- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
• Ажырасу жөнінен Алматы бірінші орында. 2023 жылы – 2,3 мың. • Одан кейінгі орында – Қарағанды облысы (1,5 мың) мен Астана (1,5 мың). • Ең аз ажырасу Ұлытау облысында тіркелді – 198. Сарапшылар еліміздегі ажырасудың негізгі себебі деп туыстарының араға түсуін (61%), моральдық шектеулердің болмауын (41%), ажырасу процесінің жеңіл болуын (25%) атап өтті.
– Мен жуырда Үрімжіге бардым. Жалпы Қазақстанның Қытаймен, соның ішінде Шыңжаң провинциясымен арадағы ынтымақтастығын дамыту перспективаларына байланысты маңызды келіссөздер жүргіздік. Біз Қытайдың экономикалық өсімін жіті бақылап отырмыз және бұл бағыттағы қарқынды дамуы мен қол жеткізген нәтижелеріне баса мән береміз. Қытай – экономикалық даму тұрғысынан әлемдегі басты елдердің бірі. Сондықтан біз сияқты көрші мемлекетке ынтымақтастықты ілгерілету тиімді әрі қажет. Қазақстанға келер болсақ, осы ықпалдастықты табысты дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Президент. Мемлекет басшысы еліміздің Шыңжаңмен сауда, өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм сияқты көптеген сала бойынша табысты қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.
Видео БҚО-дағы Мұратсай ауылында түсірілген. Журналистің сөзінше, тіркемеде отырғандар – 11-сынып оқушылары. Оқушылар ҰБТ алдындағы тест тапсыруға бару үшін тас жолға дейін осылай жетуге мәжбүр. Ал жолдың ұзақтығы 18 шақырым. Әрі қарай тағы 550 шақырым жүріп, Оралға жетеді, дейді журналист. Видеоға қатысты құзырлы органдар әлі пікір білдірмеген
Оңтүстік Кореяда бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Рүстем атты жігіт өз тәжірибесі мен ойын бөлісті. Оның өзі әлі сонда жүр. Десе де, барғанына қатты қуанбайтын секілді. Желілерде xrustiktok есімімен белгілі Рүстем әлеуметтік желіде белсенді. Бірнеше мың оқырманы бар. – Кореяда құлдықтың не екенін түсінесің. Англияда немесе Америкада жүрсең де, “гастербайтер” деген сөздің не мағына білдіретінін ұғасың. Ресейде Равшан мен Джамшут деген скеч-шоу бар еді ғой. Кореяда бірінші күні жұмыс істеген кезде тура сондай әсер алдым. Паркингте арық тазалап отырсам, жанымнан көліктен түсіп, кәріс әйел үстімнен қоқысқа қарағандай қарап өтеді ғой. Үш күн бұрын ғана Алматыда сыйлы ортада, жақсы…
KAZINFORM – Ұлытау облысында қыста 360 бас жылқы қырылған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты. «Министрлік бұл мәселемен байыпты түрде айналысып жатыр. 1 наурыздан бастап Ұлытау облысына бардық. Қазіргі уақытта ол жақта вице-министр, Мал шаруашылығы департаментінің директоры жүр. Жалпы, ауа райының күрделі болуына байланысты жылқының қырылуы орын алды. Ең алдымен, күнде мал азығын дайындау жұмысын жүргізген кезде барлық облыс жем-шөптің 100 пайыз дайындалғаны туралы есеп берді. Бұл үшін аудандар мпен ауылдық округтердің әкімдері жауап береді. Мұнан бөлек, Ұлытау ауданында жем-шөп дайындауға 1,4 млрд теңге субсидия бөлінді. Ол жем-шөп дайындауға жұмсалды», — деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте. Оның…
KAZINFORM – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Жапония ғалымдары бірлесіп Сыр өңірі аумағында археологиялық қазбалар жүргізеді. Халықаралық ғылыми жобаны жапондық әріптестермен бірге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің археология және этнография орталығының ғылыми қызметкері Ыслам Құрманиязов жеңіп алған. Жобаны Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі қаржыландырады. Токио қаласындағы Мэйдзи университеті Обсиадан және тастарды зерттеу орталығымен бірлесе отырып археологиялық зерттеу жұмыстарын 2024-2027 жылдар арвлығында атқарады. Ғалымдар Арал маңының ежелгі дәуірлер ескерткіштерін табылған жәдігерлерге архео-ботаникалық әдіс арқылы зертханалық талдау (қыш ыдыстарға) зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда университеттер екі жақты меморандумға қол қоюға дайындық жүргізілуде. Зерттеушілер құрамында философия докторы (PhD), Мэйдзи…
Энергетика министрінің айтуынша, әзірше ондай қажеттілік жоқ. Бірақ нарықтағы жағдайға қарай баға өзгеруі мүмкін. Айта кетері, Ресейде бір литр газ бағасы – 165 теңге, Қазақстанда – 54-86 теңге, Қырғызстанда – 159 теңге, Әзербайжанда – 171 теңге, ал Тәжікстанда – 273 теңге. Осылайша, Қазақстан автогаз бағасы ең арзан ел болып тұр. Сіз автогазды қанша теңгеден алып жүрсіз?
