Елімізде жыл басынан бері жүздеген науқасқа ағза трансплантацияланып, мәйіттік донорға қоғам көзқарасы оңалып келеді. Ал онкологиямен ауыратындар енді шет ел аспай, өзімізде тегін емделе алады. Сондай-ақ Ана мен бала өмірін сақтау көрсеткіштері жақсарды. Отандық медицина саласының өзге де жетістіктері туралы тілшіміздің жыл қорытындысында. Инсульттен өмірден озған ақмолалық 44 жастағы әйелдің ағзалары, жақындарының рұқсатымен донорлыққа берілді. Бүйрегі 15 жастағы қыз балаға трансплантацияланды. Анасының айтуынша, баласының 3 айлығынан бастап бүйрегінде кінәрат бар. Өзі өмірден өтсе де, өзгеге өмір сыйлаған жанға алғыстан басқа айтарымыз жоқ дейді. Гүлжан Толыбаева, реципиенттің анасы: Менің қызымды таңдағанда қатты қуанып, жылап, өз-өзімді ұстай алмай, сондай қатты қуандық. Сене…
Автор: bukebay.dina
Қостанайдағы ауылшаруашылығы техникасын утилизациялау зауыты инвесторлар есебінен іске қосылады. Қазір құрал-жабдықсыз, тек қаңқасы ғана тұрған өндіріс орнына инвесторлар 1,5 млрд теңге салуға дайын. Жоспар жүзеге асса кәсіпорын алдағы жылы жұмысын бастайды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді. Жалпы аграрлы аймақ Қостанай — өндірісті өңірге айналып келеді. Биыл облысқа 500 млрд теңге инвестиция тартылған. Оның 77 пайызы жекеге тиесілі. Осылайша соңғы екі жылдағы шетелдік инвестиция 1 млрд АҚШ долларына жетті. Облыста машина жасау саласында 40 шақты кәсіпорын бар, оларда 7 мыңға жуық адам еңбек етеді. Биыл шойын құю және вагондар серіппесін жасау зауыттары іске қосылды. Ал дәстүрлі аграрлық сала бір…
Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек. Әрі жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстаған жөн. Президент Энергетика министрін қабылдап, осындай міндеттер жүктеді. Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына ведомствоның биылғы жұмыс қорытындысы мен елдегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспарын баяндады. Сондай-ақ мұнай-газ саласындағы ірі жобаларға тоқталды. Министрге инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыру бойынша тапсырма берілді.
Иранда бұрын-соңды болмаған әуе рейсі жасалды. Мешхед қаласына қонған лайнер бортында тек әйелдер болған. Бір реттік ұшақ рейсінде пилот та, экипаж да, сондай-ақ 110 жолаушының барлығы — нәзік жандылар. Мұндай сапар Ұлттық аналар күніне орайластырылған. Осы арқылы Иран әйелдерінің күш-қуаты мен жетістіктерін паш ету көзделген. Президент Масуд Пезешкиан болса, елде гендерлік теңдік, әділдік пен әйелдердің құқықтары мен ішкі және сыртқы саясатта мүмкіндіктерін кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді. Бұған қоса, мемлекет басшысы адам құқықтарының бұзылуы диалог арқылы немесе құқықтық жолмен шешілуі тиіс екенін айтты. Бұған дейін Пезешкиан әдет полициясына әйелдерді орамал тақпағаны үшін мазаламауды, аңдымауды тапсырған еді.
