- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
Тілсіз жаудың тізеден келетіндігін кім білген.Со-нау алыста жатқан Қостанайды айтпай-ақ қоялық. Астананың іргесіндегі дүрдей Қояндының жұрты кеше үйлерінен «үркіп шықты» үрікпей қайтсын!? Үйлерін су алып жатса, бала-шаға жылап жатса. Қояндылықтар жолды жапты. Полиция барды. Айқай деді. Ұқай деді. Бауыр деді. Тәуір деді. Көнбеген соң «ескі тактика» омон апарып ит қосқандай қып тырқыратып қуды. Баяғы ескі тәсіл халықты қорқыту. Бөтен ұлт жоқ. Нәті жуас. Негізі жуас халық. Басқа ұлттың ауылын дәл осылай су бассын. Аудан әкімі барып қолмен «жырақа» салады. Салғызады. Халықтың жазығы не? Ауданның басшысы қайда? Қайда кетті. Ашынған халықтың алдына шығып «басалқы сөз» басу айтпай ма!? Қайта ашынған…
Мәжілісте ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер таныстырылды. Депутаттың айтуынша, олараға 1,5 жыл салып ойын бизнесін реттеу бойынша заң жобасын қолға алып отыр. Құжатқа Үкіметтен қорытынды алу оңай болмаған. «Әдетте басқа заңдар бойынша қорытындыны 1-2 ай күтетін болсақ, ал бұл заңға келгенде тым созылып кетті. Екі шақырылымдағы депутаттық тәжірибемде осыншама ұзақ уақыт бойы Үкімет қорытындысын алуды бірінші көріп отырмын. Демек, мұның айналасында мүдделі топтар, лоббистер бар деген сөз. Яғни мұнда үлкен қаражат айналып жатыр. Мәселен, былтыр букмекерлік кеңселердің жылдық айналымы бейресми ақпараттар бойынша 1 триллион теңгеге жеткен екен», — деді халық қалаулысы. Депутат…
Бұл туралы Massaget News жазды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, су тасқынының алғашқы толқыны 25 наурызда басталған. Ал 27 наурызда Амангелді ауылы түгелдей су астында қалған. Су үйлердің ішіне дейін кіріп кетті. Ауылдағы малдың бәрі суда қалды. Ұсақ қозы-лақтар суға кетіп өліп жатыр. Халық қазір дүрбелең халде. Билік су тасқынына қарсы қауқар істей алар емес. Басты көшелердің бірі Сейфуллин көшесі толықтай суда тұр. Мұнда екі бірдей мектеп орналасқан, — дейді тұрғындар.
Қазір жауапты ведомство өкілдері ауыл тұрғындары арасында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Оған барлық ауылдық округ әкімдері жұмылдырылды. Бұл жайында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында мәлімдеді. Оның айтуынша, шағын несиелеу шарттары бұқаралық ақпарат құралдарында, Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланды. Және де ауыл тұрғындарының табысты тәжірибесі туралы бейнероликтер көрсетіліп жатыр.
Былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға бөлінген 100 млрд теңгенің 85 млрд теңгесі игерілді. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында осылай деді. «Жалпы, біз 16 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыруды көздеп отырмыз. Қазіргі таңда барлық қаражат игерілмегендіктен, 13 мыңға жуық шағын несие берілді. Жедел деректерге сәйкес, бүгінге дейін 12 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды», — деді спикер.
Оның аясында 6,2 млрд теңге сомасына 299 кооператив қаржыландырылды. «Тұтастай алғанда, жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп пайдалану түрінде, сондай-ақ кооперативтер арқылы өнім өндіруді және оны өткізуді ұлғайту мүмкіндігінде өзіндік артықшылықтарға ие, бұл болашақта өндірілген өнімді сауда базарларының, қала дүкендерінің сөрелеріне шығаруға мүмкіндік береді»,-деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков. Осыған байланысты, бағдарлама шеңберінде кооперативтер құруды ынталандыру үшін кредиттеудің ең жоғары сомасы 8 мың АЕК – ке дейін ұлғайтылған кооперативтерге кредит беру көзделген. Бүгінгі таңда бұл сома 29,5 млн теңгені құрайды.
Аягөз аудандық әкімдігі жолдаған нақты ақпаратынша, 26 наурыз күні жоғалған азаматтардың бірі – 1985 жылы туған Шалқар Қажыгереев болса, екіншісі – 1957 жылғы Қуанышбек Мырзағазин. Олар «Шалқар» қосалқы шаруашылығынан Қарағаш ауылына жету үшін жол қысқарту мақсатымен МТЗ-82 тракторымен Борлы өзенінің үстімен өтпек болған. Алайда өзен ортасында трактор тұрып қалып қиын жағдайға ұшыраған. Құтқарушылар келгенімен, олардың қайда кеткені белгісіз болып отыр. Қазір Абай облыстық ТЖД, облыстық полиция департаменті, әскери бөлім сарбаздары, жалпы жиыны 41 адам іздестіру жұмыстарына кірісті. Жедел шараға 5 техника, 4 жүзу құралы, 3 пилотсыз ұшу аппараттары және жергілікті азаматтар қатысуда.
Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру басталды. 2023-жылы бағдарлама аясында 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді. «Бағдарлама жылдық 2,5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге микрокредит беруді көздейді, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі 7 жылға дейін құрайды. Микрокредиттің ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК – ті құрайды. Биыл бұл сома 9,2 млн теңгеге тең. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін 8 – мың АЕК, яғни 29,5 млн теңгеге дейін төленеді», — деді вице-министр. Қаражаттың негізгі…
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Акцепт» еншілес компаниясымен бірлесіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша микрокредиттеудің ақпараттық жүйесін әзірледі. Ол кредит алу үшін электрондық өтінім беруге мүмкіндік береді. Бұл ауыл тұрғындары үшін бағдарламаның қолжетімділігін арттырады. Бұл жайында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады. Ведомтсво өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта бұл жүйе Жамбыл облысында іске қосылған. Сондай-ақ жақын арада Ақтөбе және Алматы облыстарында енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Вашингтонға сапары аясында АҚШ Сауда өкілі Кэтрин Таймен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында Министр ҚР жаңа Үкіметінің басымдықтары, сауда қатынастарының ағымдағы серпіні және өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.