- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
29 наурыз күні Өзбекстан астанасы Ташкентте «Автокөліксіз күн» акциясы өткізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. Өзбекстанның Экология министрлігінен мәлім еткендей, акция зиянды көлік газдарының ауа сапасына тигізіп жатқан теріс әсерін азайту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оның талабына сай, ертең барлық билік органдарының басшылары мен қызметкерлері жұмысқа қоғамдық көлікпен келуі тиіс. «Баршаңызды бұл акцияға бей-жай қарамауға, тиісінше қоғамдық көлік, велосипед және қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін өзге де көлік түрлерін пайдалануға шақырамыз», — делінген Экология министрлігінің мәлімдемесінде. Айта кетейік, аталмыш акцияны ұйымдастыру туралы жарлыққа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 21 ақпан күні қол қойған болатын. Оған сай, кеңсесі Ташкентте орналасқан барлық республикалық және…
«Өз үйіңнен жау шықса, қашатын жер табылмас» дегенді баяғыда айтып кеткен ата-бабаларымызды нағыз дала данышпандары дерсіз. Бір ғана сөйлемге байланған тоқтам өз жақындарына залымдық, әлімжеттік көрсететін кісәпірлердің әлмисақтан болғанын айғақтамай ма? Кісәпір демекші, ілгері заманда қалтаға түсетін ұрыларды осылай атаған екен. Ал бұл заманда өз отбасына кесірін тигізіп, тағдырын тас-талқан еткендерді кісәпір демей, кім дейміз? Қалай атасаң да, әлімжеттікті ақтай алмассыз. Мұндай қиянатты ер-азаматтар емес, залым әйелдер де, қатыгез ата-ене, мейірімсіз бала, тіпті өктем, өркөкірек басшылар да жасай береді. Әсіресе отбасындағы озбырдан қашып құтылу мүмкін емес екенін қоғамды шулатқан оқиғалардан көріп отырмыз. 2022 жылдың 29 сәуірінде төрт баласының көзінше әйелін…
Әнші, композитор Гауһар Әлімбекова «ХабарLike» бағдарламасына берген сұхбатында неліктен біршама уақыттан берін ән кешін бермегенін түсіндірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Сазгердің айтуынша, 10 жыл бойы «Республика сарайында» ән кешін өткізе алмай жүрген. «Негізі мен бұрыннан бір шығып, қайта жоқ болып кететін әншінің қатарынанмын ғой. Жылына бір рет есеп беріп, ән кеш өткізсем, жеңілдеп, өзім рахаттанып қаламын. Бірақ, соңғы 10 жылдың ішінде «Республика сарайында» ән кешін өткізбедім. Бұл маған байланысты дүние болған жоқ. Егер әнімнің тыңдаушысы ретінде мені жақсы білетін болсаңыздар, менің де басымнан біраз жағдай өтті. Осыдан 10 жыл бұрын маған бір кісі «мен тірі тұрғанда сені «Республика сарайынының» маңына жолатпаймын»…
Ресей Еуроодақ пен АҚШ-тағы тыйым салынған активтерін пайдалана отырып, Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған мұнай-газ жобаларындағы шетелдік компаниялардың акцияларын сатып алуы мүмкін деген болжам бар. «Менің айтарым: Теңіз, Қарашығанақ және Қашағанаққа (мұнай және газ кен орындары) алдағы жылдары Ресей иелік етеді. Екі ықтимал жағдай болуы мүмкін. Біріншісі – ол жерден Батыс компаниялары кетеді. Олардың орнына ресейлік, қытайлық және қазақстандық компаниялар келеді. Ал екінші сценарий бойынша Батыс компаниялары жергілікті тәртіпке бағынып жұмыс істейтін болады. Бірақ олар елден кетуге мәжбүр болуы мүмкін», — дейді Петр Своик сұхбатында. «Сарапшының сөзінше, активтерді Ресейге беру ең дұрыс шешім», — деп жазылған Fedpress.ru материалында.» Себебі Ресей мен…
Өткен тәулікте су тасқыны қаупі бар аймақтардан тартылған күштер мен құралдар 1 431 адамды, оның ішінде 312 баланы құтқарды және эвакуациялады. Үкіметтің, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында адам өліміне жол берілмей, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан болатын залалды азайтуға мүмкіндік берді. Су тасқыны кезеңінің басынан бастап 630 мыңнан астам текше метр еріген су сорылды, 24 мыңнан астам қап төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК әуе кемелерін қоса алғанда, ТЖМ, ІІМ, ЖАО 4 мыңға жуық адам және 1 300 техника жұмылдырылды. Осы жұмыстар қауіп сейілгенге дейін жалғасатын болады. Бүгінгі таңда елімізде ауа температурасының күрт көтерілуі, жауын-шашынға байланысты Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында су басу қаупі сақталады.…