Түркістан облысының Келес ауданында өркениеттен қалыс қалған ауыл бар. Үшағаш елді мекеніндегі асарлатып салған жалғыз мектептің тозығы жетіп тұр. Небәрі үш сынып бөлмесі бар білім ұясында қырықтан аса бала оқиды. Ал жоғары сынып оқушылары үш шақырым жердегі көрші ауылға қатынап жүр. Мұнда тіпті бірде-бір балабақша да жоқ. Жергілікті халық болса өзекті мәселе ондаған жылдар бойы шешілмей келеді, — дейді. Айнұр Әбілқасымқызы тарқатады. Үшағаш ауылының халқы бүгін ескі мектептің алдына кезекті рет жиналды. Барлығы аудан әкімдігінен мектеп салып беруді сұрайды. Себебі сексенге жуық баланың өміріне алаңдаулы. Үш шақырым жердегі білім ошағына қыстыгүні жіберуге қорқамыз дейді. Жол апаты жиілеген шақта аман қайтуын…
Оралда мүгедектігі бар және көпбалалы отбасылардың ұл-қыздарына арналған қала әкімінің жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды. Мерекелік шарада ертегі кейіпкерлері тосынсый жасап, базарлықтарымен қуантты. Жеткіншектер шыршаны айналып, ән шырқап, би биледі. 250-ге жуық балаға әкімдік атынан тәттілер таратылып, сый-сияпат берілді. Аяз ата мен Ақшақар да ұл-қыздарды мерекелік көңіл-күйге бөледі. Балалар сабақтағы, өнердегі жетістіктерін айтып, өлең-жыр оқыды. Жаңажылдық тілектерін айтты. Қанағат Айтжан, оқушы: Бүгінгі шырша мерекесі керемет болды. Маған қатты ұнады. Наруто, жылан, ұлу кейіпкерлері ұнады. Ән айттық, би биледік, бізге тәттілер мен сыйлықтар берді. Айша Жамбылова, оқушы: Менің биылғы жетістігім сабақты 5-ке оқып бітірдім және де көптеген олимпиадада жақсы орын алып,…
Бразилияда жеке ұшақ адамдар тұратын ауданға құлады. Лайнер бортында болған 10 адамның барлығы қаза тапқан. Бұған қоса, ұшақ құлаған ауданда 17 адам жараланды. Марқұм болғандар – 61 жастағы бразилиялық кәсіпкер мен оның 9 отбасы мүшесі. Оқиға елдің Риу-Гранди-ду-Сул штатының Грамаду қаласында болған. Ұшақ көкке көтерілгеннен кейін 3 минуттан соң құлаған. Апат себебі – әзірге белгісіз.
Спорт саласының үздіктері белгілі болды. Туризм және спорт министрлігінің жыл сайынғы дәстүрлі шарасы биыл 20 аталым бойынша өтті. Жеңімпаздарға арнайы мүсінше, диплом мен миллион теңге қаржылай сыйлық табысталды. «Үздік-2024» сыйлығы тек спортшыларды ғана емес олардың бапкерлерін, федерацияны қамтиды. Жылдың қорытынды шарасында елдімекендердегі үздік жаттықтырушылар, спортты дамытуға үлес қосқан меценаттар да құрметке ие болды. Жеңімпаздардың арасында Олимпиада, Паралимпиада, Азия және Әлем біріншілігінің жеңімпаздары да бар. Мәселен, дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов мен Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтярёв – «Жылдың үздік спортшысы» атанды. Айтпақшы, бүгін Давид отау құрып жатыр екен. «Спорттағы үздік серпін» Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекке бұйырды. Ал «Жылдың үздік…
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды. Бұл лауазымға үш үміткер болған. Сайлау қорытындысы бойынша, 36 жастағы Марат Омаров федерацияны басқаратын болды. Марат Омаров — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы. Бұл қызметке ол 2022 жылы тағайындалған. Федерацияның жаңа басшысы Ұлыбританияда, Лондонда білім алған. 24 жасында елге оралып, Экономикалық даму және сауда министрінің, кейін Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына бұл жолы студенттер мен «AMANAT» партиясының өкілдері атсалысты. Олар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, теңіз жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Айта кетейік, аймақта экологиялық шара жаз бойы қарқынды жүрді. Елдімекендерді, туристік жерлерді қоқыстан арылтуға мыңнан астам адам үлес қосты. Гүлшат Арзығұлова, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының кеңесшісі: Барлық қала аумағындағы мекемелер, өндірістік мекемелер болсын басқа да мекемелер осыған атсалысып жатыр. Бүгін кезекті өзіміз алдық. Біздің міндетіміз — осы қала аумағын, өзіміз тұрған жерімізді тазалыққа үндеу.