Автор: baimedia

Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина салдырудың немесе ревакцинация жасаудың қажеті жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы (ДДСҰ) бойынша бүгінде халыққа коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға немесе ревакциянация жасатудың қажеті жоқ. Тек халықтың осал топтарына, егде жастағы адамдарға екпе салуға болады. Бірақ мұны да эпидемиологиялық жағдайға қарай әр мемлекет өзі шешеді», – деді Айжан Есмағамбетова Сенаттың жалпы отырысынан соң. Оның айтуынша, бүгінде елімізде коронавирусқа қарсы вакцина жоқ. «Қазір COVID-19 вирусына қарсы вакцина жоқ. Ол бізге керек те емес. Эпидемиологиялық жағдай өзгерсе, OtarBioPharm бір айда екпенің керек дозасын шығара алады. Алайда…

Толығырақ

Бүгінде Қызылжарда тұрып, халықты оңтүстіктен солтүстік өңірлерге көшуге үндеп жүрген қоғам белсендісі Бурахан Дақанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, Солтүстік Қазақстанда қазақ мектептері аз екенін, балалар тілінен ажырап бара жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Балалардың «Қ» әрпіне тілі келмейді “Ашынғанда шығады ащы даусым” демекші, мына жағаұстатарлық статистиканы қарап, біздің неге шыңғырып жатқанымызды түсініп көріңіз. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында 458 мектеп бар. Соның 244 мектебі орыс, 105 мектебі аралас және таза қазақ мектебінің саны 109!!! Тіпті Петропавл қаласының өзіндегі 36 мектептің 6-сы ғана қазақ мектебі. Орыс мектебінің саны – 22. Жалпы облыста 75 018 бала сабаққа барса, соның 25 бөлігі ғана, яғни…

Толығырақ

Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы кезінде депутат, эколог Тимур Елеусізов бейәдеп сөз айтып жіберген. Ол баяндамасын оқу барысында кейбір сөздерді айтуға қиналып қалған. Отырыстан кейін халық қалаулысы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 80 мың айыппұл төлейтін болды. Бүгін депутат өзінің Instagram-дағы парақшасында полиция бөліміне барып, түсініктеме жазғанын айтты. «Бүгін мәслихат сессиясында эмоциямды ұстай алмай қалдым. Ыңғайсыз жағдай болды. Мен де сіздер секілді қарапайым адаммын. Ерсі қылығым үшін Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Маған сенетін және жақсылыққа сенетін барлық адамдарға алғысымды білдіргім келеді. Жалғыз емес екенімді сезгенімен қуаныштымын», – деді Тимур Елеусізов әлеуметтік желідегі парақшасында. Ол халықтан кешірім сұрап, видео түсіріп, елде…

Толығырақ

«Голос Америки» басылымының  жазуынша, Джо Байден марқұм оппозиционер Алексей Навальныйдің жесірі Юлия Навальнаямен және қызы Дарья Навальнаямен кездесті. АҚШ президенті оларға қайғыра көңіл айтты. «Бүгін Алексей Навальныйдың жақтастары мен оның ісін жалғастырушыларға қайғыра көңіл айтамын. Олар Путиннің оппозицияға қысым көрсеткеніне қарамастан оның ісін жалғастырып жатыр. Ең алдымен, Алексейдің Ресейдің жақсы болашағы туралы арманын қостаған отбасының қайғысына ортақпын. Алла Алексей Навальныйды рахымына бөлесін!», – деп жазды Джо Байден Х парақшасында. Ақ үйдің хабарлауынша, Калифорниядағы кездесу барысында Байден Навальныйдың «заң үстемдігі барлығына бірдей қолданылатын еркін және демократиялық Ресей үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы ерекше батылдығына» таңданысын жасырмаған. Бұдан бөлек, Байден жұма күні АҚШ…

Толығырақ

Алматы облысында әжетханадағы даулы видеодан кейін полицей қызметінен айырылды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, видеоролик әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықталған. «Аталған факт бойынша Алматы облыстық полиция департаменті басшысының бұйрығымен қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша аталған қызметкерлер жұмыстан босатылды, ал басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Айта кетейік, бұған дейін даулы видео интернетте тараған. Видеода ер адамның камерасын қосып, дәретханаға кіріп келген сәтте ішінде ер адам мен полиция қызметкері бар екені анық көрініп тұр. Видео авторы тәртіп сақшысынан қолында не бар екенін көрсетуді сұрап, видеоның үшінші кейіпкерінен неліктен ыдысқа зәр шығаруға мәжбүрлегенін сұраған. Сол кезде полицей мұны…