KAZINFORM —Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің телефон нөмірлерін жариялады. — Өңірлердегі бала құқықтары жөніндегі уәкілдер балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың әрекеттері немесе әрекетсіздігі туралы шағымдарды қарауға жауапты. Көмек сұрау үшін әр аймақтың телефон нөмірлерін пайдалана аласыз немесе Instagram желісінде direct-ке жазсаңыз болады– делінген хабарламада. Астана — Әсима Бимендина, +7 (708-16) 6-94-93 bala.ombudsman.astana.kz Алматы — Диана Ерлан, +7 (771-77) 0-51-11diana.yerlan Шымкент — Жанетта Жазықбаева, +7 (701-20) 3-41-84 zhazykbayeva_zhanneta Алматы обласы — Айгүл Есімбекова, +7 (701-78) 6-18-49 childrens.ombudsman Ақмола облысы — Әсем Асаинова, +7 (705-51) 9-36-15 asainova_asem Ақтөбе…
Брюссель, 2024 жылғы 21 наурыз – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Бельгия Корольдігінің Үкіметі және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) бірлесіп ұйымдастырған бірінші Ядролық энергетика Саммитіне қатысты. Іс-шараға Еуропалық Кеңестің Басшысы Шарль Мишель мен Еуропалық комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйен, 22 мемлекет пен үкімет басшылары, министрлер, халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың 300-ден астан өкілдері, дипломатиялық миссиялардың басшылары, сондай-ақ елдердің өкілдері, сарапшылар қатысты. Шараға Бельгияның Премьер-министрі Александр де Кроо мен МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Мариано Гросси төрағалық етті. Саммиттің негізгі мақсаты климаттың өзгеруінің жаһандық проблемаларын шешудегі, энергетикалық қауіпсіздікті арттырудағы және экономикалық дамуды…
Сеул, 2024 жылғы 21 наурыз – Қазақстанның Кореядағы Елшісі Нұрғали Арыстанов Халықаралық орман күніне арналған «Орман және инновация – Үздік әлем үшін жаңа шешімдер» атты салтанатты іс-шараға қатысты. Ұйымдастырушылар Корей орман қызметі және Азия орман секторындағы ынтымақтастық ұйымы (AFoCO) болды. Қазақстан Елшісі өз сөзінде Қазақстанның Корей орман қызметімен және AFoCO -мен ормандарды есепке алу және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастығының оң динамикасын атап өтті. Қазіргі уақытта орман шаруашылығы бойынша деректерді жинауды автоматтандыру және отырғызу материалдарын өндіру технологияларын арттыру бойынша екі бірлескен жоба іске асырылуда. Корей тарапымен ынтымақтастықтың сәтті мысалы ретінде Арал теңізінің құрғақ түбіне сексеуілдердің отырғызылуы атап өтілді. Іс-шара аясында қазақстандық дипломат…