Автор: asylbek

​​Швейцария Конфедерациясына ресми сапары аясында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Бернде Швейцария Федералды Жиналысы Ұлттық Кеңесінің төрағасы Эрик Нузбаумермен және Швейцария Конфедерациясының федералды кеңесшісі, Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездесті. Мәжіліс спикері Швейцария Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктесі екенін атап өтті. – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға 2021 жылғы қарашадағы алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынасымыздың жаңа тарауын ашты. 2021 жылғы тамызда Қазақстанға Швейцария Федералды Жиналысы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы ресми сапармен келді. Біздің бүгінгі сапарымыз екі ел арасындағы парламентаралық диалогты нығайтуға септігін тигізеді деп ойлаймыз, – деді Мәжіліс төрағасы. Ерлан Қошанов өз әріптесіне Президент реформалары туралы айтып берді. Ол сондай-ақ…

Толығырақ

Сауда министрі Арман Шаққалиев биыл елімізде пияз бағасы қымбаттамайтынын айтты. Өткен жылы жиналған пияздың уақыты өтті. Сол себепті оның бағасы төмен болады. Қазіргі таңда көтерме-бөлшек сауда орнында 1 келі пияз 12 теңгеден 60 теңгеге дейін бар. Ол пияздың сапасына байланысты, — деді Шаққалиев. Министр бүгінгі таңда Ауғанстан және Пәкістанға 71 вагон пияз экспортқа жібергенін айтты. Сөзінше, тағы 10 вагон жіберіледі.

Толығырақ

Ертең, яғни 27 наурызда Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді.Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы қалыптастырылады. Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында өтеді.

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сенатының мүшесі Стив Дэйнске ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Американың ынтымақтастығы дәстүрлі түрде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты қатынастарда парламенттік дипломатия маңызды рөл атқаратынын айтты. Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылды. Қазақстан Президенті елімізде инвестиция тарту, экономиканы ырықтандыру және өнеркәсіпті дамыту ісіне ерекше назар аударылып отырғанын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, энергетика, пайдалы қазбаларды барлау әрі өңдеу, инфрақұрылымды жаңғырту және басқа да салалар қазақ-американ қарым-қатынастарының негізгі бағыттары саналады.

Толығырақ

Елімізде 500 мыңға жуық студенттің кредиті бар. Оның 47 мыңы проблемалық несие. Кей банктер жұмысы жоқ болса да, 18 жасқа толғандарға тұтынушылық кредит беріп келген. Қаржы нарығын реттеу агенттігі осындай дерек келтірді. Енді қаржы ұйымдары жастарға ресми түрде тіркелген кірісі болса ғана несие беретін болады. Ал сарапшылар мәселені шешу үшін кредит беру жасын шектеуді ұсынады.

Толығырақ

Бүгін Ulysmedia.kz  ақпараттық порталында «О ком забыли после выборов, или Где сейчас партии, лидеры которых обещали изменить Казахстан»  атты Малик Джурсунбек атты журналистің талдамалық мақаласы шығуына байланысты «BAIMEDIA» ақпараттық порталының редакциясына «Байтақ» жасылдар партиясының орталық аппарат жетекшісі Бекберген Керей хабарласты. Бекберген Дүйсенбайұлының айтуынша, Ulysmedia.kz (https://ulysmedia.kz/analitika/28708-o-kom-zabyli-posle-vyborov-ili-gde-seichas-partii-lidery-kotorykh-obeshchali-izmenit)   ақпараттық порталында «Байтақ» жасылдар партиясы туралы толыққанды ақпарат берілмеген. Партия ішінде бүліншілік  кесірінен саяси алаңнан кеткен деген сыңайлы ақпарат таратты. Шын мәнінде, «Байтақ» жасылдар партиясы 2022 жылдың 28 қарашасында құрылып, ҚР Әділет министрілігінен ресми куәлігін алған сәттен партия төрағасы болып Азаматхан Әміртаев сайланған. А.Әміртаев қоғамдық-саяси алаңда белсенді жұмыс жасап жатқан азамат. Қазіргі таңда да…

Толығырақ

Қазақстан республикасы Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары Атырауда өткен үшінші ұлттық құрылтайдан соң Мәжіліс қабырғасында Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдады. Президент Ұлттық құрылтайда: «Ең алдымен, халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды. Бұл туралы үнемі айтып жүргенімді білесіздер. Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды. ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Әсіресе, елге сөзі өтетін аға буынның орны бөлек. Олар – қазақтың қаймағы, ұлттың мақтанышы. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Яғни, алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болуы керек. Олар ұрпаққа өнеге болатын кесек әңгіме айтуы қажет. Жазушылар Одағының төрағасы,…

Толығырақ

Қазақстан табиғи уранның барланған қорлары бойынша әлемде екінші орында. Барлық барланған әлемдік қорлардың шамамен 14 % Қазақстан Республикасының жер қойнауында шоғырланған. Елдің жалпы барланған қорлары 700 мың тоннадан астам уран болып бағаланады. 2009 жылы Қазақстан әлемдегі уран өндіру бойынша бірінші орынға шықты және әлемдік нарықта жетекші позицияларды сақтауды жалғастыруда. Қазақстан әлемдік уран өндірудің шамамен 40%-ын өндіреді. 2021 жылы уран өндіру көлемі 21,8 мың тоннаны, 2022 жылы — 21,3 мың тоннаны құрады. Қазақстанда уран өндіру ең экологиялық қауіпсіз және ең аз шығынды әдісі болып табылатын жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен ғана жүргізіледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілген барлық уран әлемдік нарыққа, бірінші кезекте…

Толығырақ

Елшілік құндылықты дамыту және отандық өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Мұнай-газ машиналарын жасауды дамытудың халықаралық орталығы» ЗТБ-ның елдегі мұнай-газ машиналарын жасауды дамытуға арналған жыл сайынғы Форумы және үш Оператордың: «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.», «Карашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» сатып алынатын мұнай-газ жабдықтарының тауарларын көрсету үшін Жәрмеңкесі (Ашық есіктер күні) өтетінін хабарлайды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар, «PSA» ЖШС, Операторлар, IMB Орталық, «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ, отандық тауар өндірушілер өкілдері, сондай-ақ мамандандырылған бірлестіктер мен даму институттарының өкілдері қатысады. Іс-шара 2024 жылғы 8 сәуір мен 12 сәуір аралығында Атырау қ.,…

Толығырақ

Сейсенбіде Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алқа отырысы барысында ведомствоның 2023 жылғы жұмысының қорытындылары туралы есеп беріп, ағымдағы жылға арналған жоспарларын айтты. Министрдің мәліметінше, 2023 жылы ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға (немесе 28% — ға) өсіп, 2,2 млн.тоннаны құрады. Бүгінгі күні -ға белгіленген шекті көтерме баға оны өндіру құнынан төмен. СМГ өндірісінің өзіндік құны тоннасына 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өзгереді. Өндіруші зауыттар үшін бекітілген шекті көтерме баға ҚҚС есептемегенде тоннасына 40 320 теңгені құрайды. «Сұйытылған мұнай газ өндірісінің тиімсіздігіне байланысты сала шығынға ұшырайды, тұрақты жөндеу жұмыстары жүргізілмейді және жаңғыртуға қаражат салынбайды»,…

Толығырақ