Толығырақ

Мемлекет басшысы Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады. Азимованың айтуынша, былтыр Конституциялық Сотқа бес мыңнан астам өтініш, оның 99 пайызы азаматтардан келіп түскен: – азаматтар өз өтініштерінде сот актілеріне, лауазымды тұлғалар мен судьялардың іс-әрекеттерінің заңдылығына, қылмыстық жазаның түрлері мен шарттарына, қылмыстық қудалау кезінде адам құқықтарының сақталуына, еңбек және әкімшілік-құқықтық қатынастарда құқықтың қорғалуына қатысты мәселелерді көтерген. Конституциялық іс жүргізу аясында азаматтарға кепілді заң көмегін беру шарттары, сондай-ақ құқықтық мониторинг пен заң шығару қызметі шеңберінде Конституциялық Сот қабылдаған шешімдерді және сот практикасының шолуын ескеру туралы ұсыныстар қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр; Былтыр 558 құқық нормасы тексеріліп, нәтижесінде 29 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер…

Толығырақ

Жат ағымдағы адамдардың мақсаты билікке барып, өз идеологиясын тарату. Бұл туралы ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді. Атырауда өткен «Ислам экстремизмге қарсы»  атты ғылыми конференцияда ол қазақтың дәстүрін жоққа шығарып, ел ішіне іріткі салуға тырысатындар жайлы айтқан. «Жат ағымдағылар бұл әлемді өз қалауына қарай өзгертуге тырысады, дәстүрлі құндылықтарды толығымен жойып жібергісі келеді. Радикализм мен экстремизмге жетелейді. Осы ретте айта кету керек, деструктивті ағымдар тек ислам дінін жамылып, өз ниеттерін жүзеге асырмайды, жат ағымның протестанттық және шығыстық түрлері де бар. Ең қызығы, жат ағымдардың қаражат табу, билікке бару, өз идеологиясын тарату сынды көздеген мақсаты болады», – деді бас мүфти.  Фото: ҚМДБ

Толығырақ

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Орал ЖЭО-да тозуды азайту жұмыстарының қарқынын тексерді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласының коммуналдық-энергетикалық секторындағы бірқатар нысандарды аралап, инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Сапар барысында Үкімет басшысы 1961 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Батыс Су Арнасы» сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорнында болды. Орал қаласы ауыз суды негізінен Жайық өзені және жерасты көздерінен алады. 2023 жылы 6 су ұңғымасының құрылысы аяқталған. Сондай-ақ қазір жұмыс істеп тұрған су тазарту қондырғысының әбден тозығы жеткен. Олжас Бектенов өңір басшылығының назарын тұрғындар тарапынан, әсіресе жаз айларында ауыз су тапшылығына қатысты арыз-шағымдарға аударып, су…

Толығырақ

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 12 жылға сотталды. Бүгінде экс-министрдің ісіне қатысты тергеу аяқталып, пікірталас басталды. Прокурор Олжас Хайруллаев сотта сөйлеген сөзінде айыптау тарап Арыстанбек Мұхамедиұлы мен қалған алты айыпталушыға екі бап бойынша бірлескен іс жүргізу аясында жаза сұрап отырғанын жариялады: Оның айтуынша, «Алтын адам шеруі» көрмесін өткізу мен Астанадағы «Дипломат» қонақ үйін сатып алу кезіндегі заң бұзушылықтар, рейдерлік әрекеттер бойынша Арыстанбек Мұхамедиұлын кінәлі деп тануды сұрады. «Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен 12 жылға бас бостандығынан айырылады. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады» деді Олжас Хайруллаев. Фото: Orda.kz

Толығырақ

Қазақстанда былтыр алимент төлемегені үшін 6 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 300-ге жуық іс сотқа жолданды. 24 kz ақпаратынша, қазақстандықтардың алимент төлемеуінің басты себебі – жұмыссыздық немесе мүлкінің болмауы екен. «Сонымен қатар кейбір алимент төлеушілер нақты қаржылық мүмкіндіктері болса да балаларын асыраудан әдейі қашады немесе мүлкін жасырады. Алимент өндіру бойынша сот орындаушылар барлық шараларды қолданады. Кей жағдайларда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіру қиынға соғады», – дейді әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли. Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, алимент төлемеген 15 мыңға жуық азаматқа елден шығуға тыйым салынды. Жақында Қазақстанда мемлекеттік алимент қорын құру ұсынылды. Фото: rsk.almaty.kz

Толығырақ