Автор: asylbek

2024 жылғы 18-20 наурызда ҚР Энергетика вице-министрі С.К. Есімханов бастаған қазақстандық делегацияның энергоөткізу бойынша кезекті-оныншы Берлин диалогына қатысу үшін жұмыс сапары өтті. Энергетикалық ауысу бойынша 10-шы Берлин диалогы шеңберінде Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов «жасыл сутектегі орнықты даму стандарттары» панельдік сессиясына қатысып, онда Қазақстан Үкіметінің 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу және Қазақстан экономикасын декарбонизациялау бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы айтты. «Біз жасыл сутектің парниктік газдар шығарындыларын азайтуға, әсіресе өнеркәсіп, көлік және энергетика сияқты жоғары көміртекті секторларда үлкен әлеуеті бар екенін түсінеміз. Сутегі өндірісінің жоғары әлеуетін ескере отырып, бүгінгі таңда Қазақстан сутегі энергетикасының болашағын айқындайтын құжат әзірлеуде», -…

Толығырақ

Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сейсенбіде өзінің әріптесі-Әзірбайжанның Энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен кездесу өткізді. Кездесу Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысының қорытындысы бойынша өтті. Кездесу барысында тараптар елдердің энергетика, қазақстандық мұнай транзиті, жаңартылатын энергия көздерінің ауқымды жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастығына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылдың қараша айында «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) және SOCAR компаниялары арасында Ақтау-Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша мұнай транзиті туралы келісімге қол қойылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан мұнай жөнелту Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында 1 057 мың тоннаны құрады. 2024 жылға қазақстандық мұнайды БТД арқылы жылына 1,5 млн. тонна көлемінде…

Толығырақ

Атырауда өткен үшінші жалпыұлттық құрылтайдан кейін президент айтқан сөздер БАҚ-та кеңінен тарады. Солардың ішінде ең көп талқыланғаны елтаңбаны өзгерту туралы ешкім күтпеген ұсынысы болды. Ulysmedia.kz сайты анықтағандай, Тоқаевтың сөйлеген сөзінен әркім өзі қалағанның бәрін таба алады. Анау Шыңғысхан, сопылық дәстүр, ұлттық қозғалыс пен заманауи мәдениет қайраткерлерін мадақтау, суды үнемдеу және қоқыс өңдейтін зауыттар салу қажеттілігі – бәрі-бәрі бар. Басқа-басқа, мемлекеттік Елтаңбаны өзгерту жайлы айтқанды елді елең еткізді. «Күрделі» Елтаңба — Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз…

Толығырақ

Екінші деңгейлі банктердегі несиелер бойынша жалпы қарыз 2024 жылдың қаңтарында 18,2 трлн теңгені құрады. Несиелердің барлығы дерлік теңгемен берілген. Қарыз сомасы соңғы екі жылда күрт өскен. Мысалы, 2022 жылдың 1 қаңтарында қазақстандықтардың банктерге берешегі 10,7 трлн теңге, ал 2023 жылдың 1 қаңтарында 14,1 трлн теңге болған. Көш басындағылар кімдер 18,2 трлн жалпы қарыздың 5 трлн. алматылықтардың мойнында. Яғни, алматылықтар қарыз тізімінде бірінші орында тұр. Екінші орында 2,9 трлн берешегі бар астаналықтар келеді. Еліміздің үшінші мегаполисі атанған шымкенттіктер бұл сайыста «қола» медальге қол жеткізген. Олардың қарызы – 1,3 трлн теңге. Мәселе бұл қалаларда несиенің көбірек алынуында емес, халықтың тығыз орналасуында және…

Толығырақ

Оқу-ағарту министрлігі педагог лауазымдарының тізіміне толықтырулар дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Атап айтқанда, тізбеге педагог-кәсіптік бағдар беруші мамандығы қосылады. Түсіндірілгендей, педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымын енгізу болашақ мамандықты саналы түрде таңдау үшін оқушыларды ерте кәсіптік бағдарлау бойынша жұмысты үйлестіру үшін қажет. Құжат 8 сәуірге дейін ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Толығырақ

Ауыл шаруашылығы техникасының тозуы өткір проблема күйінде қалып отыр. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. «Қазіргі таңда жалпы техника паркінің шамамен 75%-дан астамының тозығы жеткен. Бұл мәселе де тиісті шешімді талап етеді. Диқандардың жаңа техниканы сатып алуын жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту қажет. Аталған мәселені шешу үшін фермердің өзі төлеп келген алғашқы 15% жарнаның орнына тікелей лизингтік компанияға инвестициялық субсидия салынуға тиіс», — деді ведомство басшысы.

Толығырақ

Қазақстанда биыл шілдеде Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына әзірге 30 жолдама ғана бар. Спорт министрлігі олимпиадаға 80 жолдама алуды көздеп отыр, бірақ ведомство алтын медаль мен жүлде саны бойынша болжам жасаудан тартынады. Сарапшылар Токио-2020 ойындарындағы сәтсіздіктен соң жанкүйерлер құрама алтын жүлде алады деп үміттенетінін, алайда қазір елде «олимпиада алтынын алады-ау» дейтін фавориттер жоғын айтады.

Толығырақ

Клиенттер мен жүргізушілердің диалогы әлеуметтік желіде тарады. «Егер тәжік болсаң, мен сенімен бармаймын. Сапардан бас тарт», – деп жазған клиенттердің бірі. Ал жазылушылардың бірі «Крокустағы» қырғынды ұйымдастырғандардың да мақсаты осы екенін айтты. Сөзінше, бұл жағдайдан кейін ұлтаралық қарым-қатынас ушығып кеткен.

Толығырақ

«Сондай-ақ сапалы тұқым қоры мен тұқымның импортына тәуелділік бойынша да проблемалар жеткілікті. Әсіресе, бұл ұсақ және орта шаруашылықтар үшін өзекті болып отыр. Фермерлер жақсы тұқымға қол жеткізу мүмкін еместігін айтып, шағымданады. Азық-түлік корпорациясы жинақталған қордан кемінде 200 мың тонна тұқымды мұқтаж фермерлерге тауарлық несие түрінде бөлуі керек. Біздегі климаттық жағдайларға төзімді, өзімізде шығарылатын тұқымдық қордың көлемін ұлғайту қажет».

Толығырақ