- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
Республикалық және 12 облыстық штабтар орналастырылды. Сенім телефоны жұмыс істеуде және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Жергілікті әкімдіктер, полиция және төтенше жағдайлар органдары су басқан нысандарды сорып алу және хабарламаларды қалпына келтіру бойынша шұғыл жұмыстар жүргізуде. 94 адам эвакуацияланды. Барлығы 2,5 мың қызметкер мен 693 техника, 288 суды сорып алу қондырғылар жұмылдырылды. Кеңес қорытындысы бойынша облыс прокурорлары мен уәкілетті мемлекеттік органдарға бірлесіп тұрғындардан түсетін сигналдарға барынша ден қою және су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге жедел шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.
Қаржы талдаушысы Расул Рысмамбетов осылай пікір білдіреді. Айтуынша, Google Play-ден ресейлік MIR pay картасын, ресейлік картасын жойып жатыр. Ал Samsung Pay 3 сәуірден бастап MIR pay картасын қолдауды тоқтатады.
KAZINFORM – Жетісай мен Сарыағаш аудандарында тоқыма өндірісін дамыту үшін өзбекстандық компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған. «Облыстардың әкімдіктері шекара маңындағы елді мекендерге инвесторлар тарту есебінен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі шаралар қабылдап жатыр. Мысалы, Алматы облысының шекара маңындағы Ұйғыр ауданында модификацияланған крахмал мен жылыжай өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Сондай-ақ келешекте заманауи мал шаруашылығы кешенін салу жобасы іске асырылатын болады», — деді Олжас Бектенов. Мұнан бөлек, Үкімет басшысының атап өтуінше, Жамбыл облысының шекара маңындағы Қордай ауданында «Korcem» ЖШС сингапурлық компаниясының қатысуымен цемент өндіру бойынша инвестициялық жоба іске…
Қасым-Жомарт Тоқаев фискальды және ақша-несие жүйесін жетілдіру, қаржы ағындарын кеңейту, институттардың сапасын арттыру шаралары нарықтық және бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыруға ықпал етеді, соның нәтижесінде аталған сала анағұрлым ашық, сенімді әрі қарқынды бола түседі деп санайды Алайда, Президенттің пікірінше, бұл мақсаттарға қол жеткізіп, қазіргі жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру үшін күш біріктірген жөн. Осы орайда Мемлекет басшысы бірқатар өзекті міндетті айқындап берді. Оларды іске асыру үшін бүкіл әлемдік қоғамдастық күш жұмылдыруы қажет. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, әлемге әділдік пен ашықтық қағидаттарына негізделген жаңа әрі көпжақты сауда жүйесі керек. – Бүгінде сауда кедергілерінің көбеюі, протекционизм мен келісімдердің бұзылуы жаһандық экономикаға айтарлықтай қиындық туғызып отыр.…
Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы тиімді серіктестіктің үлгісі саналады. Еліміз Қытайдың Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктесіне айналды – Қытайдың аймақтағы сауда-саттығы мен салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл – тарихи рекордтық көрсеткіш. 2023 жылы елдеріміз арасындағы жүк тасымалының көлемі 22 пайызға артып, шамамен 30 миллион тоннаға жетті. Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға жасаған сапары кезінде «Бір белдеу, бір жол» ауқымды мегажобасын таныстырған болатын. Аталған жоба Шығыс пен Батыс арасындағы негізгі көпір қызметін атқарады, ал Қытайдан Еуропаға құрлық…
Мемлекет басшысы орнықты дамудың жаңа дәуіріне қадам басар тұста Азия елдері көш бастап тұрғанына назар аударды – Биыл Азия елдері әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60 пайыз өсіміне қол жеткізеді деген болжам жасалып отыр. Дүниежүзілік сауданың 53 пайызы осы құрлықтың үлесіне тиесілі. Мұнда әлемнің ірі және қарқынды дамып келе жатқан экономикалары орналасқан. Соңғы жылдары Азияға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі едәуір ұлғайды. Сондай-ақ бұл аймақта патенттік әзірлемелердің 70 пайызына иелік ететін әлемнің жетекші технологиялық орталықтары бар. Құрлық айтарлықтай адами ресурсқа ие. Әлемдегі ірі 30 қаланың 21-і Азия құрлығында орналасқан. 2030 жылға қарай орта таптың тұтыну көлемінің өсімі 30 триллион доллар болмақ.…
Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтетін Боао Азия форумының (БАФ) пленарлық сессиясының ашылу рәсіміне қатысты. Биылғы 23-ші форум «Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік» деген тақырыпта өтіп жатыр.
Оған күннің күрт жылуы себеп болған. Қазіргі уақытта Қызыл кесік ауылдық округі әкімі аппаратынан арнайы кезекшілік топтары ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлардан 2 адам, 1 өрт сөндіру көлігі техникалары жұмыстар атқаруда. Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта Үштөбе ауылының халық саны 747 адам, оның ішінде 1 жүкті әйел бар.
Қалың қардың еріп, су тасқыны алу қаупі бар деп айтылғалы айлар өтті. Барлық деңгейдегі әкімдер әскери парадты қабылдаған генералдай қаз-қатар тізіліп тұрған техникалар мен бар-жоғын киіп алған өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен жол жөндеушілердің баянаттарын қабылдап фото, видеоға түсіп, жылы кабинеттеріне кіріп кетті. Жарияланған видео, фотода Қазақстанның барлық өңірлерінің су тасқынына сақадай екенін көрсеткендей болды. Ал кешеден бері еліміздің түкпір-түкпірінен жандауыстары шыққан халықтан бейнеүндеулер, фотолар бүкіл әлемжеліні жаулап кетті. Атап айтқанда, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола өңірлерін су басты. Мәселенің ушыққаны сонша Астанаға іргелес, Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында тұрғындар Павлодар-Астана тас жолын жауып тастамақ болды. Әкімнен бұрын…