Автор: asylbek

: Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету егіс науқанына тікелей байланысты «Биылғы астықтың бітік шығуы егіс науқанын сапалы әрі уақтылы жүргізуге байланысты. Бұл – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар маңызды науқан. Көптеген зардаптардың алдын алып, оның салдарын барынша азайтуға болатын еді. Құрғақшылыққа төзімді сорттар бар. Суармалы алқаптарды кеңейту қажет. Әр өңірге егіс алқаптарын әртараптандыру және қажетті статистикалық деректерді жаңарту индикаторлары әр өңірге жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыс ай сайын Үкіметте қаралатын болады», — деп атап өтті Қазақстан Премьер-Министрі. Көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай өткізу үшін Үкімет қажетті шараларды қабылдады. «Кең Дала» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен 140 млрд теңге кредит беріледі. Сондай-ақ жергілікті бюджеттерден…

Толығырақ

Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев шаруаларды арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады. Энергетика министрлігінің басшысы жыл басында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 340,3 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесі бекітілгенін хабарлады. Бұл ретте баға 2023 жылдың деңгейінде барлық 20 өңірде – ҚҚС-пен 250 теңге/литр қалды. Бұл бөлшек саудадан 15%-ға немесе 45 теңге/литрге төмен. Егіс науқаны кезінде дизель отынының қозғалысын бақылау мен ашықтықты қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданды. Олардың қатарында: Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден дизель отыны үшін жеке ПИН-кодтар алу; дизель отынын сары, көк және қызыл түске бояу; Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер операторларының ЭШФ АЖ жүйесінде АШТӨ дизель…

Толығырақ

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Премьер-Министр Олжас Бектеновке шаруалардың тыңайтқыштарды пайдалану деңгейін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Облыстар әкімдіктерінің жедел деректері бойынша 2024 жылғы егінге 2,4 млн тонна тұқым қажет, биылғы жылдың 26 наурызында оның 97% себілген. 2024 жылға облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 12,8 млрд теңге көзделген. Өңірлерге ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдарының үлес салмағының жоспары туралы ақпарат берілді. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық өңірге тыңайтқыштарды қолдану бойынша индикаторлар жеткізілді. Биылға шамамен 1,5 млн тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр, бұл ғылыми қажеттіліктің 46%-ы. Оларды қолдану деңгейін арттыру үшін мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдауда», —…

Толығырақ

ҚР Үкіметінің отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егіс науқанына дайындық барысы туралы баяндады. АШМ мәліметі бойынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс алқабы 23,8 млн гектар болып отыр. Бидайға 13,3 млн гектар егістік алаңдары бөлінген. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар және жоғары рентабельді дақылдар алаңдарын ұлғайту жоспарлануда. «Майлы дақылдар алаңын 385 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда, бұл жалпы егіс алаңын 3,2 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 60 мың гектарға ұлғайтып, 1,2 млн гектарға дейін жеткізу күтілуде», — деді министр. Суармалы сумен қамтамасыз етуде туындайтын проблемаларды ескере отырып, ылғалды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын қысқарту бойынша жұмыстар…

Толығырақ

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 800 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 131,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (49,6%) Қытайдан, 31,9% – Өзбекстаннан, 6,8% – Түрікменстаннан, 6,5%  – Моңғолиядан, 3,9% – Ресейден  және 1,3% басқа елдерден. Осы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,9%-ды және зейнеткерлер 9,4%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,9%-ы жоғары білімді, 21,3%-ының орта кәсіптік білімі бар, 55,3%-ы жалпы орта білімді, және…

Толығырақ

KAZINFORM — Жапония үкіметі қорғаныс техникасын экспорттауға қойылған шектеулерді жеңілдететін қарар қабылдады, бұл елдің басқа елдерге Ұлыбритания және Италиямен бірлесіп жасап жатқан соңғы жойғыш ұшағын жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы елдің Министрлер кабинеті хабарлады, деп жазады ТАСС. Премьер-министр Фумио Кисидо бастаған үкімет отырысында қорғаныс техникасы мен технологиясын экспорттау ережелерінің жаңартылған нұсқасы бекітілді. Осы айдың басында Жапонияның билеуші ​​​​Либералдық-демократиялық партиясы мен оның кіші коалициялық серіктесі Комэйто партиясы заңнамаға сәйкес түзетулер енгізу қажеттілігі туралы келісті. Бірақ экспортқа рұқсат етілетін елдердің тізімі шектеулі. Оған халықаралық келісімдердің қатысушылары — Жапония қорғаныс технологиялары мен жабдықтарын бере алатын мемлекеттер ғана кіреді. Сондықтан оларды БҰҰ Жарғысының мақсаттары…

Толығырақ

AZINFORM — Батыс Қазақстан облысында қарқынды еріген қар суы аудандық маңызы бар екі жолдан тасып ақты. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 наурыз күні Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округі Әтібек қыстауы маңында Жұбан-Сайқұдық жолының 7-шақырымында болды. Жолдың осы тұсында 1 мың мм-дан 3 су өткізгіш құбыр бар. 2023 жылы инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес тағы бір құбыр қосымша орнатылды. Су шайған учаске лента және жол белгілерімен қоршалған. Айналма жол бар. «Сондай-ақ 25 наурыз күні Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округінде Жәнібек-Талов-Сарыөзен жолының 3 ойпатты учаскесін су шайып кетті. Мұнда да зардап шеккендер жоқ. Көлік қозғалысы бұзылған жоқ. Су шайған…

Толығырақ

Мақта алқаптарын 16 мың гектарға, ал күріш алқаптарын 6,4 мың гектарға қысқарту болжанып отыр.Ал азықтық дақылдар алаңы 68 мың гектарға ұлғайтылып, 3,2 млн гектарға дейін жеткізіледі.Ауыл шаруашылығы министрі үкіметте есеп берді.

Толығырақ

«Кейбір БАҚ-та Атырау мұнай өңдеу және Павлодар мұнай-химия зауыттарын жекешелендіру жоспарланып отырғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеймін. Бұған қатысты келіссөз жүргізілген емес», — деді ұлттық компания басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев. ҚМГ мұнай өңдеу зауыттарында барлық өндірістік процесс штаттық режимде жүріп жатыр.

Толығырақ

Бұл туралы ТЖД хабарлады. Қостанай облысы Арқалық қаласының Жаңа, Отан, Солтүстік, саяжай елді мекендерінде 20 аула аумағы, оның ішінде 12 жеке тұрғын үйді су басты, — делінген хабарламада. ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізіп жатқанын да жазды.

Толығырақ