- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: asylbek
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің барлық аумағындағы халықаралық автомобиль өткізу пункттері жаппай жаңғыртыла бастағанын айтты Осынау кешенді инфрақұрылымдық шешімдер Еуразия күре жолдарын одан әрі бір-бірімен ұштастыруға және мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етеді. – Қазақстанның теміржол саласын дамыту ісі бірыңғай цифрлық экожүйені құру арқылы тың серпін алады. Сондай-ақ келесі жылы теміржол тасымалы саласында жасанды интеллект элементтерін пайдалануды көздеп отырмыз. Озық технологияларды қолдану тасымал тиімділігін айтарлықтай арттырып, өзіміздің және серіктестеріміздің шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл тариф саясаты мен кеден рәсімдерін үйлестіру, сондай-ақ Еуразияның бірыңғай цифрлық дәлізін құру арқылы тұтас логистика желісін қамтамасыз ету үшін керек. Нақты шара ретінде тауармен бірге жіберілетін құжаттардың бәрін QR-кодтар арқылы…
Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 92%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр. Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Нысандар транзиттік режимде жұмыс істейді. Есіл өзеніндегі су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр. Су ағыны төмендеп жатыр. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 96%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Шығыс Қазақстан облысында…
Бұл туралы 6 мамырда «Ақорда» хабарлады. Қазақстан президенті Qarmet компаниясындағы Костенко шахтасының жерасты электр слесарі Айбар Қосановты жанкешті және жемісті еңбегі үшін ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапаттады, — делінген хабарламада. Еске салайық, 2 мамырда Костенко шахтасында түтін шығып, Айбар Қосанов түтінді сөндіріп үлгерген. Түтін туралы хабар түскенде 187 кенші қауіпсіз жерге шығарылған.
Қырғыз елінде болған оқушыларға жүк көлігінің соғылу оқиғасына қатысты ведомствоаралық комиссияның тексеру нәтижелері жарияланды. Оның қорытындысы бойынша ҚР ІІМ-нің 12 қызметкері жазаланды. Жалал-Абад облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені және тиісті профилактикалық жұмыстарды жүргізбегені үшін 12 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы мен оның орынбасары, сондай-ақ оқиға болған ауданға қызмет көрсететін Октябрь кенттік полиция бөлімінің бастығы қызметінен босатылды. Сонымен қатар Жалал-Абад облыстық ішкі істер департаментінің басшылары мен Созақ аудандық ішкі істер департаментінің жол қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қолданылды. Бұған дейін Жалал-Абад облысы Созақ ауданы Жерге-Тал ауылында болған оқиға…
Қазақстандағы Қытай кәсіпкерлерінің бас қауымдастығы су тасқыны салдарын жоюға және табиғи апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстарына көмектесу үшін қаражат жинады. Бүгінгі таңда қытайлық компаниялар жалпы сомасы шамамен 300 миллион теңгеге ақшалай қаражат бөлді, сондай-ақ арнайы техника, Отын және басқа да қажетті ресурстар түрінде гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлады Kazakh inves ҰҚ АҚ. «Мәселен, «PetroChina International Kazakhstan»және оның еншілес кәсіпорындары 100 миллион теңгеден астам қаражат аударды. «JAC» автоконцерні «Аллюрмен» бірлесіп 100 миллион теңге, ал «GEO-Jade Petroleum» Қытай мұнай — газ корпорациясының Қазақстандық филиалы 70 миллион теңге бөлді. Қытайлық «Сиань Айцзю»астық компаниясы «Солтүстік Қазақстан апаттарына көмек қорына» 3 миллион теңгеден астам қаржы…
Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерс» клубы акциясының бақылау пакетін сатып алды, деп жазады inbusiness.kz сайты. Клубтың ресми ресурстары Ағылшын футбол лигасы (EFL) мақұлдағаннан кейін Михаил Ломтадзе, Эдуард Вышняков пен Дэн Райс клубтың директорлар кеңесінің құрамына кірді. Сонымен қатар мәлімдемеде Ломтадзенің иелігіндегі Blue Ocean Partners II Limited компаниясына «Уиком Уондерерс» клубы акцияларының 90 пайызы тиесілі екені айтылған. Айта кетейік, «Уиком» 1 ағылшын лигасында (ағылшын клубының үшінші дивизионы) өнер көрсетеді. Клубтың ең жоғары нәтижесі Ағылшын кубогының 2000-01 маусымдағы жартылайы финалына дейін жетуі болды.
