- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: asylbek
Жер-жаһанды жаулап жатыр. Оның жарқын, тартымды стилі, 64 МП ультра анық үш камерасы және 120 Гц жиілікті жақтаусыз AMOLED дисплейі – көздің жауын алып, интеллектуалды мүмкіндіктердің жаңаша үйлесімдігіне жол ашады. Ocean Blue көгілдір түстері жарқырап, көздің жауын алады. Шаң мен су тамшыларына төзімді. Palm Green-де Reno11 F 5G зүмірет пен қою жасыл реңктерінің жұқа жылтыр қабаттары эксклюзивті OPPO glow технологиясын қолдана отырып жасалған. Онда кішкентай жарқыраған кристалдар микро деңгейінде ойылып, тек жылтырап қана қоймай, беттің жұмсақ және тегіс болуын қамтамасыз етеді. IP65 бүркін тамшыларына төзімді келуі Reno 11 F 5G-дің терлемей, нөсерлі жауынға да төтеп беруіне төзімді етеді. Тіпті, шаң…
Стокгольм халықаралық бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының мәліметтері бойынша, мемлекеттің өз әскеріне және сыртқы қауіптерден қорғау бағыты бойынша жұмсайтын қаражаты Қазақстанда төртінші жыл қатарынан азайып кеткен. Қорғаныс бюджетінің көлемі бойынша Қазақстан экономикалық дамыған мемлекеттер мен әскери күші жоғары елдерден алыста тұр. Ал ешқандай соғыс қаупі жоқ дамыған елдердің көрсеткіштері бірнеше есеге көп. АҚШ- 831,8 миллиард доллар; Қытай — 227 миллиард доллар; Ресейдің — 109 миллиард АҚШ долларын әскери қорғанысқа жұмсаған. Ал Қазақстан өз қорғанысы саласына 7,5 миллиард АҚШ долларын бөлген.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында 2023 жылы киік етінен қанша консерв жасалғанын мәлім етті. «2023 жылы киік етінен 5 425 килограмм консерв өндірілді. Киік етінің консервісі Қостанай облысында (Қостанай және Арқалық қалаларында), Астанда сатылды», — делінген жауапта. Сондай-ақ, жауапта киік етін консервілеумен жалғыз кәсіпорын ғана («Торғай ет» ЖШС) айналысқаны айтылған. Бұл кәсіпорын киік етін консервілеуді 2023 жылдың желтоқсан айында тоқтатқан. «Ет өңдеуші кәсіпорындар киік етін қайта өңдеуді мақсат етіп отырған жоқ. Өйткені олар негізінен ірі қара мен ұсақ малдың етін өңдеуге бағдарланған», — деп жазылған министрлік мәліметінде.
Математика пәнінің мұғалімі жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған қызға зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған 39 жастағы ер адамға қатысты іс қаралды. Жабық режимде өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Ж. есімді ер адамға өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы тарап өз кезегінде сотталушының әрекетін Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі (Кәмелетке толмағанға белгілі адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және 122-бабының 2-бөлігі (Жыныстық қатынас және он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер) бойынша саралауды…
Сәуір айында Түркияның Сауда министрлігі Газа секторында атысты тоқтатуды және аймаққа гуманитарлық көмектің кедергісіз ағынын қамтамасыз етуді талап етіп, Израильге 54 санаттағы тауар экспортына шектеу қойды, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі. Түркия Израиль армиясының Газа секторындағы әскери операциясына байланысты Израильден тауар импорттау және экспорттауды толығымен тоқтатты. Бұл туралы 2 мамыр, бейсенбі күні есімдері аталмаған екі түрік шенеунігіне сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі хабарлады. Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Кац Анкарамен сауда-саттықты тоқтату туралы ақпаратты растады. Кац X әлеуметтік желісінде Түркияның бұл шешімі – түрік халқы мен бизнес өкілдерінің мүдделерін елемеу, халықаралық сауда келісімдерін елемеу деп жазды. Оның айтуынша, Израиль Түркиямен сауда-саттыққа дереу балама…
