- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мәжіліс депутаттарының сынына ұшыраған Құрылыс кодексін әзірлеу кезінде 382,5 млн теңге жұмсалған деген сұраққа жауап беруден бас тартты. Кейінірек журналистер оны сөйлеуге мәжбүрледі, бірақ ол шығыстардың қай бабын әзірлеуге кеткен қаражат туралы нақты цифрлар мен деректерді ашқан жоқ.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға тыйым салу керектігін айтып, дабыл қақты Ол қазіргі таңда бұл ұйымдардың реттелетін және реттелмейтін екі түрі нарықта жұмыс жасап отырғанын атап өтті. Реттелетін ұйымдар тұрғындарға, заңды тұлғаларға және бюджеттік ұйымдарға қызмет көрсетуде және мемлекет тарапынан олардың операциялық шығындары ескеріліп, жабдықтау тарифінің орташа бағасы 1 квт сағатқа 1 теңге жобасында бекітіліп отыр деп айтты. Ол егер де, бюджеттік ұйымдарды, адал кәсіпкерлерді, ең бастысы халықты сүлікше сорып отырған, қанағатсыз делдалдардың қызметі дәл осылай жалғаса беретін болса, бұның түбі қоғамда саяси-әлеуметтік шиеленіске әкелуі әбден мүмкін деп айтты.
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Үрімші және Бейжің қалаларында (ҚХР) көлік және логистика саласындағы қытайлық ірі көлік компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді Олардың қатарында: — Khorgos International Freight Forwarding Co. Ltd. (Қорғас халықаралық жүк тасымалдау компаниясы); — Xinjiang China European Joint Logistic Company (Қытай мен Еуропаның Шыңжаңдағы бірлескен логистика компаниясы); — China Railway No. 2 Engineering Group Co., Ltd. (жобалау, құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларға мамандандырылған ірі қытайлық құрылыс компаниясы); — Changjiang Construction Investment Co., Ltd.(инфрақұрылымды салуға және дамытуға инвестициялауға маманданған компания); — YTO Express Co., Ltd. (компания Қытайдың ең ірі логистикалық компанияларының ондығына және «үлкен бестікке» кіреді); — Commercial Aircraft Corporation…
Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жабық сот отырысы басталды. Онда алқабилер алқасына кандидаттар іріктеледі. Жоғарғы cоттың Коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас Facebook-тегі парақшасында отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылатынын айтты. Осы ретте Жоғарғы сот өкілі журналистерге алқабилер алқасын фото-видеоға түсіруге тыйым салынғанын еске салды.
2024 жылғы ақпан айының соңында Қазақстанда ақылы қызметтер жылына 12,8%-ға қымбаттаған. Осы кезеңде су тарту қызметтерінің бағасы жылына 33,9%-ға өсті, бұл басқа коммуналдық қызметтерге қарағанда жоғары болып отыр. Осыған ұқсас бағаның өсуі мынадай коммуналдық қызметтерде де байқалады: орталықтандырылған жылыту – 30,9%; салқын су – 30,8%; қоқыс шығару – 30,7%; ыстық су – 29,4%; электр энергиясы – 19,9%. Жоғарыда аталған қызметтердің бағасының өсуі қызмет көрсету саласындағы орташа бағаның өсуінен бірнеше есе жоғары. Ал ұялы байланыс қызметтерінің бағасы бір жыл ішінде 12,4%-ға өсті.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы: Америка Құрама Штаттары Қазақстанның көптеген жаһандық мәселелердегі шынайы көшбасшылығын мойындайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Вашингтонға сапары өтті. Қазақстан СІМ басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесу өткізіп, оның барысында ҚР-АҚШ саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің үдемелі дамуын талқылады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түбегейлі өзгерістер бағдарламасының дәйекті және жүйелі сипатын құптап, Вашингтонның оларды практикалық іске асыруға жан-жақты жәрдем көрсетуді жалғастыруға дайындығын атап өтті. Энтони Блинкен «Америка Құрама Штаттары Қазақстанның көптеген жаһандық мәселелердегі шынайы көшбасшылығын мойындайды» деп атап өтті.
ҚР Үкіметі еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан орталық мемлекеттік органның қарамағына беру туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындап, орналастырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Қаулы жобасында: Еңбекмині жанынан жеке Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетін құру; Еңбекминінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің атауын Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті деп өзгерту; Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің атауын өзгерту; мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметіне байланысты редакциялық түзетулер көзделеді. Еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Еңбекминінің…
Мәжіліс «Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы» заң мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Заң органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатымен әзірленді. Ол табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, органикалық өнімнің ішкі нарығын қалыптастыру мен дамытуға көмектесуге, сыртқы нарықта отандық өндірушілердің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Түзетулермен жұмыс барысында депутаттар бірқатар өзгеріс енгізді. Мысалы, өндірілген өнімнің сапасы үшін ұжымдық жауапкершілік қағидаттарына негізделген бірлескен кепілдік жүйесін (PGS) қалыптастыру және органикалық өнім өндірушілерді топтық сертификаттауға қатысты ережелер қайта қаралды. Органикалық өнімді сату кезінде бақылау енгізіледі, ол тұтынушылардың құқықтары мен халықтың денсаулығын қорғауға, «органикалық» деп сатылатын органикалық емес өнімдер…
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов халықаралық Société Générale банкінің Таяу Шығыс, Түркия/ТМД, Африка өңіріндегі басшысы Эмрик Арно және Орталық Азия елдері мен Кавказ өңіріндегі басшысы Тейба Гулиевамен кездесті. Кездесу барысында инвестициялық жобаларды іске асыру аясында ағымдағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. 1864 жылы құрылған Société Générale – 66 елде өкілдігі бар ең ірі халықаралық қаржы институттарының бірі. Қазақстан Үкіметі мен Банк арасындағы 30 жылғы ынтымақтастық барысында құны $17 млрд-тан асатын 30-дан астам бірлескен жоба іске асырылды. Қазіргі уақытта бірқатар қазақстандық компаниялар Société Générale банкімен энергетикалық инфрақұрылым және қаржы нарығы саласындағы жобалар бойынша келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар экономиканың барлық салаларында орнықты дамуды…
Олжас Бектенов «ҚР-ҚХР сауда қатынастарын дамытудағы жаңа тәсілдер» тақырыбындағы экспорттаушылардың екінші форумына қатысу үшін Астанаға келген ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниазбен кездесті. Келіссөз барысында Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.