Ол өз туыстарының еш кінәсі жоқтығын айтып, кінәламауды өтінеді. Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы «асқан қатыгездікпен қинап өлтірді» деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен «қылмысты жасырып қалмақ болды» деп жауапқа тартылып отырған оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Ол алқа билерге жүгініп, олардың сотқа қатысуын өзі сұрағанын, Құдайға сенетінін, Салтанаттың өлім аузында жатқанын білмегенін айтады. Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрайды. Өз туыстарының еш кінәсі жоқтығын айтып, кінәламауды өтінеді. «Біз күн сайын Құдайдың сынағына түсеміз. Ең жоғары адамгершілік құндылықтар сынға түседі. Сол күні, яғни қарашаның 8-нен 9-ына қараған түні бұл сынақтан өте алмадым. Осы әрекетке барғаным…
Бұл жол Герат арқылы өтіп, қазақ өнімдерін ғана емес, Еуропа нарығынан аластатылған Ресейдің миллиондаған тонна мұнайын да Оңтүстік Азияға жеткізбек. «Талибан» Қазақстанмен, Түркіменстанмен Ауғанстанның батысында логистикалық орталық құруға келісті. Оның мақсаты – соғыстан есеңгіреген елді аймақтық экспорттың негізгі логистикалық пунктіне айналдыру. Бұл хаб Оңтүстік Азияға Ресей мұнайын жеткізумен де айналысуы мүмкін. Үш елдің өкілдері өткен аптада ауған астанасында кездескеннен кейін «Талибанның» сауда министрінің міндетін атқарушы Нұриддин Әзизи «Рейтер» агенттігіне сұхбат берді. Сол әңгімеде ол техникалық топтардың аталған хабты құру туралы ресми жоспар жайлы жазбаша келісімді екі ай ішінде әзірлейтінін мәлімдеді. Осы мәселе бойынша тараптар жарты жыл келіссөз жүргізіп, оның нәтижесінде…
Қытайлық CNPC-дің француздың TotalEnergies алпауытынан тартып алған Бохтар жобасы жүзеге асыру сатысына шықты. Тәжікстанда таяуда мұнай мен газ өте көп болады. Әңгіме Ауған-тәжік ойпатында орналасқан Бохтар жобасы туралы болып отыр. ҚХР-дың мемлекеттік алпауыты CNPC Тәжікстанның оңтүстік-батысында орналасқан көмірсутектің жаңа кен орындарын барлау және шикізат өндіру жобасын іске асыруға кірісті. Қытайдың CNPC ұлттық мұнай-газ корпорациясының Орталық Азия бойынша бас директоры Бьен Деджидің айтуынша, жуық арада компания Бохтардың (бұрынғы атауы Қорған төбе) қойнауында тұнып жатқан орасан зор мұнай-газ қорларының бары туралы жариялауға ниетті. Әзірге қорлардың көлемі нақтылануда. Егер қара алтынның мол қоры расталса, Тәжікстан номиналды түрде әлемдегі мұнайлы державалардың қатарына қосылмақ. Бірақ…
Ұлттық банктің халықаралық резервтері елге небәрі 7 айға ғана жетеді екен. Елдің тағдырын, экономиканың қуатын көп жағдайда «өнімділік» шешеді. Дамыған елдердің бәрі де өнімділігі жоғары, ғылымы жетілген елдер. Президент белгілеген «жаңа экономикалық өсімді» қалыптастыру үшін Үкімет барлық салада өнімділікті арттыруы шарт. Мысалы, бұрын республиканың басты бағдары болған «Қазақстан-2050 Стратегиясында» республикадағы еңбек өнімділігін бірден 5 есеге – құжат қабылданған 2012 жылғы 24,5 мыңнан 2050 жылға қарай 126 мың долларға дейін арттыру міндеті қойылды. Бұл бағытта мемлекет қаншалықты ілгері жылжи алды? Ұлттық статистика бюросының дерегінше, арада он жыл өткенде, 2022 жылы тұтас экономика бойынша еңбек өнімділігі 1 жұмысшыға шаққанда 10 млн 83,2…