Қытай «Чанъэ-6» ғарыш миссиясының ұшырылғанын жариялады. Оның аясында кейінгі зерттеулер үшін Айдың аз зерттелген жағынан алғаш рет топырақ жиналады, деп хабарлайды Еuronews. Қытай Айдың арғы жағына қонып, оның бетінен топырақ үлгілерін жинауы керек зондты іске қосты. 53 күндік миссия ғарышты игеру тарихында алғаш рет орындалып отыр. «Чанъэ-6» зонды бар зымыран тасығыш Хайнань аралындағы «Вэньчан» спутниктік ұшыру орталығынан жұма күні шығыс Еуропа уақытымен сағат 17:27-де ұшырылды. Жоспарға сәйкес, ғарыш аппараты Ай орбитасына жетіп, содан кейін оның қону модулі Оңтүстік полюс-Эйткен бассейніне қонады. Бұл – Айдың Жерден ешқашан көрінбейтін және аз зерттелген алыс жағы. «Чанъэ-6» бұрғылау қондырғысы мен роботтандырылған шөміш құрылғысының көмегімен шамамен…
Бүгінде елімізде су тасқынынан зардап шеккен 5 961 адам әлі күнге дейін эвакуациялау пункттерін паналап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп айтты. Белгілі болғандай, 8 189 тұрғын үй мен 2 977 аула аумағынан су сорылып, сыртқа шығарылған. 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселген. Су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр. «Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Жайық өзені жағасының сумен шайылуының алдын алу үшін мұнай-газ компаниясының күштері мен құралдары жұмылдырылып, ұзындығы 600 метр теңіздің бөгегіш бондары жағаға жақын орнатылды», -…
Қырғызстанның денсаулық сақтау министрінің мәлімдеуінше, 3 оқушыға ота жасалды, деп жазды @Sputnik_Kyrgyzstan. 20 бала ауруханада жатыр, оның 5-уі ауыр халде жансақтау бөлімінде. Садыр Жапаров өз қорынан ауыр жарақат алған әр балаға 200 мың сом, ал қалған зардап шеккендерге 50 мың сом бөлуді тапсырды. Кеше Қырғызстанда балмұздақ сататын көлік балаларды қағып кеткені хабарланған болатын. Оқиға Созақта бұқаралық шара кезінде болды.
Дәрігер «Мы мертвых не возим» дегенде баламның өлгенін бір-ақ білдім, дейді жасөспірімнің әкесі Тоқтасын Орманов АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқушы қайтыс болды. Марқұмның ажалы соққыдан болды дейді отбасы. Sputnik Қазақстан тілшісі жасөспірімнің ата-анасынан мән-жайды сұрап білді. Қайғылы оқиға 29 сәуірде Құмжота ауылында болған. «Сағат таңғы 9:30 шамасында сынып жетекшісі қоңырау шалып, «Мирас мектепте талып қалды, тезірек келіңіздерші» деді. Сәлден соң «амбулаторияға апарамыз, сол жерге келіңіздер» деп қайта хабарласты, онда барсақ ешкім жоқ. «Қайдасыңдар» деп сынып жетекшісіне қоңырау шалсам, мектептеміз дейді. Барсақ баламды бір бөтен көліктің артқы жағына жатқызып қойыпты, оны әйелім кроссовкасынан танып қойды», — дейді қайтыс болған…
Ақтөбе облысы бойынша 909 бас мал үшін иелеріне 144,3 млн теңге өтемақы берілді. Арнайы комиссия әлі де жұмысын жалғастырып жатыр. Ақтөбе облысы бойынша бүгінге дейін 3232 бас мал шығыны бар деп есептеліп отыр. Бүгінде мал өлекселері түгел жойылды. — Бүгінгі күні 909 бас малға 144,3 млн теңге төленді. Тасқын салдарын жою мақсатында құрылған арнайы комиссия әлі де жұмыстарды жалғастырады. Шығынды есептеумен қатар өтеу де қолға алынған. Айта кетейік, су тасқыны кезінде қырылған мал өтемақысын төлеудің алгоритмі бар. Ол үшін өлексесі, сырғасы болуы керек әрі ауыл шаруашылығы базасында тіркелгені расталады. Статистика департаментінің аудандық филиал өкілдері малдың жас ерекшелігіне байланысты нарықтық бағаны айтады. Сол дерекке сәйкес малдың өтемақысы…