әңгіме өрбіткен еді. Өлкетанушының айтуынша, тереңдігі 70 метрге жуық теңіздің жоғалуы – адам сенбестей оқиға. «XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап Арал аймағы – «Экологиялық апат аймағына» айналды. Ширек ғасыр ішінде бір ұрпақтың көз алдында жер бетінен аумағы 6 миллион гектарға созылған, тереңдігі 69 метр теңіздің жоғалып кетуі – адам баласы сенбейтін жағдай. Сенбеске амалың жоқ, жүз жылдан аса хомо сапиенс (саналы адам) ұрпақтарының…

Толығырақ

Ағымдағы жылдың басынан бері 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактілері анықталды. Алаяқтар әрекеттерінің салдарынан азаматтарға 4 млрд теңгеден астам шығын келтірілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында хабарлады. «Биыл 1 мыңнан астам осындай қылмыс тіркелді. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін сізге біріншіден, тексерілген жарнама сайттарын пайдалану қажет. Екіншіден, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісу қажет. Үшіншіден, тауардың бар екеніне көз жеткізу қажет, оның ішінде бейне қоңырау арқылы. Егер сатушы басқа қалада болса, өзіңіздің таныстарыңыз немесе туыстарыңыздан тауарды алуды, тексеруді сұрау қажет», — деді спикер.

Толығырақ

Қазақстан Президенті Боао форумына қатысуға шақырғаны үшін Пан Ги Мунға ризашылығын білдіріп, оның БҰҰ Бас хатшысы қызметін атқарған кезде әлемдік қауымдастыққа елеулі еңбек сіңіргенін атап өтті. – Менің пікірімше, Сіз Біріккен Ұлттар Ұйымы тарихындағы ең үздік бас хатшылардың бірі ретінде қызмет еттіңіз. Екі жарым жыл Сіздің жетекшілігіңізбен жұмыс істеу мен үшін керемет кезең әрі зор мәртебе болды, – деді Президент. Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын айтты. – Сіз Қазақстан Президенті ретінде өңірдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға, адамзат пен БҰҰ-ның мүмкіндіктерін кеңейтуге белсенді атсалысып келесіз. Менің ойымша, Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы аса маңызды көпір…

Толығырақ

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орындалу барысымен танысу үшін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды primeminister.kz. Жұмыс сапары барысында өңірдегі су қоймаларының жай-күйі мен су тасқынына қарсы іс-шараларды сапалы әрі уақтылы жүргізу жұмысына ерекше назар аударылды. Солтүстік Қазақстан облысы су тасқыны қаупі бар аймаққа кіреді. Облыстың негізгі су көзі – Есіл өзені үш су қоймасы: Астана, Сергеев және Петропавл су тораптарымен реттеледі. Үкімет басшысы Петропавл су торабына барып, су қоймасының ағымдағы жағдайын тексерді. Қазіргі уақытта ол қалыпты жағдайда және штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Су тасқыны кезеңінде су қоймасы алгоритмге сәйкес жұмыстың «транзиттік режиміне»…

Толығырақ

Бұл мәселеде тараптар үлкен жетістіктерге жетті, деді Энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев. Қазақстанда үш жылу электр стансасын ресейлік «Интер-РАО» компаниясы салатыны айтылды. «Көкшетау үшін техникалық-экономикалық негіздемеге түзетулер енгізілуде. Біз құрылысты биыл бастау мүмкіндігімен үлкен ілгерілеушілік туралы айтып отырмыз. Қалған жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу аяқталуда: техникалық шешімдер бекітіледі, тиісті зауыттардан құрал-жабдықтарға тапсырыс беріледі», – деді министр үкіметте өткен брифингте.

Толығырақ

Вандализм жасады деп айыпталған шенеунік Манас Көшербаев Ақтөбе облысындағы мәдени орталыққа басшылыққа келді. Бұл туралы «Еуразия» телеарнасы мәлімдеді. «Манас Көшербаевтың құжаттары барлық талаптарға сай болды. Сондықтан 6 наурызда Манас Көшербаев Байғанин аудандық мәдениет үйінің меңгерушісі болып тағайындалды», – деді Байғанин аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі. Бұл лауазымға конкурс 15 ақпанда жарияланған болатын. Үш адам өтініш берген. Бірақ олардың екеуі талапқа сай келмеді, екі үміткер де басшылық қызмет атқармаған. Айта кетсек, 2023 жылы Маңғыстау облысындағы Ыбықты Сай шатқалында вандализммен көзге түскен шенеунік ұсталған болатын. Даудан кейін Ақтөбедегі зағиптар мәдени орталығының директоры барша қазақстандықтардан кешірім сұраған видео үндеу…

Толығырақ

Бүгінде қазақ тілінде қызмет көрсету құқығын талап ететін азаматтар қатары көбейгенімен, арнайы мекемелер мен басшылық орындарда тіл жағдайы көңіл көншітпей тұр. Бұны көз көріп, құлақ естіп жүр. Мәселен, тіл жанашыры Толқын Мұхтарханова осы жағдаймен көптен бері күресіп келеді. Осы орайда ол қазақ тілінің құқығын шектеген “Miele” ЖШС және «Мечта» компаниясын азаматтық сотта жеңіп шықты. Тіл майданындағы тартысты жағдай туралы толығырақ Dalanews.kz агенттігі жазды. Көпбалалы ананың айтуынша, тіл үшін күрес бір жыл бұрын бастау алған. Бұған дейін де әділдікті ту еткен азаматтың тіл құқығын талап етуіне бірнеше жағдай әсер еткен. “Негізі өзім әділдікті тура әрі қорықпай айтатын адаммын. Әділетсіздікті көргенде, қол қусырып, үнсіз…

Толығырақ