Бір түнде Қорғаныс министрлігінің әскери ұшқыштары Қостанай облысындағы 140-қа жуық адамды эвакуациялады. Құтқару жұмыстарына Ми-171Ш, Ми-17 және Ми-8 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарының экипаждары кірісті. Екі тәулік ішінде апатты аймақтан көліктік-жауынгерлік тікұшақтардың экипаждары Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне 240 адамды, оның ішінде 60-тан астам баланы жеткізді. Түнде құтқару жұмыстарын жүргізуге тек Әскери-әуе күштерінің ұшқыштарына ғана рұқсат етілгенін атап өткен жөн. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясы Алматыдан Оралға Төтенше жағдайлар министрлігі 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін жеткізді. Айта кетейік, Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша Қостанай, Абай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жергілікті тұрғындарына Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері көмек көрсетіп жатыр. Бұған дейін…
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орындалу барысымен танысу үшін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы бағдарлама шеңберінде коммуналдық-энергетикалық сектор және жол инфрақұрылымы нысандарының, сондай-ақ бірқатар жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен танысатын болады. Жұмыс сапары барысында өңірдегі су қоймаларының жай-күйі мен су тасқынына қарсы іс-шараларды сапалы әрі уақтылы жүргізу жұмысына ерекше назар аударылды. Солтүстік Қазақстан облысы су тасқыны қаупі бар аймаққа кіреді. Облыстың негізгі су көзі – Есіл өзені үш су қоймасы: Астана, Сергеев және Петропавл су тораптарымен реттеледі.
Жамбыл облысының Жуалы ауданында екі айдан бері іздестіріліп жатқан екінші балықшының денесі табылды. Марқұмның мәйітін ауыл тұрғындары жағадан тауып алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап. Құтқарушылардың айтуынша 37 жастағы балықшының денесі толқыннан жағаға шығып қалған. Ал екінші балықшының денесі бір ай бұрын дронның көмегімен табылған. Құтқарушылар ақпан айының аяғында іздеуді тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені айдынның бетін қалың мұз басып қалған. Еске салайық, 11 қаңтар күні ауылдың екі азаматы балық аулауға Билікөлге барған. Сол сәтте қатты жел соғып, қос балықшы із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. «Жергілікті тұрғындар екінші балықшының денесін тауып алып судан шығарды. Бұл балықшыларды құтқару 10 -19 ақпан аралығында…
Павлодар қаласында 28 жастағы Гүлмерей Қарсыбаеваны күйеуінің інісі қатты соққыға жыққан. Басы жарылып, миы шайқалған келіншекті дәрігерлер кесір тілігі арқылы босандырғанмен, іштегі тоғыз айлық баласы өлі туған. Басынан өткен оқиғалардың кейбірі қазір әйелдің есіне түспей отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. «Астана» телеарнасы хабарлағандай, қазір зардап шеккен әйел ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, қатты соққыдан әйелдің бас сүйегінде көлемі 8-9 сантиметрдей жарық пайда болған. «Науқастың басындағы жарықтың көлемі 8-9 сантиметрдей болды. Біз оның зақымданған бөлігін алып, орнын тіктік. Бас ми жарақаты кезінде есін жоғалту қалыпты құбылыс. Уақыт өте келе біртіндеп қалыпқа келеді», — дейді Павлодар қалалық ауруханасының дәрігері Дәурен Сафиулла. Полиция жеңгесін ұрып-соққан…
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елде 120,9 мың жұп некеcін тіркеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға аз. Бұл туралы ranking.kz сайты жазды. 2008 жылы көпжылғы динамикада некеге тұрудың ең төмен көрсеткіші тіркелген болатын. 135 мыңнан астам жұп ресми түрде отбасылы болды. Бұл кезде елдегі халық саны 16 миллион адамға да жетпеген еді. Қалаларда 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша тіркелген неке саны 6,4%-ға, 80 мыңға дейін, ауылдарда – 5,1%-ға, 40,9 мыңға дейін қысқарған. Ажырасу саны да ҚР үшін рекордтық төмен көрсеткішке айналды: өткен жылдың 12 айында бар болғаны 16,8 мың неке тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,3%-ға аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда…