- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңару мен жаңғырудың символына айналған Наурыз мейрамы биыл қоғам дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанымызды білдіретінін атап өтіп, барлық азаматтың жүрегінен орын алатын іргелі құндылықтардың айқындалғанына назар аударды – . Бұл – Әділетті Қазақстанды құру. Біз адал еңбек етіп, адал табысқа жете алатын әділ қоғам орнатуымыз керек. Мұндай қоғамды адал азаматтар қалыптастырады. Бір сөзбен айтсақ, әділдік пен адалдық – әрдайым қатар жүретін егіз ұғым. Сондықтан біз құрып жатқан қоғамда баршаға бірдей мүмкіндік беріледі. Әділетті мемлекет – бұл заң мен тәртіп үстемдігі. Озық мемлекет болу үшін бәріміз тек жарқын болашаққа сеніммен қарауымыз керек. Біздің үмітіміз – жастар. Қазақстанның келешегі сіздердің…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы «Абай» алаңында өтіп жатқан халықаралық «Наурыз Фест» фестиваліне барды. Бұл шығармашылық шара Наурыз мейрамын тойлайтын елдердің – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркия, Моңғолия және Башқұртстанның мәдениеті мен дәстүрін бір шаңырақ астына біріктірді. Шетелдік қонақтар өздерінің декоративті-қолданбалы өнер туындыларын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстырып, халық әндерін шырқады. Алаңда шараға қатысушы елдердің шатыр-шеберханалары, ұлттық тағам павильондары, киіз үйлер тігілген қазақ этноауылы, интерактивті алаңқайлар, балалар шығармашылығы және роботты техника аймағы, инсталляциялар, шағын сәулет нысандары мен композициялар орнатылған. Фестиваль бағдарламасы аясында музыкалық ұжымдар шеруі, театрландырылған қойылымдар, отандық және шетелдік қолөнершілер жәрмеңкесі және «Қамшы» атты көрме ұйымдастырылды. Мемлекет басшысына оқушылардың роботты…
Атап айтқанда, көптеген жылу орталығы және инженерлік желілер жаңғыртылады, 12 мың шақырым жол салынып, жөнделеді. Сонымен қатар 300 мың адам табиғи газдың игілігін көре бастайды және ауыл мен аудан тұрғындары үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспайтын болады. Ал жалға берілетін баспана саны бірнеше есе көбейеді. – Мұның бәрі халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етері сөзсіз. Елге, халыққа арналған осындай игі шаралар міндетті түрде жалғасын табады. Баршаңызды бүгінгі Көктем мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!…
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңару мен жаңғырудың символына айналған Наурыз мейрамы биыл қоғам дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанымызды білдіретінін атап өтіп, барлық азаматтың жүрегінен орын алатын іргелі құндылықтардың айқындалғанына назар аударды – Еліміздің алдында биік мақсат тұр. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру. Біз адал еңбек етіп, адал табысқа жете алатын әділ қоғам орнатуымыз керек. Мұндай қоғамды адал азаматтар қалыптастырады. Бір сөзбен айтсақ, әділдік пен адалдық – әрдайым қатар жүретін егіз ұғым. Сондықтан біз құрып жатқан қоғамда баршаға бірдей мүмкіндік беріледі. Әділетті мемлекет – бұл заң мен тәртіп үстемдігі. Озық мемлекет болу үшін бәріміз тек жарқын болашаққа сеніммен қарауымыз керек. Біздің үмітіміз –…
Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» алаңында өтіп жатқан мерекелік іс-шарада Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы өз сөзінде төл жаңа жылымыз Наурыз мейрамын ата дәстүрімізге сәйкес барша жұртымыздың бір ел, бір халық болып қарсы алатыны жөнінде айтты. – Бабаларымыз ежелгі заманнан бері Ұлыс күнін жыл басы ретінде атап өткен. Қазір Әз Наурыз күллі халыққа ортақ жалпыұлттық мерекеге айналды. Оны ұлтына, дініне қарамастан барша жұртымыз ерекше күтеді, бірге атап өтеді. Дана халқымыз «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтпаған. Жаңа жылды жақсы ниетпен, пайдалы іспен бастау – талайдан қалыптасқан дәстүр. Бұл күні қонақжай жұртымыз ақ…
Астана қала тұрғындарын тасымалдау саласына тартып жатқан инвестиция мен салып жатқан қаражат көлемінен әлем елдерінің алдына шықты десек артық айтқандық болмас. Бірінші несие бюросының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың ақпан айында 30,8 млрд тенге негізгі инвестициялық қаражат тартылған. Мұндай қаражат 2018 жылдан бері жұмсалмаған екен. Бұл бұрыңғы тартылған инвестициялық сомалардың жиынтық көрсеткіші де болуы мүмкін. Дегенмен, экономикалық зерттеу институтының деректеріне сүйенсек, өткен жылы жол-құрылысы саласына 421 млрд тенге игерілген. Бұл Алматы қаласында жолдарға жұмсалған қаражаттарға қарағанда үш есеге көп. Қала әкімі Ж.Қасымбек LRT құрылысын аяқтау үшін алдағы уақытта қосымша 250-300 млрдқа жуық қаражат қажет болуы мүмкін деген еді. Қазіргі таңда әкімдік…
Наурыз мейрамын тойлау кезінде еліміздің тәртіп сақшылары қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті. Республика бойынша 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қызметке кірісті. Сонымен қатар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйесі арқылы мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда бақылау күшейтілді. Жалпы ІІМ қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуде.
KAZINFORM – Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда көтерген маңызды мәселелер жөнінде Парламенттік тыңдалым өткізілмек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында палата спикері Ерлан Қошанов айтты. «Археология, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік наградалар саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмысы күтіп тұр. Мәселен, кейінгі күндері қоғам қызу талқылап жатқан Герб мәселесі өзекті болып отыр. Шынтуайтында, аталған мәселенің талқыға түсуі – қоғамдағы пікір алуандығының көрінісі. Қолданыстағы Гербтің бейнесіне байланысты жастар, қоғам белсенділері тарапынан көтерілген ұсынысқа Президентіміз құрылтайда өз пікірін білдіріп, ортақ, байыпты шешімге келуге шақырды. Мемлекет басшысы осылайша Герб мәселесін ашық талқылауға шығарып отыр», — деді Ерлан Қошанов. Осы орайда палата спикері жалпы жұртшылықпен бірге, мемлекеттік символиканы зерттеп…
Қазір бүкіл ел ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Самат Әбішке 8 жыл бас бостандығын шектеу туралы және ІІМ-нің экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша шулап жатқанда, одан да қызықты сенсация болып жатыр. Марат Осипов — Кәрім Мәсімовтің үш орынбасарының бірі бостандыққа шығып үлгерді. Белгілі болғандай, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары: Дәулет Ерғожин, Әнуар Садықұлов және Марат Осипов 2021 жылғы қаңтарда мемлекеттік төңкеріс әрекетін ұйымдастырғаны үшін сотталған болатын. Осы төрт құқық қорғау органының ішінен Марат Осипов ең қысқа мерзімге ие болды, Ол тергеуге белсенді көмектескені үшін жазасын ауыстырған сияқты. Енді бұрынғы чекист мерзімінің көп бөлігін өтегендіктен жазасын…
KAZINFORM — Статистикалық дерекке сәйкес, елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келе жатыр. ҚР Туризм және Спорт министрлігі мәлім еткендей, 2022 жылы ел бойынша Ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде шұғылданатындар саны 584,1 мың адамды құраса, 2023 жылғы көрсеткіш 619,2 мың адамға дейін өскен. Сәйкесінше, секцияларда дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 8,7% құрады. Қазіргі таңда Ұлттық спорт бойынша 1 488 жаттықтырушы жұмыс істейді, оның ішінде 928 бапкер ауылдық жерлерде еңбек етеді. Елімізде жыл сайын қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, бәйге, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек сияқты ресми түрде Ұлттық спорт түрлерінің тізіміне енген…