Ақтөбе қаласының №2 соты Ақтөбе қаласының №55 мектеп-гимназиясының бас бухгалтеріне қатысты үкім шығарды. Алдын алу шаралары аясында сот процесі ашық режимде жүргізілді. Сот процесіне онлайн режимде білім басқармасы мен бөлімдерінің қызметкерлері, оның ішінде Ақтөбе облысының 403 қалалық және аудандық мектептерінің директорлары, бухгалтерлері, педагогикалық құрамы қосылды. «Ақтөбе қалалық мектебінің бас бухгалтері аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Ол 8 жыл бойына өзінің банктік шотына жалақы ретінде заңсыз аударымдар жасаған, нәтижесінде мемлекетке 413,8 млн теңге сомасында залал келтірілді», – деп хабарлады Антикор. Тек бір жылдың ішінде ол өзіне 200 млн теңгеден астам қаражат аударған, бұл бүкіл мектептің жылдық еңбекақы қорының…
Автор: baimedia
Жуырда БАҚ-та Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Енді Экология министрі Ерлан Нысанбаев орынбасарының қызметте жүргенін айтты. Министрдің айтуынша, Ошурбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалмаған. «Тергеу аясында оның жұмыс бөлмесінен құжаттар алынды. Ол қазір іс бойынша куәгерлердің қатарында, тергеуге көмектесіп жатыр. Ол қазір жұмыста, қызметте жүр», – деді Ерлан Нысанбаев. Еске салсақ, Мансұр Ошурбаев 2023 жылдың 1 маусымында экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының ресейлік «әйелінен» Мәскеудегі пәтерін тартып алды. Қазақстан билігі экс-президент Назарбаевтың тергеуге алынған туыстарының ғана емес, олардың жақын адамдарының да мүлкін тәркілеуде. Өткен жылдың қараша айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жариялаған видеода агенттік мемлекет пайдасына тәркілеуге қол жеткізген «заңсыз алынған» активтер тізімі берілген. Олардың ішінде Мәскеудегі элиталық «Золотые ключи» тұрғын үй кешенінде №25 пәтер аталды. Аумағы 272 м² және нарықтық құны шамамен 1 млрд теңге болатын бұл екі деңгейлі пәтер соңғы уақытқа дейін Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бейресми әйелдерінің бірі, қалмақ елінің тумасы Марсела Нұрсұлтанның (шын тегі Александрова, басқа тегі Мартиросян) меншігінде болған.…
Алматыдағы балабақшалардың бірінде балалар құрдасын аяусыз соққыға жыққан. Артынша балабақшадағы тәрбиеленушілердің әрекеті әлеуметтік желілерге жарияланып кеткен. Зардап шеккен тараптың айтуынша, оқиға 21 ақпан күні түстен кейін «№ 51 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК-да болған. Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен бұзушылықтар үшін тәрбиешіге қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бақылауды әлсіреткені үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды, – деп хабарлады қалалық Білім басқармасынан. Оқиға туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді. Ата-анасының өтініші бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тәрбиешіге қатысты тексеру жүргізді. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау дерегіне бойынша қылмыстық іс тергелуде, – деп хабарлады…